Курсы 1 тобы 105



бет9/11
Дата31.10.2022
өлшемі75.89 Kb.
#463696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Клин.практика ОБЩ КЕРЕК ҚҰЖАТТАР ,2021-2022 2КУРС

Трансфузиология – қан компоненттері мен препараттарын құю туралы ғылым және заманауи медицинаның ажырамас бөлімі болып табылады.
Трансфузиология бөлімшесінің негізгі міндеттері төмендегілер болып келеді:

  • қан компоненттері мен препараттарын қауіпсіз және тиісті қолдану;

  • донорлық қан компоненттері мен препараттарын қолдануды бағалау және мониторинг жүргізу арқылы трансфузиялық терапияның сапасын басқару; 

  • қан компоненттері мен препараттарын қолданудың максималды жеделдігін, қауіпсіздігі мен негізділігін қамтамасыз ету;

  • дәлелді негізде қан және оның компоненттерін құю.

Трансфузиология бөлімшесі қызметкерлерінің құзыретіне төмендегілер жатады:

  • қан компоненттері мен препараттарын клиникалық қолдану; 

  • донор мен реципиент қанының иммунологиялық қауіпсіздігін зертханалық қамтамасыз ету; 

  • интраоперациялық аппараттық реинфузияны қамтамасыз ету;

  • донорлық компоненттер мен қан препараттарының азайтылмайтын резервтік қорын қамтамасыз ету; 

  • трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын қызметкерлерді үздіксіз оқыту; 

  • трансфузиялық терапияның және трансфузиядан кейінгі барлық асқынулардың тиімділігін бақылау;

  • қан компоненттерін сақтаудың, тасымалдаудың және құюға дайындықтың барлық кезеңдерінде «суық тізбекті» қамтамасыз ету.










04.12

Көптеген хирургиялық дерттер мен жарақаттар қан кетумен асқынады. Ал, жедел көп мөлшерде қан кету - қан жоғалту болса науқас өмірі үшін қауіпті. Бірақ, науқас организміндегі массивті қан жоғалту салдарынан дамитын патофизиологиялық өзгерістердің тереңдігі мен күрделілігі соншалық, тек қан тоқтату күткендей нәтиже бермейді. Қан жоғалтудың, айналыстағы қан көлемі мен оның құрамының азаю дәрежесіне байланысты жоғалтқан қан мен оның компоненттерінің орынын толтыру қажеттігі туындайды. Осы кездегі жүргізілетін трансфузиялық терапия жоғалған қанның орынын толтырумен қатар, организмнің кейбір функцияларын басқаруға мүмкіндік береді.
Донор - өзінің қанын өзге адамға құю үшін тапсыратын адамдарды айтады. Ал алынған қан құйылатын адамды реципиент деп атайды. Қабылданған заң бойынша донор жылына, арасына 50-60 күн үзіліс салып, 5 ретке дейін қан тапсыруға құқылы. Бір мезгілде тапсырылатын қан көлемі 200-400 мл-ді құрайды.

Клиникалық тәжірибеде “әмбебап донор” деген түсінік бар. Бұл қаны 0(1) топқа жататын адам. Қажетті топтың қаны болмағанда және қан құю шұғыл түрде қажет болғанда бұл топтық қанды кез-келген топтың реципиентіне құюға болады.

Бұдан басқа, донорлар мынадай категорияларға бөлінеді:

*белсенді донорлар - өзінің қанын жүйелі түрде, үдайы тапсырып отыратын адамдар.
*кадрлық (маман) донорлар - қан құю мекемесінде есепте түратын және жүйелі тексеруден өтіп түратын адамдар.
*туысқан донорлар - өздерінің қандас туыстарына өз қанын беретін адамдар (ата-анасы, ағасы, апасы). Мүндай қанды қүйған кезде жағымсыз әсерлер мейлінше сирек байқалады.
ақысыз донорлар - өзінің қанын ақшалы өтемсіз тапсыратын адамдар. Донорлықтың бұл түрі бүрынғы КСРО-ның республикаларында кең таралды.
*Резервтегі донорлар - қажет болған кезде бірінше кезекте қан тапсыруға дайын кадрлық донорлар.










06.12.

Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті атайды. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Күйіктің түрлері:
Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)
Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік)
Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік)
Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары:
Қатты күйік шалған кез келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін.
Күйген адамды сергітіп, тыныштандырыңыз. Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1 шәй қасық түзды қайнатылып суытылған 1 литр суға езіп еріту қажет. Күйген адамға мүмкіндігінше суды кеп ішкізіңіз. Егер күйген жердің аумағы үлкен болса (қолының мөлшерінен екі есеге жуық үлкен болса), онда мынандай сусын дайындаңыз:
Бір литр суға: жарты қасық тұз және жарты қасық ас содасын қосыңыз. Будан басқа оған 2—3 ас қасық қант немесе бал салыңыз, ал бар болса. кішкене ғана апельсин мен лимон қышқылын да қосқан артық болмайды.
Күйген адам сұйықты мейлінше көп ішуі керек, әсіресе жеңіл дәретке жиі-жиі бара бастағанша іше бергені жақсы. Ол көп жері күйген болса күніне 4 литрге дейін, ал өте көп күйік шалғандай жағдайда 12 литрге жуық су ішуі қажет. Күйіп зардап шеккен адам құрамы протеинге бай тамақты көбірек ішкен жөн. Жалпы ас атаулының қай-қайсынан да бас тартудың қажеті жоқ.










07.12.

Хирургиялық емді талап ететін, ағзаға ішіне микробтардың ену және көбеюі салдарының дамыған ірінді-қабыну процесің хирургиялық инфекция деп атайды . Асептика – ашық жарақатқа және ағза ішіне микробтарды түсірмеуге бағытталған кешендік шаралар.
Хирургияның негізгі заны – ашық жарақаттың бетімен жанасатың барлық заттар залалсыз болу кажет.
Ота, танғыш ауыстыру,емшара бөлмелердін ішінде антисептикалық заттардың қолдануымен келесі жинастырулар орындалады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет