Операциялық жүйе дегеніміз компьютердің аппараттық пен бағдарламалық ресурстарына қатынас құруды автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені.
Барлық аппараттық, сондай-ақ және бағдарламалық құралдарға пайдаланушының қолы тек делдал – операциялық жүйе арқылы ғана жетеді.
Операциялық жүйенің негізгі қызметтері болып мыналар саналады:
бағдарламаларды жедел жадқа жүктеу және олардың орындалуын басқару;
орындаушы бағдарлама мен сыртқы құрылғылар арасында мәліметтер алмасу бойынша опреацияларды қамтамасыз ету;
бағдарламаларды орындау барысындағы стандарттық емес жағдайларды тексеру;
орындалған бағдарламаны жедел жадтан аластау және жаңа бағдарламаны жүктеу үшін орын босату;
сыртқы құрылғылардан бағдарламалар мен мәліметтерді іздестіру мен сақтауды ұйымдастыру;
пайдаланушы мен операциялық жүйенің өзара әрекеттерін ұйымдастыру — пайдаланушының командаларын қабылдау мен орындау;
дискілік құрылғыларды форматтау, ақпаратты бір дискілік құрылғыдан екіншісіне көшірмелеу және тағы басқадай әр түрлі қосалқы қызметтерді орындау.
Енгізу-шығарудың базалық жүйесін құрайтын операциялық жүйенің бөліктері әдетте компьютердің тұрақты жадына жазылады. Оның қалған бөліктері жүйелік дискі деп аталатын иілгіш, Винчестерлік пен лазерлік дискілерге орналастырылады.
Операциялық жүйе компьютердің жұмыс істеп тұрған барлық уақыты ішінде жұмыстық қалып күйде тұруы тиіс. Операциялық жүйенің жұмысы компьютерді қосқаннан басталады да оны ажыратқан сәтте аяқталады.
Əдебиет:
АлдешовС.Е. Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа-технологиялар, 2018
Медешова, А. Б.Компьютер архитектурасы, 2017
Қазбекова Г.Н. Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау 2012.
Казбекова Г.Н. Ремонт и модернизация персонального компьютера, 2012.
Қазбекова Г.Н.Дербес компьютер қызметі, 2011
Цай Д. Устройство и ремонт персонального компьютера: Учебник., 2007
Таненбаум Э.С. Компьютерлік желілер: Окулык, 1-бөлім, 2013.
№5-6 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Желілік технологиялар. Windows 2003 Server операциялық жүйе негізінде жергілікті есептеу желілерін ұйымдастыру. Қолданушы тіркеу жазбаларын басқару.Желілік хаттамаларды оқу
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Түйнек тұрған ел;
ІР адресінің диапазоны, яғни зерттелетін түйнектің ІР желісі;
ІР түйнек жататын желі класы;
Әдістемелік нұсқау
Зертханалық сабақ тақырыбын біле отырып, оған алдын-ала дайындалу керек. Ол үшін сабақ тақырыбына сәйкес дәріс материалын және оқытушы ұсынған әдебиеттердегі материалды оқып шығу керек. Сол сияқты алдыңғы дәрісте немесе зертханалық сабақта берілген өз бетінше орындауға ұсынылған жұмыстардағы тапсырмаларды орындау керек.
Зертханалық жұмысты орындау барысында студенттер бағдарламалық жабдықпен жұмыс жасаудың жеткілікті дағдысын меңгеруі керек. Зертханалық жұмыстардың тиімділігіне қол жеткізу үшін оларды орындау әдістері маңызды болып табылады.
TCP/IP желісіндегі әрбір компьютердің үш деңгейлі адресі бар:
Достарыңызбен бөлісу: |