5.3 Оқытушы талаптары
5.3.1 Білім алушы семестр бойы оқытушы ұсынатын тапсырмаларды орындауы керек, оның тізімін оқытушы белгілейді, ал тапсырмалар саны пән бойынша кредит көлемімен анықталады.
Тапсырмаларды тапсырумерзімдері төмендегі «Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» бөлімінде көрсетілген.
Ағымдағы аптада тапсырмалар уақтылы орындалмаған жағдайда бағалау 20% - ға төмендетілуі мүмкін.
Білім алушы академиялық адалдық ережелерін, университеттің ішкі тәртіп ережелерін, студенттің ар-намыс кодексін сақтауы тиіс (сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде сөйлеспеу, ұялы телефонды сөндіру, университетке іскерлік киім үлгісімен келу, курстастары және оқытушымен қарым-қатынаста ашық, сабырлы, мейірімді болу, университет ішінде әдеп сақтау, университетғимараттарында тазалықты сақтау).
Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау.
Білім алушы сабақтан себепсіз қалмауы керек, науқастанған жағдайда анықтама ұсынуы керек.
Қатыспаған сабақтар бойынша қарызды өтеупрофессор-оқытушы құрамның кафедрада болу кестесіне сәйкес немесе ОББӨЖ кестесі бойынша тапсырылады.
Курс саясаты мен үдерістері
5.4.1 БӨЖ тапсырмалары семестрдің бірінші аптасында беріледі.
5.4.2ОББӨЖ барысында оқу пәнінің ең күрделі мәселелері, үй тапсырмалары, есептер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды орындау, қорғау және т. б. бойынша кеңес беріледі.
5.4.3 Пән бойынша оқыту нәтижелерін бағалау объективтілік, ашықтық, икемділік принциптеріне негізделеді.
5.4.4 Пән бойынша қорытынды баға білімді ағымдағы бақылау (60 %) және қорытынды бақылау – емтихан (40%) бағаларынан құралады.
5.4.5Емтихан тапсыруға ағымдағы бақылаудың ең жоғары ықтимал бағасынан кемінде 50%-дық (кемінде 30 балл) рұқсат рейтингісі бар білім алушы жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |