Зерттеу міндеттері:
және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың экспериментальді негіздемесін беру;
Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық ұсыныстар түзу.
Түркістан қаласындағы орта оқу орындарының оқушылары арасындағы
баскетбол ойынынын насихаттаудағы олқылықтарды шешуге атсалысу;
- Баскетбол ойынының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау, сауалнама жүргізу, баскетболшының дене дайындығы мен арнайы сапаларын тестен өткізу, математика-статистикалық өңдеу және SPSS бағдарламасы (Mann Whitney-U, ANOVA анализдері) қолданылды.
Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу. Түркістан қаласындағы жаөспірімдер мен балалар арасындағы баскетбол спортын дамыту жобасы аясында зерттеу нысаны ретінде қалалық №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен № 4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатыстырылды. Зерттеу жұмысын бастар алдында мектеп басшыларынан қажетті рұқсаттар алынды. Аталмыш мектептерден жалпы саны 115 қыз бала қатыстырылды.
Жобаны жүргізу барысында мына жағдайлар ескерілді:
- Жасына қарай бала ағзасы өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер сан жағынан да (салмағы, бойы), сапа жағынан да әсер етеді. Сондықтан балаларға үлкендерге қоятындай емес, талаптардың көлемін азайтып, оларды баланың жасына лайықтап беру қажет.
- Бала ағзасының дамуы үздіксіз әрі әрқалыпта жүреді. Белгілі бір кезеңдерде түбегейлі өзгерістер болады. Мысалы, жыныстық жетілу кезеңі ұлдарға қарағанда қыздарда ерте болады; 11-13 жаста қыздар бой мен салмақ жағынан ұлдардан озып кетеді; ұлдарда бұлшықет күші 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жаста қарқынды дамиды.
- Балалардың дене сапаларының даму қарқыны мен басқа да қабілеттері белгілі бір кезеңдерге сәйкес келеді. Жауап беру шапшаңдығы, мысалы, 15-жасқа дейін дамиды, жоғары жылдамдықты арттыру 13-14 жаста барынша қарқынды жүргізіледі.
- Қимылдың әрбір түрінде қыздардың жас ерекшелігі топтарына қарай көрсеткіші де әртүрлі болады. Сондықтан жас ерекшелігі дамуына қарай құрылған алғышарттарды ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |