Курсы: 1 Мамандығы: 051103 Фармация



бет4/5
Дата07.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#182525
1   2   3   4   5

6. Таратылатын материал: жағдайлық есептер.

7. Әдебиет

Негізгі:

1. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы ,Жеті Жарғы

1997 жыл. 108-154 бет.

2. Оспанов К.И Құқық негіздері, оқу құралы Алматы, Жеті Жарғы.

2007 жыл . 88-118 бет.

3.Тұрлаев П.Р. Мемлекет және құқық негіздері, Қарағанды АРКО баспасы 2004 ж.

4. ҚР Конституциясы 1995 ж. өзгерістер мен толықтырулар 2008 ж. 1 қаңтарында енгізілген. 6, 26 баптар.

5. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі.

6. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 1995 ж.

7. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999жылдың 01 шілдесінен, өзгертулер мен толықтырулар 2007ж. 1 наурызында енгізілген.



Қосымша:

1. «Жалпы құқық теориясы». "Құқықтану" мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық , А.С. Пигалкина 2-ші баспа, толықтырды МГУ 1996 жыл. 1998 жыл.

2.«Құқықтық жалпы оқу ұйымдастырушыларына көмек ретінде құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру және өткізу» орындады Р.К. Баймурзаева 2-ші қосымша баспа Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл .

3. «Құқықты не және қалай реттейді» Пратасов В.С.оқу құралы М. 1995 жыл.



8. Бақылау: өзін – өзі бақылау үшін келесі сұрақтарға ауызша жауап беру:

1. Жер заңдылығын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің мақсаты және міндеті.

2. Жер заңдылығын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту.

3. Жер заңдылығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту.

4. Жер заңдылығын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту.

5. Жер заңдылығын бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту. Азаматтық және жер заңдылықтары нормасы бойынша шығынын өтеу.

6. Жер заңдылығын бұзғаны үшін арнайы (жер-құқықтық) жауапкершілікке тарту.

Жағдайлық есептер.

1 есеп. Азамат Федоров ауылдағы тұрғылықты үйін азамат Ивановқа сатты. Бір жылдан кейін азамат Федоров сатылған тұрғылықты үй тұрған жер учаскесіне сатып алу-сату туралы мәміле жасауды талап етеді. Егерде Иванов мәміле жасасуға қарсылық білдіретін болса, Федоров оның атындағы жер учаскесінде орналасқан үйді пайдалануға тыйым саламын деп айтты. Дауды шешіндер.

2 есеп. Ауылдық жерлерден өткен электр желі жүйесінде дауылдан соң тіреуіштері құлатылып, сымдардың үзілуіне алып келді. Апаттан келтірілген зардапты жою және электр желі жүйесін қалпына келтіру барысында машиналармен 3гектар жердегі бидай алқабы жойылды.

Колхоз электр желі басқармасына келтірілген зардапты толық өтеп беру туралы мәселесімен шағымданады. Басқарма зардапты өтеуден бас тартады, оның себебі ретінде осы оқиға табиғат апаты нәтижесінен болғандықтан, басқарма барлық жауапкершіліктерден босатылады, деп түсіндіреді. Колхоз сарапшы сотқа шағымданады.

Істі шешіндер. Келтірілген зиянды өтеу тәсілдерін және негіздерін анықтаңдар.

3 есеп. Жол-құрылыс ұйымы көлік жүретін жол жасады. Жол-құрылыс жұмысына уақытша 10 гектар ауылшаруашылық кооперативтен жер беріледі. Құрылыс біткеннен кейін, Жол-құрылыс ұйымымен келесі рекультивацияға 5 гектар аумақта топырақтың жамылғысын алмағаны анықталады. Ауылшаруашылық кооператив жол-құрылыс ұйымынан ауылшаруашылық мәдениетінің егінінің құнымен компенсация талап етті. Заңды жауапкершілікте ауылшаруашылығы жерлерінің бүлінуіне қандай шаралар қолданылады? Жауапкершіліктің субъектісін анықтаңыз? Ауылшаруашылық кооперативтың жол-құрылыс ұйымына талап еткен компенсациясы қанағаттандырады ма?

4 есеп. Қала аумағындағы жерлердің біразы диқан шаруашылығының иелігінде болды. Олар қала шегіндегі участікке қара мал ұстау үшін құрылыс салуды шешті. Іргетасын салғаннан кейін қалалық cәулетшіге белгілі болады. Сәулетшінің ұсынысы бойынша жергілікті әкімшілік қала шегінде бұл құрылысты салуға тыйым салу туралы шешім шығарады. Диқан шаруашылығының басшысы әкімшілік шешімін заңсыз дейді, себебі құрылыс диқан шаруашылығының меншігіндегі жерде орналасқан.



Істі шешіндер.

5 есеп. Азамат Копырев жергілікті әкімшілікке бос тұрған және шөппен өсіп кеткен жерлерді ауылшаруашылық өнімін егу үшін жалға беру туралы өтінішімен жүгінді.

Бұл сұрақтың шешімі қай органның құзыреттілігіне жатады? Бұл жер учаскесі жердің қандай санатына жатады? Сәйкес санаттағы жерді қолданылуын шектеу және экологиялық талаптарын атаңдар.

6 есеп. Жол жөндеу басқармасы колхоз жерлері бойынша өтетін облыстық мағынасы бар жерлер участігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшылар айналып өтетін жолды жасамағандықтан, өтіп бара жатқан көліктер колхоз егінжайымен өтуге мәжбүр болды. Соның нәтижесінде 1,5 гектар жердің егіні шығынға ұшырады.

Колхозға келтірілген зиянның орнын кім толтырады? Жол жөндеу басқармасы жерге көліктер зиян келтірді деп шешім шығарды.

7 есеп. Орман комбинатымен жасасқан келісімге сәйкес, авиациялық мекеме комбинатқа тиесілі орман ішін улы химикаттармен залалсыздандырды. Уақытша қатты желдің кесірінен улы химикаттар колхоздың егініне шашырап, оған зардап әкелді. Келтірілген зиянды өтеу үшін колхоз сарапшы сотқа шағымданды.

Келтірілген зиянды авиациялық мекеме ме, алде орман комбинаты ма өтейді?

8 есеп. Жер учаскесінің меншік иесі өз жерінен емдік-қасиетті топырағы бар жердің қайнар көзін тауып, қажеті бар мекемелерге сату жолдарын ұйымдастырды. Заречный ауданының прокуроры, жеке меншік жерлерді емдік шарада қолдануға болмайтындықтан емдік-қасиетті топырағы бар жерлерді қолданбау туралы қаулы қабылдады. Жер учаскесінің меншік иесі прокурордың ісіне сотқа шағымданады.

Дауды шешіндер.

Прокурордың ісі заңды ма?

Жер учаскесінің меншік иесінің табиғатты пайдалану бойынша қандай қағидалары бұзылды? Табиғи объектінің мақсатты белгіленуі қандай тәртіппен анықталады. Табиғи объектілерді мақсатты қолданудың қағидасының түсінігін ашып беріңіз?

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: "Экологиялық құқық бұзушылыққа жауапкершілік қолдану тәртібі мен түсінігі "

Сағат саны: 2

Курсы: 1


Мамандығы: 051103 Фармация

Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова

Астана, 2012 ж.

1. Тақырыбы: "Экологиялық құқық бұзушылыққа жауапкершілік қолдану тәртібі мен түсінігі"

2. Мақсаты: тақырыпты зерделеу экологиялық құқықбұзушылық жауапкершілігін нақты да толық білуге және экологиялық - құқықтық жауапкершіліктің түрлерін ажырата білуге бағдар береді. Экологияға түсінік беріп, экологиялық құқықбұзушылыққа берілетін жазаларды қолдану шартын білу.

3. Оқыту мақсаты:

- Тақырыпқа дайындалу барысында оқу құралдары бойынша негізгі ережелерді анықтауды үйрету.

- Конституцияның баптарымен жұмыс істеу барысында төмендегі құқық терминдеріне сипаттама беруді үйрету: қоршаған орта, табиғатты қорғау міндеттілігі, табиғат ресурстары.

- Ауызша бақылау жұмысы барысында тақырыпқа нақты мысал келтіру арқылы сауатты мазмұндауға үйрету.

- Қосымша әдебиеттер қолдана білуге үйрету.

4. Өткізілу түрі: Жағдайлық есептер.

5. Тақырып бойынша тапсырма:

Экология құқығы бойынша негізгі сұрақтар.

1. Экологиялық құқық ҚР құқығының кешенді саласы.

2. Табиғат байлықтарын пайдалану құқығы.

3. Табиғат байлықтарын пайдаланудың түсінігі, түрлері және нысандары.

4. Экологиялық құқықтық қатынас түсінігі, объектілері және субъектілері.

5. Экологиялық құқық бұзушылық.

6. Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершілік.

Топтарға берілетін қосымша сұрақтар:

1. Экология дегеніміз не?

2. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не?

3. Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікті қолдану шарттары.

4. Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық - құқықтық жауапкершілікті қолдану шарттары.

5. Экологиялық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікті қолдану шарттары.

6. Экологиялық құқық бұзушылықтың себептері?

6. Таратылатын материал: оқиғалық есептер

7. Әдебиет

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық, 2- ші басылым. Алматы, 2004.-

248 бет. VIII- бөлімі. 126 бет.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет.V бөлім 140-146 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. ҚР Cалық кодексі 2001 ж.
Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.


8. Бақылау

Тақырыпты бекіту үшін жазбаша бақылауға жауап беру

1. "Экология" дегеніміз не?

2. Экологиялық құқық қандай функцияны орындайды?

3. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?

4. "Экологиялық құқықтық қатынас" нені білдіреді?

5. "Экологиялық құқық бұзушылық" нені білдіреді?

6. "Табиғи ресурстарды қорғау міндеті" нені білдіреді?

7. "Қолайлы қоршаған ортаға құқық" нені білдіреді?

Жағдайлық есептерді шешу

1. Мироненко мен Жолдаспаев жексенбі күні орманда болды. Олар жаққан отты сөндірмей кетті. Өртке қарсы ережелерді бұзғаны үшін оларды инспектор ұстап, Мироненко және Жолдасбаев істейтін жұмыс орнының әкімшілігіне шағымданды. Оларға қандай жаза қолданылады?


2. Ақтау қаласы аумағында 2 жыл бойы мұнай өнімдерін өндіру бойынша зауыты тазалағыш құралдарын орналастыру туралы экологиялық полицияның талаптарын орындамады. Соңғы тексерістен кейін мемлекеттік органдар сот тәртібімен айыппұл салып кәсіпорынды жабуды міндеттейді. Мемлекеттік органның іс-әрекеті заңды ма?
3. Азамат Рубин С және азамат Хохлов Т жыл сайын шығыс Қазақстан облысындағы «Русалка» шипажайында көне дәуірге тән қылқанды жерде демалатын. 2010ж. Олар шипажайда демалмақшы болып жолдама алып кетеді. 2010 жылдың 20.06-нда мас күйінде алау жағып, сөндірмей ұйықтап қалады. Бұдан өрт болып 30га жер жанады. Экологиялық жауапкершіліктің негізін анықтаңыз?
4. Оңтүстік Қазақстанның жүруге болматын ормандарында кәсіпкер Озеров Б орманды жойып, дәрілік құралдарды шығару бойынша цех ашпақты болды. Өзінің іс-әрекетін дәрілік құралдар құрамына кіретін заттар осы өңірде бар деп түсіндірді. Бірақ жергілікті кент тұрғындары қарсы болып жергілікті әкімшілікке шағымданды. Кәсіпкер Озеров Б. экологиялық заңның қандай қағидаларын бұзды?
5. ЖШС «Нұра» Қорғалжын қорығы аумағында шипажай құрылысына құқық алады. Құрылыс жұмыстары кезінде «Қорғалжын» қорығы аумағының жер қалпы нашарлайды.

Экологиялық құқық пәні қандай обьектілерді зерттейді?


6. Мұнай өндіру бойынша Томирис кәсіпорны өзінің кәсіпкерлік қызметі барысында Каспий теңізіне зиян келтірген, сондықтан балықтың көбі жойылған және Каспий аумағы ластанған. Осы кәсіпорын қандай жауаптылыққа тартылады?
7. Мемлекеттік экологиялық қорықта кәсіпкер Федоров рұқсатсыз қызыл кітапқа енген құстардың сирек кездесетін түрлерін сату мақсатымен ұстаумен айналысқан. Құқық бұзушыға қандай шаралар қолданылады?
8. Павлодар мұнай өндіру зауыты өндіріс қалдықтарын Ақ және Мұқыр өзендеріне лақтыра бастады. Осының нәтижесінде жақындағы тұрғылықты жерлердің экологиялық жүйе жағдайлары нашарлады. Кент тұрғындары сотқа шағымданды. Экологиялық құқықтық жауапкершіліктің негізін анықтаңыз?
9. Петровка аулының үш аңшысы жабайы аңдарды заңсыз аулады. Оларды орман қорғау инспекторы ұстады және 20 АЕК(айлық есеп көрсеткіш ) мөлшерінде айыппұлға немесе экологиялық құқықтық жауапкершілікке тартты. Оған негізі болған?

10. Азамат Мұхтаровқа Балхаш көлінде балық аулауға тыйым салған. Сол үшін ол әдейі су қоймаларын ластап, ормандарды жоямыз деп шешті. Экологиялық жауапкершілік негізін анықтаңыз?




ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: "Мемлекеттік басқару түсінігі. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік басқару жүйесі"

Сағат саны:

Курсы: 1


Мамандығы: 051103 Фармация

Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова

Астана, 2012 ж.

1.Тақырыбы: Мемлекеттік басқару түсінігі. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік басқару жүйесі.

2. Мақсаты: тақырыпты оқып-үйрену ҚР-ның «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес негізгі ұғымдармен танысу, яғни денсаулық сақтаудағы мемлекеттік басқару, медициналық және фармацевтикалық қызметке республикалық бақылау жүргізу тәртібі, республикалық және жергілікті атқарушы басқарма органдарының мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары. Денсаулық сақтауда үкіметтің өкілеттілігін білу және денсаулықты қорғауға конституциялық құқық шеңберінде кепілденген медициналық көмек көрсету тәртібін білу

3. Оқыту мақсаты:

- Қазақстан Республикасы заңдылығының негізінде азаматтардың денсаулығын сақтау туралы білім қалыптастыру

- ҚР Денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасы туралы түсінікті зерделеу бойынша негізгі бағыттарды анықтау

-іскерлік ойынның сценариін дайындауға дағдыландыру

-іскерлік ойын барысында тиісті материалдарды меңгере білу.

4.Өткізілу түрі: іскерлік ойын.

Іскерлік ойын — белсенді оқытудың бастаушы әдістерінің бірі болып табылады. Оқыту әдісі ретінде іскерлік ойын келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөліп алу, ойынға қатысушылардың қызметнің біріктілігі; үйлестірілген шешімдер қабылдауға қажетті шарт ретінде ойын бойынша диалогтық қарым-қатынас; ойынның бастаушы тірегі болатын ұжымда жалпыға бірдей ойындық мақсаттың болуы (ойындық жүйе) ; ойынға терме енгізу (ойламаған жерден пайда болған жағдайлар); уақытты тиімді қолдана білу; ойын жүргізілуіне және білімдеріне қарай жарысқа қатысуларына байланысты қорытынды бағалар жүйесін қолдану; интеллектуалдық және эмоционалдық жағдайды тудыратын ойында ынталандыру жүйесінің болуы, іскерлік ойынның тоқтаусыз және қызықты болуы; іскерлік ойынның тиімділігі - оқытылатын бірлескен ойынға жетістілікті дамыту және тәрбиелеу.

5.Тақырып бойынша тапсырма:

-«Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексін оқу

-іскерлік ойынның сценариін жазу.

-сценариге және хронометражға сәйкес ойынды жүргізу.

- іскерлік ойынға студенттердің барлығы қатысуы тиіс.

-іскерлік ойын жүргізу барысында қосымша пайда болған сұрақтарды талдау.

-қорытынды шығару.

Іскерлік ойын барысында келесі сұрақтарды ашу:

1.Мемлекеттік басқару түсінігі.

2. Мемлекеттік басқару әдістері.

3. Мемлекеттік басқару мақсаттары.

4. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік басқару.

5. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік басқару саясаты.

6. Денсаулық сақтаудағы саясаттың мемлекеттік қағидалары.

7. Денсаулық сақтаудағы үкіметтің өкілеттілігі.

8. Денсаулық сақтаудағы орталық атқарушы органдардың өкілеттілігі.

9. Денсаулық сақтаудағы ведомствалық қарым-қатынастар.

10. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік бақылау және қадағалау.

Іскерлік ойынға мысал:

Іскерлік ойынды жүргізу әдістемесі: <<Қаптағы мысық»

Жұмыс үшін қажетті:



  1. Сұрақтар нұсқасы.

  2. Топтағы студенттер санына сәйкес шағын топтар құру үшін нөмірлер дайындау.

  3. Таза парақтар.

Жұмыс барысы:

1. Барлық студенттер үш- үштен нөмірлерді таңдау әдісімен топтарға бөлінеді.

2.Әр топ жеке партаға отырып таза қағаз бен қалам дайындайды.

3. Параққа күні, топ нөмірі,факультет,шағын топ студенттерінің аты-жөні, іскерлік ойын атауы жазылады.

