Курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет12/40
Дата17.04.2022
өлшемі1.36 Mb.
#456709
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Syllabus Заманауи 2022 КИко

Дәріс-11-12
Тақырыбы: Тораптық программалық қамтама. «интерфейс» және «протокол» түсініктері. «Коммуникациялық протоколдар түсінігі». Коммуникациялық протоколдар стегі.
Сағат саны 2
Жоспары:

      1. Протоколдар

      2. Протоколдар стегі

      3. Коммуникациялық протоколдар

TCP (Transmission Control Protocol) – бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс – жіберуші мен процесс – алушының арасын алдын – ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар.
Хабарламаның нақты түрде жеткізілуіне белгіленген функциялар өңдеушілерді қосалқы бағдарламалардан және дейтаграмманы басқару амалдарынан босатады. Хаттама жіберуші мен алушы арасында мәліметтер жіберілуін қамтамасыз етеді. ТСР жалғауды қондыруға бағытталған болғандықтан, дейтаграмманы алған адресат жіберушіге алғаедығы туралы хабар беруі керек. Жалпы жіберуші мен алушы арасында виртуальды канал қондырылады, ол жерде олар хабарламамен алмасады және алғандығы туралы хабар жіберіледі.
Мәліметтерді алмасу процесі машина – жіберуші және машина – алушы арасында жалғауды қондыру сұранысынан басталады. Бұл сұраныста арнайы бүтін саны болады, оны біз сокет номері деп атаймыз. Ал жауабына алушы өз сокетінің номерін жібереді. Жіберуші мен алушының сокеттерінің номері жалғауды анықтайды (былай айтқанда, жалғау жіберуші мен алушының IP-адресісіз орындалмайды, бірақ та бұл тек төменгі деңгейлі хаттамаларға қатысты).
Əдебиет:

  1. АлдешовС.Е. Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа-технологиялар, 2018

  2. Медешова, А. Б.Компьютер архитектурасы, 2017

  3. Қазбекова Г.Н. Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау 2012.

  4. Казбекова Г.Н. Ремонт и модернизация персонального компьютера, 2012.

  5. Қазбекова Г.Н.Дербес компьютер қызметі, 2011

  6. Цай Д. Устройство и ремонт персонального компьютера: Учебник., 2007

  7. Таненбаум Э.С. Компьютерлік желілер: Окулык, 1-бөлім, 2013.

Бекіту сұрақтары:

      1. Коммуникациялық протоколдар

      2. Протоколдар

      3. Протоколдар стегі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет