Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау.
«Баскетболдан хабардарлық» сауалнамасына Түркістан қаласындағы №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен № 4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатыстырылды. Аталмыш мектептерден жалпы саны 115 қыз бала қатыстырылды.
Түркістан қаласындағы №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен № 4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларының «Баскетболдан хабардарлық» сауалнамасына жоғарыда көрсетілген мектептерден жас ерекшелігі төмендегідей ретпен анықталды (1-сурет).
Сурет 1 - «Баскетболдан хабардарлық» сауалнамасына қатысқан респонденттердің жас ерекшелігі (санмен)
Зерттеу нысаны саналатын аталмыш мектеп оқушыларының «Баскетболдан хабардарлық» сауалнамасына қатысқан респонденттердің сыныптары бойынша көрсеткіштері (1-сурет).
Сурет 2 - «Баскетболдан хабардарлық» сауалнамасына қатысқан респонденттердің сыныбы (%)
№18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен № 4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларының «Баскетболдан хабардарлық» сауалнамасына қатысқан респонденттердің арасынан Баскетбол үйірмесіне қатысқандар 40%, үйірмеге қатыспағандар 60%. Оқушылар арасынан осыған дейін баскетбол үйірмесіне қатысқандардың 55%-ы 1 жылға дейін қатысқан, ал 45%-ы 1 жылдан көп уақыт үйірмеге қатысқандығы анықталды (3-сурет).
Сурет 3 - «Баскетболдан хабардарлық» сауалнамасына қатысқан респонденттердің баскетбол үйірмесіне қатысқандығы мен уақыты (%)
Түркістан қаласындағы №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларының Баскетболдан хабардарлық деңгейін анықтау мақсатында Mann Whitney-U тесті жүргізілді және нәтижелер 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Түркістан қаласы оқушыларының баскетболдан хабардарлық
деңгейі білім алатын мектебіне байланысты нәтижелері
Достарыңызбен бөлісу: |