4. Әр шағын топтан бір студент оқытушыдан сұрақтары бар конверт алады, әр шағын топқа бөлек конверт беріледі, бірақ тапсырмалардың қиындығынын деңгейі бірдей болады.

5. Студенттер параққа сұрақтарды көшіріп алып, 15мин уақыт ішінде жауап берулері тиіс.

6. Әр шағын топ тапсырманы талқылап, толық жауап жазады.

7. Оқытушы студенттер басқа шағын топтардағы студенттермен сөйлесіп, олардан көшірмеулерін қадағалауы тиіс.

8. 15 миннан соң жауаптарымен парақтар жиналынады.

9. Оқытушы сабақ барысында тапсырманың дұрыстығын, толықтығын және таза орындалғанын тексереді.

10.Шағын топтың барлық қатысушыларына бірдей 11 балы қойылады. Жауабы бар параққа оқытушы балды және қолын қояды.

12.Студенттердің алған балдары сабақ қорытындысы ретінде қойылатын бағаға қосылады.

13.Журналдың төменгі жағындағы бос жерге іскерлік ойын өткені туралы белгі қойылады, топ старостасы қол қояды.

14.Жұмыс хаттамалары оқытушымен сақталады.



6.Таратылатын материал: тестер.

7.Әдебиет:

Негізгі:

1. «Денсаулық қорғау және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексі 2009жылдың 18қыркүйегінен.

2. Оспанов К.И Құқық негіздері, оқу құралы Алматы, Жеті Жарғы.

2007 жыл 217-248б.

3. Тұрлаев П.Р. Мемлекет және құқық негіздері, Қарағанды АРКО баспасы 2004 ж.

4. ҚР Конституциясы 1995 ж. өзгерістер мен толықтырулар 2008 ж. 1 қаңтарында енгізілген.

24 бап

5. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі.



Қосымша:

1. «Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері» оқу құралы, Дулатбеков Н.О. Астана Фолиант 2000 ж

2. «Қазақтың кәдімгі құқығы бойынша ақпараттар». Жинақ Алматы 1998 жыл

3. «Жалпы құқық теориясы». "Құқықтану" мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық , А.С. Пигалкина 2-ші баспа, толықтырды МГУ 1996 жыл. 1998 жыл.

4.«Құқықтық жалпы оқу ұйымдастырушыларына көмек ретінде құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру және өткізу» орындады Р.К. Баймурзаева 2-ші қосымша баспа Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл .

5. ҚР конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл

6. «ҚР конституциялық құқығы» Г. Сапарғалиев Алматы Жеті Жарғы 2005 жыл.

8.Бақылау: тақырыпты бекіту үшін жағдайлық есептерді талқылау

1 есеп


Полимерлі материалдар зауыты үнемі ластанған тіреуше суларын Дон көліне ағызып отырған. Соның нәтижесінде соңғы жылдары райондық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалаудың деректері көрсеткендей, сол маңайдын көптеген тұрғындары түрлі ішек ауруларымен ауырып, стационарда емделетін болған. Ішек ауруларымен ауырып болған азаматтар емделуге жұмсалған қаражатты материалдық өтеу үшін сотқа жүгінген. Бірақта зауыт әкімшілігі бұл ластанулар ішек ауруларының пайда болуына әкелмейді дейді.

Мекемеден емделуге байланысты материалдық шығынды өтеуді талап етуге заңды негіздері бар ма? Ішек инфекциясы пайда болғаны және тіреуше суларының ластануы туралы мәселені кім және қалай шешеді?

2есеп

санэпид қадағалау орталығының бас дәрігері қалалық радио эфирында ауада көміртек тотықтары 200реттен жоғарлағаны туралы екі рет сөйледі. Бұл жағдайға халық ашуланып, ауаны тазарту үшін шұғыл шара қолдануын талап етті. Сол себептен қала әкімшілігі дәрігер өзінің өкілеттілігін асырғаны үшін және халық арасында үрей тудырғаны үшін сотқа талап жазады. Сот талапты қабылдамады, дәрігердің әрекетін заңды деп шешті. Бұл жағдайда заң бұзушылық болды ма?



3 есеп

Жергілікті газеттерде облыс аумағында туберкулез ауруының таралуы туралы және соңғы жылдары бұл аурудың көбеюі жайында жиі-жиі хабарламалар жазылды. Сол себептен облыс әкімшілігінің басшыларының бірі бұқаралық ақпарат құралдарынан халықты қорқытуды тоқтатуын талап етті, жақындағы сайлауға жүгініп, кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатумен қорқытады. облыс әкімшілігінің қызметкеріның ісі дұрыс па

4 есеп

Қалалық денсаулық сақтау департаменті дәріхананың жұмысын тексеру барысында кейбір дәрі-дәрмектер сақтау уақыты өтіп кеткеннен кейін сатылғаны үшін мекемені жабу туралы басшысын ескертіп, жеке дәріхананың басшысына сотқа шағымданды. Департамент шешімін дәріхана басшысы қайта шағымдады, себебі оның ойынша департаменттің жеке мекеменің ісіне араласуына құқығы жоқ және өзінің әрекеттерімен дәріхана басшысының құқығын бұзды. Департамент ісінің заңды негізі бар ма?



5 есеп

Жоғарғы медициналық оқу мекемесінің кафедралар және клиника қызметкерлері халыққа ортопедиялық - стоматологиялық қызмет көрсету үшін коммерциялық ұйым құрып, тіркеді. Олардың жұмысын тексеру барысында оқу орнының басшылығына лицензия берілмеген жақтық-бет хирургиясымен айналысатыны белгілі болды. Коммерциялық ұйым қала әкімшілігінің бұйрығымен жабылды. Бұл шешімнің негізі заңның қандай бұзушылықтарына жүгінді.

6 есеп

Қалалық тері-венерологиялық диспансеріне екінші рет сифилис ауруы бар ер адам жүгінді. Бірақ оны стационарда орын жоқ деп және дәрі-дәрмектің жоқтығынан емдеуге қабылдамады. Сонымен қатар бөлімше меңгерушісі ауруға жеке тәжірибеге рұқсатын және лицензиясын көрсетіп, жеке тәртіпте емделуге ұсынды. Заң бұзушылық бар ма?



7 есеп

13-жастағы қыз тері диспансерінде псориаздан емделді. Дәстүрлі әдіспен емдегеннен ешқандай пайдасы болмағасын, дарігер жанадан шыққан емдік құрал бар екенін және оны жағымды жағынан ұсынылып, жіберілгенін айтады, бірақ фармкомитет рұқсатын бермеген. Дарігер сол емдік затын қолдану үшін қыздың ата-анасынан жазбаша келісім алады. Бірақ қосалқы жағдайдан кейін дәрігердің атына шағым түскеннен кейін әкімшілік жазаға тартылды. Дәрігер заңның қандай ережесін бұзды?

8 есеп

4 жастағы баланың диагнозы дұрыс қойылмай, бір жыл бойы дәлме-дәл емес ем жүргізілген. Арнайы емдеу мекемесінде баланы тексергеннен кейін диагнозы қойылды: церебральный арахноидит. Содан кейін дұрыс ем жүргізіле бастады, бірақ сол уақытқа дейінгі емнен балада гидроцефалия пайда болып, ол мүгедек болып қалды. Міндеттерін немқұрайды атқарып, баласын мүгедек етіп қойғандары үшін баланың анасы дәрігерлерге шағымданып прокуратураға жүгінді. Ол кінәлілерді жазалап, мүгедек баласын емдеуге емдегені үшін материалдық және моралды шығынын өтеуін талап етті. Тағайындалған сот-медициналық сараптама комиссиясы диагностикада, яғни емдеу барысында да ақаулар барын бекітті. Сол себептен сот емдеуші дәрігерді кінәлі деп, 2 жыл бас бостандығынан шартпен айыруды шешті, бөлімше меңгерушісін қызметтен босату шешімін шығарды. Бірақта моралдық және материлдық шығын келтіргеннін өтеуге бас тартылды, себебі дәрігерлер қылмыстық және әкімшілік жазаларын алды.



Келтірілген залалды өтеу үшін қойылатын талаптардың құқықтық негіздерін атаңдар?

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: "Денсаулық сақтау жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі"

Сағат саны: 2

Курсы: 1


Мамандығы: 051103 Фармация

Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова

Астана, 2012 ж.

1.Тақырыбы: Денсаулық сақтау жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі.

2.Мақсаты: тақырыпты оқып-үйрену ҚР мемлекетін басқаруды, сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау жүйесін, атқарушы жүйе шеңберінде мемлекеттік билікпен таныстырады. Денсаулық сақтау жүйесі республикалық және жергілікті маңызы бар органдардан тұрады. Бұл мәселелерді қарастыру құқықтық және әлеуметтік мемлекеттегі денсаулық сақтауда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін білу үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет