5.Тақырып бойынша тапсырма:
-іскерлік ойынның жоспарын құру.
-ойынның жоспарымен хронометражына сәйкес ойынлды жүргізу.
-іскерлік ойынға барлық студенттердің қатысуы.
-іскерлік ойынды өткізу нәтижесінде туындаған қосымша сұрақтарды талқылау.
-қорытынды жасау.
Іскерлік ойын барысында мына сұрақтарға жауап беру қажет:
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру аясындағы заңдылық пен нормативтік құжаттар;
2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру негізінің санаттары мен ұғымы;
3. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түрлері;
4. ҚР сақтандыру жүйесі құрылымының негізгі қағидалары;
5. Сақтандырушымен сақтандырылушыға түсінік беру.
6. Таратылатын материал: " Міндетті әлеуметтік сақтандыру құқығының негіздері" тақырыбы бойынша 10 түсінік арқылы глосарий құру
7. Әдебиет
Негізгі
1.Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004 .-
248 бет.IX- бөлімі 137-149 беттер.
2.Оспанов Қ.И.«Құқық негіздері» 2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті
жарғы, 2007. - 304 бет.VIII бөлім 238-272 беттер..
3. ҚР Конституциясы II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.
4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.
5. ҚР Еңбек туралы заңы 1999 ж.
Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.
3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы
«Жеті Жарғы» 2006 ж.
4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті
Жарғы» 1995 ж.
6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша
анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.
7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы
«Жеті Жарғы» 1997 ж.
8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.
9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.
10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж
8.Бақылау: "Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негіздері" тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: "Қылмыстық жауапкершілікті қолдану тәртібі және түсінігі"
Сағат саны: 2
Курсы: 1
Мамандығы: 051103 Фармация
Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова
Астана, 2012 ж.
1. Тақырыбы: "Қылмыстық жауапкершілікті қолдану тәртібі және түсінігі".
2. Мақсаты Бұл тақырыпты оқып - үйрену процессуалдық құқықтың негізгі түсініктерімен, сот төрлеігін жүзеге асыру тәртібімен сыбайлас жемқорлық түсінігімен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығымен, оның объектілерімен және субъектілерімен осы құқық бұзушылық үшін жауапкершілікпен танысуға мүмкіндік береді.
3. Оқыту мақсаты
- Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігін жалпы зерделеу
- Конституцияның баптарымен жұмыс істеу барысында төмендегі құқық терминдеріне сипаттама беруді үйрету: азаматтық процесс, сот төрелігі, қылмыстық процесс, құқықтық тәртіп.
- шағын топтарда жұмыс істеу барысында жұмыстың сценариін құруды ұйрету.
- мемлекеттік - құқықтық құбылыс бойынша білімінің негізінде құқықтық мәдениетті дамыту.
4. Өткізілу түрі: Шағын топтар.
Әр шағын топ 3-4 студенттен құралады.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1 топ.
1. Қылмыстың түсінігі және белгілері.
2. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыс құрамы.
3. Келесі анықтамаға қандай түсінік сәйкес келеді?
Жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының нормативті актісі - ...
2 топ.
1. Әрекеттің қылмыс еместігін анықтайтын мән-жайлар.
2. Қылмысқа қатысу. Қылмысқа қатысудың түрлері.
3. Келесі анықтамаға қандай түсінік сәйкес келеді?
Ұрланған заттарды қажет етпейтін, ұрлыққа қызығушылық - бұл ...
3 топ.
1. Қылмыс жасау сатылары.
2.Заң қабылдануға дейін қызметін атқарған қоғамдық қатынастарға заң әрекеттерін тарату - бұл ...
4 топ.
1. Жазаның түсінігі және мақсаттары.
2. Кінәнің түсінігі.
3. Келесі анықтамаға қандай түсінік сәйкес келеді?
Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бір мемлекеттен екінші мемлекетке азаматты беру - бұл ...
5 топ.
1. Қылмыстың мақсаты және ниеті.
2. Келесі анықтамаға қандай түсінік сәйкес келеді?
Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет - бұл ...
6. Таратылатын материал: Жағдайлық есептер.
7. Әдебиет
Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004.
- 248 бет. X- бөлім 171-172 және XII бөлімі 177-180 беттер.
2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті
жарғы, 2007. - 304 бет. VI бөлімі 190-191 және VII бөлім 192-238 беттер.
3. Қ. Р. Конституциясы Алматы 2008 ж.
4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы 1998 ж.
Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.
3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы
«Жеті Жарғы» 2006 ж.
4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті
Жарғы» 1995 ж.
6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша
анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.
7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы
«Жеті Жарғы» 1997 ж.
8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.
9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.
10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
8. Бақылау : жазбаша бақылау.
1.Қылмыстың негізгі белгілерін және олардың категорияларын анықтаңыздар.
2.Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігін, оны қолданудағы шарттарымен айырмашылығын анықтаңыздар.
3. Қылмыстық жауапкершіліктің субъективті жағын түсіндіріңіздер.
4. Қылмыстық жауапкершіліктің объективті жағының айырмашылығын анықтаңыз (әрекет және әрекетсіздік), мысал келтіріндер.
5. Қылмыстық құқық бойынша жазаның негізгі және қосымша түрлерінің айырмашылықтарын анықтандар.
Таратылатын материал: Жағдайлық есептерді шешінде
1. Жедел медициналық жәрдем кезекшілігінен кеш қайтқан мейірбикенің алдынан кенеттен қолында пышағы бар белгісіз ер кісі шығады. Ол мейірбикеден қымбат әшекей-бұйымдарымен ақшасын беруін талап етеді. Сөмкесіндегі хирургиялық қайшының бар екені мейірбикенің есіне түсіп кетіп, дереу қайшыны алып шығып жаңағы ер адамның ішіне екі рет тығып алады. Қылмыскер оқиға болған жерден қашып кетеді, ал мейірбике болған оқиға жайлы полиция бөлімшесіне хабарлайды. Бірнеше сағаттан соң қылмыскер ұсталынады.
Сұрақ: Мейірбике қылмыстық жауапқа тартылады ма?
2. Әкімшілік басшысы К. пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық іс тергеу ісіне жіберілді. Жуық арада қалалық газет басылымдарында тілші В.-ның әкімшілік басшысының "дағдылы пара алушы" екені туралы мақаласы шығады.
Сұрақ: Тілші әкімшілік басшысына жала жапқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады ма?
3. 16 жастағы жасөспірім А. дүкенді тонауға бел буады. Ол өзінің танысы, яғни дүкеннің сатушысынан терезені ашық қалдыруын өтініп, келіседі. А. өзінің 16,17 жастағы достары Л. және Ю. дан көмек сұрайды. Түнде жасөспірімдер А. мен Ю. дүкенге ұрлыққа түсіп бейнеаппаратураны алып шығады да Л.-ның гаражына апарып тығып қояды.
Сұрақ: Әр қылмыскердің қатысу түрлерін анықтаңыз?
4. 26-жастағы Лясин 14-15 жастағы жасөспірімдерден топ жинап алып, келе жатқан поездың апатқа ұшырап, жолаушылардың заттарын ұрлау үшін теміржол рельстарының бөлшектерін қасақана бұрап алған. Дегенменде, бұл дайындықпен жасалған әрекет дер кезінде анықталған.
Сұрақ: Лясин және ол жинаған жасөспірімдер тобы қылмыстық жазаға тартылады ма?
5. 15-жастағы Матвеевпен 13-жастағы Ельцов қызық болсын деп клиникалық ауруханағаға телефон шалып, ауруханада жарылғы құрылым заттың бар екенін хабарлайды. Жағдайды анықтау үшін сырқаттармен аурухана қызметкерлері сыртқа шығарылады.
Сұрақ: Матвеев пен Ельцов қылмыстық жауапқа тартылады ма?
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: "Міндеттеме түсінігі және түрлері"
Сағат саны: 2
Курсы: 1
Мамандығы: 051103 Фармация
Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова
Астана, 2012 ж.
1.Тақырыбы: Міндеттеме түсінігі және түрлері.
2.Мақсаты: тақырыпты оқып-үйрену азаматтық құқық пен міндеттеме және оның түрлері туралы нақты түсінікті қалыптастыру.
3.Оқыту мақсаты:
-
Студенттерге мемлекет және құқықтың түсінігі мен категориялары туралы білім жүйесін, негізгі заңды әрекеттерді, мемлекет және құқықтың дамуы мен қызметін қалыптастырады.
-
Студенттердің құқықтық тәртіп деңгейін көтеру және көлемін кеңейту үшін базаның құрылуы;
-
Шығармашылық қызметті қоса, өздерінің заңды мүдделері үшін құқықтар мен міндеттерге ие болатындарды сауатты және тиімді күреспен қамтамасыз ету.
-
Құқықбұзушылықты алдын-алу;
-
Құқықтық тәртіпті белсендіру.
6. Жұптасып жұмыс жасауды үйрену.
4.Өткізілу түрі: жұптасып жұмыс жасау.
5.Тақырып бойынша тапсырма:
Жұптарға бөлініп тапсырмаларды орындау.
1 жұп.
1.Міндеттемеге түсінік беріңіз.
2.Жағдайлық есепті шешіндер:
«А» заңды тұлғасы «Б» заңды тұлғасына келісім шартпен келісіп тауар апарады. «Б» заңды тұлғасы өзінің міндетін атқармады.
«А» өзінің құқықтарын қалай қорғай алады?
2 жұп.
1. Міндеттемелердің мағыналарын ашу.
2. "Міндеттемелердің түрлері" кесте құру.
3 жұп.
1. Міндеттемелердің пайда болу негіздері.
2. Жағдайлық есепті шешіндер.
В.А. Семенова аяқ киім жөндеу бойынша шеберханаға туфлиін тапсырып 900 тенге төледі. Семенова аяқ киімін алып кетуге келгенде, туфлиі жоғалғаны белгілі болды. Жоғалған аяқ киімнің құнын өтеуге шеберханаға қарсылық білдірді.
Бұл жағдайда В.А. Семенова не істеуі керек? Бұл жағдайда қандай құқықтық нормаларға жүгінуі тиіс?
Істі шешіндер.
4 жұп.
1. "Несие беруші" сөзіне түсінік беріңіз
2. "Несие беруші мен борышкердің құқықтары мен міндеттері"кесте құру
5 жұп.
1. Міндеттемені қамтамасыз ету түрі ретінде айып төлеу түсінігі.
2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктің түрлері.
6 жұп.
1. Міндеттемені қамтамасыз ету түрі ретінде кепіл түсінігі.
2. Жағдайлық есепті шешіндер:
2004 ж. 25 тамызда Л. Пономарева, Астана қаласының тұрғыны, «Коммерция және құқық институты» мемлекеттік емес мекемесімен келісім шартқа отырады. Шартқа сәйкес институт «Еңбек экономикасы» мамандығы бойынша білім беріп, мамандандыруға міндеттенеді. Сонымен қатар келісім шартта лицензия және мемлекеттік тексеріс туралы куәлік бар екені көзделген. Л. Понамарева келісім шартты жасасып уақтылы оқуға 100 мын тенге төледі. Бірақта 2005жылдың 10 наурызында институттың «Еңбек экономикасы» факультетінде мемлекеттік тексерістен өту туралы куәлігі жоқ екені белгілі болды. Бұл мемлекеттік үлгідегі диплом алуға, салық бойынша жеңілдіктер алуға, оқу демалыстарын төлеуі т.б. құқықтарын шектейді. Л. Понамарева төленген қаражатты өтеп алу үшін сотқа талап-арыз жазады. Бір жақты тәртіпте шартты бұзуға құқығы бар ма? Азаматша Л. Понамареваның талап-арызы қанағаттандырылады ма?
7 жұп.
1. Міндеттемені қамтамасыз ету түрі ретінде кепілге алу түсінігі.
2. Міндеттемелерді орындау жағдайлары.
Бұл тапсырмалардың жауабы мысалдар келтіре отырып нақты және толық болуы тиіс.
6.Таратылатын материал: жағдайлық есептер.
7.Әдебиет:
Негізгі:
1. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы ,Жеті Жарғы
1997 жыл. 7-19 бет
2. Оспанов К.И Құқық негіздері, оқу құралы Алматы, Жеті Жарғы. 2007 жыл. 5-27б
3. Тұрлаев П.Р. Мемлекет және құқық негіздері, Карағанды АРКО баспасы 2004 ж.
4. ҚР Конституциясы 1995, өзгерістер мен толықтырулар 2008жылдың 1 қаңтарында енгізілген 33 бап
5. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі.
Қосымша:
1. «Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері» оқу құралы, Дулатбеков Н.О. Астана Фолиант 2000 ж.
2. «Қазақтың кәдімгі құқығы бойынша ақпараттар». Жинақ Алматы 1998 жыл
3. «Жалпы құқық теориясы». "Құқықтану" мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық , А.С. Пигалкина 2-ші баспа, толықтырды МГУ 1996 жыл.
4.«Құқықтық жалпы оқу ұйымдастырушыларына көмек ретінде құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру және өткізу» орындады Р.К. Баймурзаева 2-ші қосымша баспа Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл .
5. ҚР конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл
6. «Мемлекет және құқық». Алексеев С.С. Н-курс. Москва 1994 жыл
7. «Құқық теориясы» Алексеев С.С. Москва 1994 жыл.
8. «Құқықты не және қалай реттейді» Пратасов В.С.оқу құралы М. 1995 жыл.
9. «ҚР конституциялық құқығы» Г. Сапарғалиев Алматы Жеті Жарғы 2005 жыл.
8.Бақылау: Тақырыпты бекіту үшін жағдайлық есептерді талдап шешу.
№ 1 жағдайлық есеп
Автокөлік зауытына жалпы құны 500 тенгеге қолданылатын материалдарды сату мерзімі өтіп кеткен үшін мүліктік санкция қолдану туралы автокөлік зауыты талап-арызымен фабрикаға жүгінді. Фабрика санкциядан босатуын сұрады, қөлік зауытымен уақтылы шартты орындай алмаған себебі өзінің серіктесінен шикізатты мерзім өтіп кеткеннен кейін алды. Тасымалдау жоспарымен көзделген, темір жол уақтылы вагондар бөлмеген, сондықтан шикізатты сату тоқтатылды. Бұл жағдайда біреудің құқықтары бұзылды ма? Несие беруші қай мерзім ішінде және қандай органға жүгініп, бұзылған құқықтарын қалпына келтіре алады? Қандай шешім шығарылуы тиіс? Наразылық және талап-арыз құрастырыңдар?
№ 2 жағдайлық есеп
Қаңтар айында зауыт жалпы құны 1млн. 300мың теңгеге сатып алушы тоңазытқыштар зауытына мотор-компрессорлар жеткізбеді. Бірақ ақпан айында жеткізді. Наурызда мотор-компрессорлардың бір бөлігі жалпы құны 300мың тенгеге қабылдану кезінде стандарттарға сәйкес болмағаны үшін қабылданбады. Сатушыға қайтарып беру себебінен тоңазытқыштар зауыты 100мың тенгеге шығынға ұшырады. Осы жағдайлардан кейін сатып алушы сатушыға талап жазады.
Тауарларды қабылдау үшін қандай тәртіп қарастырылған? Бұл жағдайда не шығын болып табылады? Тоңазытқыштар зауытының талап-арызын түсіндіріндер. Наразылық және талап-арыз жазындар. Дау қалай шешіледі?
№ 3 жағдайлық есеп
Громова жаңбырлы күні Смолинаның үйінен кетіп бара жатып қайтарып берем деп плащын сұрады. Екінші күні да, бір жұмадан кейін да плащ қайтарылмады. Смолина телефон бойынша Громоваға дереу плащын қайтаруын сұрады, бірақ Громова уақытым жоқ деді.
Дауды қалай шешеді?
№ 4 жағдайлық есеп
Фермер Рощин ауылшаруашылық кооперативтен ақтүйнектің жана өнімі сатылғаннан кейін оның құнын төлеймін деген шартымен тұқымдық ақтүйнекті қарызға алды. Кепілге алушы фермер Олялин болды. Рощин уақытында қарызын төлей алмады, себебі ақтүйнек түптері колорадтық қоңызбен және фитофторамен жойылған. Кооперативке Олялин қарызды өтеді. Қандай іс-әрекеттердің күшімен Олялин Рощинның қарызын өтеді? Рощинның қарызын өтегеннен кейін Олялин қандай құқықтарға ие болды?
№ 5 жағдайлық есеп
Вьюнов Карловтың үйін жөндеп сырлауға міндеттеніп, алдын-ала жарты ақшасын төлеуін сұрады. Карлов аванстың орнына кепілпұл беруін ұсынып, жазбаша түрде ресімдеді. Бір күннен кейін Вьюнов жұмысты атқарудан бас тартады. Карлов Вьюновтан кепілпұлдың мөлшерін екі есе қайтаруға және шығынын өтеуге талап етеді. Карловтың Вьюновқа талабы заңды ма?
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: "ҚР салық жүйесі және түсінігі"
Сағат саны: 2
Курсы: 1
Мамандығы: 051103 Фармация
Құрастырған: оқытушы Н.Т.Какимжанова
Астана, 2012 ж.
1.Тақырыбы: ҚР салық жүйесі және түсінігі.
2.Мақсаты: тақырыпты оқып-үйрену ҚР –да салықтық саясат туралы ұғым қалыптастыру үшін маңызды. Бұл тақырып Қазақстанның салық жүйесінің негізгі ұғымдарын және салық түрлерін оқып білуге мүмкіндік береді. Әрбір мемлекетте салықтар мемлекеттің бюджет кірісінің көп бөлігін құрайды.
3.Оқыту мақсаты:
-
Студенттерге жан-жақты танымдық оқу әрекеттеріне салықтық сауаттылық негіздері мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
-
Презентациялар жасауға дағдыландыру.
-
Студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту.
4. Өткізілу түрі: презентация
5. Тақырып бойынша тапсырма:
-тақырыпқа сәйкес презентация жазу.
-презентация келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
-тақырыпқа сәйкес презентацияның жоспарын құру.
-тақырыптық сызбаны пайдалану.
-кішігірім анықтамалардың, терминдердің болуы.
-POWER POINT бағдарламасында жазу.
- презентацияны аудиторияда қорғау.
Презентация келесі мәселелер бойынша жазылады:
1. ҚР салық жүйесінің түсінігі және мақсаты
2. Салықтың түсінігі.
3. Салықтың белгілері.
4. ҚР салықтың түрлері.
5. Тура салықтар, олардың мақсаты.
6. Жанама салықтар, олардың мақсаты.
7. Республикалық салықтар, түрлері.
8. Жергілікті салықтар, олардың түрлері.
9. Қосылған құн салығы, оның міндеті.
10. Әлеуметтік салық және оның міндеті.
Бұл жұмыс барысында салықтың мақсатын, қызметін және түрлерін ашу керек.
6. Таратылатын материал: жағдайлық есептер.
7.Әдебиет:
Негізгі:
1. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы ,Жеті Жарғы
1997 жыл. 7-19 бет
2. Оспанов К.И Құқық негіздері, оқу құралы Алматы, Жеті Жарғы. 2007 жыл 5-27 бет
3.Тұрлаев П.Р. Мемлекет және құқық негіздері, Карағанды АРКО баспасы 2004 ж.
4. ҚР Конституциясы 1995, өзгерістер мен толықтырулар 2008жылдың 1 қаңтарында енгізілген. 33 бап
5.ҚР конституциясының түсіндірме сөздігі.
Қосымша:
1. «Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері» оқу құралы, Дулатбеков Н.О. Астана Фолиант 2000 ж.
2. «Қазақтың кәдімгі құқығы бойынша ақпараттар». Жинақ Алматы 1998 жыл
3. «Жалпы құқық теориясы». "Құқықтану" мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық , А.С. Пигалкина 2-ші баспа, толықтырды МГУ 1996 жыл.
4.«Құқықтық жалпы оқу ұйымдастырушыларына көмек ретінде құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру және өткізу» орындады Р.К. Баймурзаева 2-ші қосымша баспа Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл .
5. ҚР конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл
6. «Мемлекет және құқық». Алексеев С.С. Н-курс. Москва 1994 жыл
7. «Құқық теориясы» Алексеев С.С. Москва 1994 жыл.
8. «Құқықты не және қалай реттейді» Пратасов В.С.оқу құралы М. 1995 жыл.
9. «ҚР конституциялық құқығы» Г. Сапарғалиев Алматы Жеті Жарғы 2005 жыл.
8.Бақылау: Топта жазбаша жұмыс жасау.
№ 1 тапсырма
Келесі терминдерден сөйлем құрастырындар:
1 нұсқа.
Салық
Міндетті, қайтарымсыз
Қамтамасыз етеді, реттейді, қорғайды
Әрбір азамат салық төлейді
міндет
2 нұсқа.
Салық. Республикалық, жергілікті. Алынады, ұсынылады, өтініледі
Төле, босатыл, тыныш өмір сүр. Міндет.
№2 тапсырма
Тапсырма шарты: салық заңнамасына қатысы бар «С» әрпінен басталатын сөз тіркестерін құрастырындар.
(салық құқығы, салық құқығының нормасы, салықтық құқықтық қатынастар, салықтық несие, cалықтық бақылау, салық органы, салықтық құқықбұзушылық, салықтық тексеріс, ҚР салық кодексі, салықтық база, салықтық кезең, салық жеңілдіктері, салық санкциясы, салық декларациясы).
№3 тапсырма:
Топ қатысушыларына берілген тізімнен 5термин таңдап, оларға түсінік беру керек. (Салық, салықтық құқықтық қатынастар, салық төлеушілер, салық органы, өсім, салықтық ақы, салық жеңілдіктері, акциз, тура салықтар, жанама салықтар).
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: «Жер заңын бұзғаны үшін жауапкершілік»
Сағат саны: 2
Курсы: 1
Мамандығы: 051103 Фармация
Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова
Астана, 2012 ж.
1. Тақырыбы: «Жер заңын бұзғаны үшін жауапкершілік».
2.Мақсаты: тақырыпты оқып - үйренудің мақсаты студенттердің Қазақстан Республикасындағы жер-құқықтық қатынасын реттеумен танысу, топта жұмыс істеуге әдеттену, жер - құқықтық қатынасын реттеу саласында студенттердің теориялық білім алуына және тәжірибе жағынан икемденуге, жерді пайдаланудың құқықтық негіздерін реттеу және жер-құқықтық қатынастардың құқықтық табиғатын түсіндіру, жер заңдылықтарының бұзылуы жағдайындағы жауапкершіліктің негіздері, сондай-ақ заңды жауапкершіліктің түрлерін білу үшін қажет.
3. Оқыту мақсаты: жер заңдылықтарын түсіндіру және қолдануды үйрену, мемлекеттік басқарудағы жер қорын оқыту, жер заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық мөлшерін анықтауды және құқықбұзушыларды жауаптылыққа тарту әдістерін үйрену, шағын топтардағы жұмыстарға машықтану.
4. Өткізілу түрі: шағын топтар.
5. Тақырып бойынша тапсырма:
Топ шағын топтарға бөлініп төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1 топ.
1. Заңдық жауапкершіліктің түсінігі.
2. Заңды жауапкершілікке негіздеме.
3. Жағдайлық есепті шешіндер: Горячинский ауданының табиғатты қорғау бойынша аумақтық комитеті ЖШС «Земледелецке» жалға алған жер учаскесіне қажетсіз заттарды үйіп қойған үшін және белгілерді жойғаны үшін айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Аумақтық комитеттің ісін бағаландар.
2 топ.
1. Тақырыпқа кроссворд құрастырындар.
2. Жер құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мысал келтіріндер.
3. Жағдайлық есепті шешіндер: Әуежайдың екінші кезегінің құрылысына қалалық басшылық иелеріне алынған жерлерге кадастрлік бағалаудан шығынын өтеп, «Құрылысшы» бақшасының жер учаскелерінің бір бөлігін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою туралы қаулы шығарды. Басшылықтың қаулысы заңды ма, құқықтық талдау беріңіздер.
3 топ.
1. Жер құқықбұзушылық туралы түсінік.
2. Жер құқықбұзушылықтың құрамын анықтаңдар.
3. Жер құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы жағдайлық есеп құрастырындар.
4 топ.
1. Жер құқықбұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың қарым-қатынасын анықтаңдар. (еркін таңдалған критериялар бойынша).
2.ҚР Конституциясының 6, 26 баптарын талдау.
3. Жер құқықбұзушылықтың субъектісі және субъективтік жағының түсінігі.
5 топ.
1. Тақырыпқа байланысты 10 анықтамасы бар мәтін құрастырындар.
2. Жағдайлық есепті шешіндер: Аудандық табиғатты қорғау прокуратурасының өткізілген тексерісі кезінде аумақтағы жерлердің біразы мақсаты бойынша қолданылмағанын анықтады. Бұл жағдайда табиғатты қорғау прокуратурасы қандай әрекеттер жасайтынын анықтаңдар. Жерлердің мақсаты бойынша қолдану қалай анықталады?
3. Жер заңнамасын бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік.
Достарыңызбен бөлісу: |