Курсы: 1 Мамандығы: 051101 Мейірбике ісі мамандығы


Тақырыбы: Денсаулық сақтау жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі. 2.Мақсаты



бет5/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.86 Mb.
#21474
1   2   3   4   5

1.Тақырыбы: Денсаулық сақтау жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі.

2.Мақсаты: тақырыпты оқып-үйрену ҚР мемлекетін басқаруды, сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау жүйесін, атқарушы жүйе шеңберінде мемлекеттік билікпен таныстырады. Денсаулық сақтау жүйесі республикалық және жергілікті маңызы бар органдардан тұрады. Бұл мәселелерді қарастыру құқықтық және әлеуметтік мемлекеттегі денсаулық сақтауда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін білу үшін қажет.

3.Оқыту мақсаты: Студенттерде денсаулық сақтау жүйесі туралы нақты түсінік болуы, оның ішінде денсаулық сақтауда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі туралы ұғым қалыптастырып, алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда қолдану. Жұптасып жұмыс жасауға дағдылану, алынған білімдерін бекіту. Жұптасып жұмыс жасау барысында берілген уақыт ішінде сұрақтарға толық жауап беру және жұптың жауабын толықтыра білу .

4.Өткізілу түрі: жұптасып жұмыс жасау.

5.Тақырып бойынша тапсырма:

18.09.2009 ж. «Денсаулық қорғау және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР кодексін үйрену. Сабақ үстінде төменде көрсетілген материалдармен жұптасып жұмыс жасау.

1 жұп.

1. «Денсаулық қорғау және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР кодексіне жалпы мінездеме.



2. Глоссарий түрінде 10-нан кем емес түсініктемелер жазу.

2 жұп.


1. Денсаулық сақтау жүйесінде үкіметтің өкілеттілігі.

2. Халықтың денсаулығы ұғымына түсінік беру.

3 жұп.

1. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігі.



2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігі ұғымын ашып жағдайлық есеп құрастыр.

4 жұп.


1. «Денсаулық қорғау және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР кодексіне және конституцияға жүгіне отырып, талдау жасау.

2. Науқастың құқығы деген ұғымға анықтама беру.

5 жұп.

1. тақырып бойынша кем дегенде 10 түсінікті қолданып кроссворд құрастыру.



2. ҚР –да денсаулық сақтау жүйесі деген ұғымға анықтама беру.

6 жұп.


1. Денсаулық сақтауда ҚР мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуының қағидалары.

2. тақырып бойынша кем дегенде 7 түсінік қолданып тест құрастыру.

7 жұп.

1.Мемлекетпен ұсынылатын тегін медициналық көмек көрсетуге кепіл беру.



2. «Мемлекетпен ұсынылатын тегін медициналық көмек көрсетуге кепіл беру»азаматтар категориясы және аурулар бойынша кесте құру .

8 жұп.


1. Медициналық қызметтің түсінігі және түрлері.

2. «Медициналық көмек көрсетудің түрлері»кесте құру.



6.Таратылатын материал: жағдайлық есептер

7.Әдебиет:

Негізгі:

1. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы ,Жеті Жарғы

1997 жыл

2. Оспанов К.И Құқық негіздері, оқу құралы Алматы, Жеті Жарғы.

2007 жыл .

3. Тұрлаев П.Р. Мемлекет және құқық негіздері, Қарағанды АРКО баспасы 2004 ж.

4. ҚР Конституциясы 1995 ж. өзгерістер мен толықтырулар 2008 ж. 1 қаңтарында енгізілген.

28,29 баптар

5. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі.

6. «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету» Заңы 1998 жыл.



Қосымша:

1«Жалпы құқық теориясы». "Құқықтану" мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық , А.С. Пигалкина 2-ші баспа, толықтырды МГУ 1996 жыл. 1998 жыл.

2.«Құқықтық жалпы оқу ұйымдастырушыларына көмек ретінде құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру және өткізу» орындады Р.К. Баймурзаева 2-ші қосымша баспа Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл .

3. «Мемлекет және құқық». Алексеев С.С. Н-курс. Москва 1994 жыл

4. «Құқық теориясы» Алексеев С.С. Москва 1994 жыл.

5. «Құқықты не және қалай реттейді» Пратасов В.С.оқу құралы М. 1995 жыл.

6. «ҚР конституциялық құқығы» Г. Сапарғалиев Алматы Жеті Жарғы 2005 жыл.

8.Бақылау: бақылау жұмысының сұрақтары

1. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік саясаттық негізгі бағыттарын анықтаңыздар.

2.Денсаулық сақтау жүйесіндегі мәслихаттың алатын орны?

3.Әкімдіктің Денсаулық сақтау жүйесіндегі құзіреттілігін көрсету.

4.ҚР денсаулық сақтау жүйесіне кесте құру

5.Мемлекеттік медициналық жәрдемнің негшізгі кепілдеріне анықтама беру.


Таратылатын материал: 1 есеп

Хирург дәрігері алты жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс болмауына байланысты медициналық іскерлікке байланысы жоқ бизнеспен айналысты. Орын пайда болғаннан кейін оған жұмыс берілмеді.

Бұл шешім дәйекті ме? Дәйектің құрылу негізі?

2есеп


Н есімді азаматша күйеуімен бірге Венгрияда болып, сол жақтан медицина факультеті университетін аяқтап, мамандандырылғанын растайтын сертификат алып ҚР-на келеді. Бірақ оны Ресейде жұмысқа қабылдамайды. Медициналық жоғарғы орында қайта емтихан тапсырып, аттестациядан өтіп, дәрігерлік іспен айналысуға рұқсат беретін лицензия алып келуін ұсынды.

Бұл адам құқығының бұзылуына жатады ма?

3есеп

Педиатрия факультетінің 4 курс студенті балалар емханасының инфекциялық бөлімшесіне мейірбике болып қызметке орналасты. Бірақ оның қарсыласы - медициналық училищесінің түлегі, аурухана әкімшілігінің шешіміне, аяқталған жоғары білімі жоқтығынан мейірбикелік қызметпен айналыса алмайды және арнайы мейірбикелік дайындықтан өтпегенін себепке ала отырып шағымданды.



Осы шағым негізделді ме?

4есеп


Алынған сертификатқа және заңды тәртіпте берілген лицензияға сәйкес, К дәрігері жыл бойы урологиялық науқастарды қабылдаумен айналысты. Бірақ мамандар көрсеткен дәйектерді негіз етіп, өз ісінде жақсы маман емес деп жазылған арыздың негізінде, қалалық департаменттің басшысы дәрігер К-ны лицензиядан айырды.

Бұл іс заңды ма? Осындай сұрақтарды шешуге кімнің құқығы бар және шешімді өзгертуге болады ма?

5есеп

63 жастағы науқас Р, бас дәрігерге емдеуші дәрігерді ауыстыру туралы сұраныс жасап өтініш жазды. Өз өтінішінде емдеуші дәрігердің алаңсыз, қайырымсыз, өзінің міндеттеріне немқұрайлы қарайтынын айтады. Бас дәрігер оның қызметкерлерінің жұмысы көп болғандықтан әр науқасқа мұқият қарай алмайтындығын айтып, жеке тәжірибелікпен айналысатын дәрігерге баруын ұсынды.



Бұл туралы денсаулықты қорғау туралы заңында не делінген?

6есеп


Орталық аурухананың хирургиялық бөлімшесінің аға мейірбикесі дәріхана меңгерушісімен келісіп алып, бөлімшеге дәрі-дәрмектер алады, ешкімге айтпай үйіне 8қорап дәрі түріндегі фенамин және 20 капсул морфин ампуласын алып кетеді. Бұны көршілерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге ниеті бар деп түсіндіреді.

Бұл қылмыстық әрекет болып табылады ма?

7есеп

Қыстың -26°С суығында далада ер адам табылды, сыртқы көрінісі бойынша тұрғылықты үйі жоқ адамға ұқсайды. Көрген адам жедел жәрдем шақырды. Келген дәрігер шарап иісін сезіп, тексеру барысында ешқандай жарақат және ауруы болмағандықтан, оны айықтырғышқа жөнелту үшін полиция қызметкерлерін шақырды. Полиция қызметкерлернің алкогольмен қатар тынысы өте баяу және ессіз жағдайда жатқанына көздері жетеді. Сондықтан оны айықтырғышқа акетпей, ауруханаға апарып медициналық көмек көрсетулерін талап етеді. Дау 30 минутқа жалғасып, сонында ер адамды ауруханаға жеткізеді, ал танда ол қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама жасалынып, орташа мас болу дәрежесінде төмен температураның әсерінен өлім болды делінген. Жедел жәрдемнің іс-әрекеті қылмыс белгілері ретінде қаралады ма? Бұл жағдайда ол не үшін жауапкершілікке тартылады?



8есеп

Перзентханада жедел ішек инфекциясының пайда болу себебінен 37 бала ауырып, екеуі қайтыс болды. Сараптама комиссиясы санитарлық нормалардың және эпидемияға қарсы режимдердің, яғни перзентхана ішіндегі жөндеу жұмыстарының нашарлығы, жиі ыстық судың болмауы, сондай-ақ 2 көрші перзентхананың жабылуына байланысты бір мезгілде босанушы әйелдердің көп мөлшерде перзентханаға түсулері, балаларды тамақтандыру режимдерінің бұзылуы және басқа жеткіншіліктер үшін өрескел бұзушылықтарды анықталды. Осының барлығы ауруханада ішкі инфекцияның пайда болуына әкеп соқты. Тексеру нәтижесінде бас дәрігердің бірнеше рет жергілікті әкімшілік органдарына аурухананы жөндеу және санитарлық эпидемиологиялық режимдердің бұзылу салдарынан қауіп туғанын ескерткені анықталды.



Болған іс үшін кім және не үшін жауапкершілікке тартылады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет