Курсы: I семестрі: І шымкент -2014


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14мин(15%)



бет3/4
Дата23.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#154839
1   2   3   4

8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14мин(15%)

  • оқушылардың білімін жан – жақты тексеру.

  • сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру.

9.Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспармен таныстыру.

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы.

  • Жаңа сабақты сапалы игеу үшін жаңа оқу әдістерін қолдану.

10.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

Мұрын жұтқыншақтан материал алып, жасалынған жұғындыны микроскоппен көрiп суретiн салу.

Уретрадан, жатыр мойнынан, тiк iшектен дайын жұғындыны микроскопирлеп, қорытынды жасайды.

Менингиттi диагностикалау үшiн бактериологиялық және серологиялық зерттеулерден алынған нәтижелердi салыстырып отырып, қорытынды жасап, хаттама толтыру.



11. Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б)

  1. Урологке Н деген 22 жасар науқас келдi. Ол зәр шығарғанда ауырсынатын, жыныс жолдарынан iрiңдi бөлiну бар екендiгiн айтып шағымданды. Ауырғанына он күндей болды. Соңғы аптада пенициллин қабылдаған.Қандай ауруға күдiктенуге болады? Қандай зерттеу әдiсiн ұсынасыз? Қандай жағдайда бактериоскопия арқылы дұрыс нақтылай жауап беруi мүмкiн? Зерттеу үшiн қандай материал алынуы керек? Материалды лабораторияға тез арада жеткiзудiң қажеттiлiгi неде? Нелiктен соңғы жылдары көбiнесе бактериологиялық зерттеудi қолданып жүр? Контактi де болғандарға қандай алдын алу шараларын жүргiзу қажет?

қандай зерттеу әдiсiн ұсынасыз. қандай жағдайда нақтылай дұрыс жауап беруге болады.

  1. Ауруханаға мынадай клиникалық симптомдармен науқас түстi. Т-39°С, қатты басы ауырады, қимылында тынышсыздық байқалады. Аурудан бiрiншi күнiнен бiрнеше қайтара құсқан. Жалпы гиперестезия (жарыққа, қатты дауысқа) байқалады. Аурудың 2-шi күнiнде желке бұлшық етiнiң тартылуы болады. Мынадай жанама диагноз қойылады. Менингококты менингит. Зерттеу материалы ретiнде ликвор, мұрын мен ауыздан сiлекей, қан алынды. Жұлын сұйықтығынан жұғынды жасап, микроскоппен қарағанда лейкоциттердiң iшiнде орналасқан диплококктарды көремiз. Материалды алған соң тез арада, этиотропты терапиядан бұрын еккен.

12. Сабақты қортындылау 2 мин (2%)

13. Үйге тапсыпма беру 2 мин (2%)

Бактериялық ішек инфекция қоздырғыштары – эшерихиоз, іш сүзегі, паратиф А,В, дизентерия, сальмонеллез, тырысқақ.


8-сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Бактериялық ішек инфекция қоздырғыштары – эшерихиоз, іш сүзегі, паратиф А,В, дизентерия, сальмонеллез,тырысқақ .Шартты патогенді қоздырғышына жалпы сипаттама.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ

4.Сабақтың мақсаты: ІЖА-ның – таралу жолдарын, инфекция ошағын, инфекция көзін анықтау, науқастан тексеру мақсатта алынатын материалды таңдауды, микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.

Оқыту:

  1. Зерттелiнетiн материалды дұрыс ала бiлу.

  2. Нәжiстi дифдиагностикалық ортаға егу.

  3. Iшек инфекцияларының микробиологиялық диагностикасының схемасын қолдана бiлу.

  4. Iшек инфекцияларының бактериологиялық және серологиялық диагностикасын жүргiзе бiлу.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту:жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

5.Материалды техникалық жабдықталуы: термостат, тоңазытқыш, электірлік плиткалар, Пастер пеші, автоклав, анаэростат, дистилятор, центрифугалар, спиртовкалар, бактерицидтік лампалар және т.б.

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитафон, CD, DVDдискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталар, кестелер, сөзжұмбақтар, қоректену ортасы, бояулар жинағы, бак.ілгек, пинцеттер, қайшылар, скальпелдер және т.б.

б) оқыту орны: 310 бөлме.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Медициналық микробиология: оқулық Б.А. Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

2.Шоқанов Н. Микробиология: оқулық /Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

3.Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д,2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

4.Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. пособие.-М., 1993

5.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. и перераб.-М.,2005

6.Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. и доп.-СПб.,2000

7.Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр.-СПб., 2000

8.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./Под ред. Л.Б. Борисов.-М., 1995



Қосымша:

1.микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама.-Астана,2000

2.Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь.-Қарағанды,1992.

3.Рыс-ұлы М.Микробиология: оқулық.-Алматы,1998



7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Энтеробактериоз туыстығының жалпы сипаттамасы.

  2. Iшек таяқшасының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  3. Iшек таяқшасының биохимиялық қасиеттерi және антигендiк құрылымы.

  4. Ішек таяқшасының патогендiк факторлары.

  5. Эшерихиоздың иммунитетiнiң ерекшелiктерi.

  6. Колиэнтериттердiң және дизентерияға ұқсас эшерихиоз ауруларының микробиологиялық диагностикасы.

  7. Эшерихиоздың емдеуi мен профилактикасы.

  8. Шигеллалардың морфологиясы мен дақылдық қасиеттерi.

  9. Шигеллалардың биохимиялық қасиетi мен антигендiк құрылымы.

  10. Дизентерияның резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.

  11. Шигеллалардың патогендiлiк факторлары, инфекциядан кейiнгi иммунитетi және патогенезi мен клиникасы.

  12. Дизентерияның микробиологиялық диагностикасы, емдеуi мен профилактикасы. Vibrio туысының классификациясы,морфологиясы және дақылдық қасиеттерi.

  13. Вибриондардың биохимиялық және антигендiк құрылымы.

  14. Вибрионның патогендiк факторлары.

  15. Тырысқақ вибрионының резистенттiлiгi және эпидемиологиясы.

  16. Тырысқақтың патогенезi, клиникасы және инфекциядан кейiнгi иммунитетi.

  17. Тырысқақ ауруында лабораторияға зерттелетiн материалды алу, консервациялау және тасымалдау ерекшелiктерi.

  18. Тырысқақ ауруының микробиологиялық диагностикасыан.

  19. Тырысқақтың профилактикасы, диагностикасы және емдеуі.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті. Сабақты өткен сабақпен, күнделікті өмірмен байланыстырып көптеген ойындар арқылы өткізу.

8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14мин(15%)

  • оқушылардың білімін жан – жақты тексеру.

  • сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру.

9.Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспармен таныстыру.

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы.

  • Жаңа сабақты сапалы игеу үшін жаңа оқу әдістерін қолдану.

10.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

А) Плоскирев және Эндо ортасында өскен колонияны суреттеу.

Б) Плоскирев ортасында өскен түссiз колонияны Рессель ортасына қайта егемiз.

В) Эндоортасында өскен колонияны серологиялық идентификациялау мақсатында диагностикалық сарысумен шынында реакция агглютинация жасаймыз қорытындылаймыз.



  1. Зерттелiнетiн дақылдан жұғынды дайындап микроскоптау.

  2. Сiлтiлi пептон суында өсiрiлген дақылдың қозғалғыштығын анықтау.

  3. Керi агглютинация реакциясының /0-тырысқаққа қарсы сарысуымен/ нәтижелерiнен белгiлеу.

  4. Зерттелiнетiн материалдың полимиксин қосылған ортада өскен - өспендiгiн белгiлеу және гексаминдi тестiң нәтижелерiн тексеру жүргiзiлген зерттелуге қорытынды жасау.

11. Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б)

  1. Балмұздақ жегеннің нәтижесінде ішек инфекциясы пайда болады. Клиникалық бағыты кең диапозонды формалармен сипатталған. Балмұздақты және материалды лабораториялық зерттеу нәтижесінде Грам теріс капсула түзбейтін жылжымалы таяқшалар бөлінген. Дақылдау температурасы 20-260С.

  2. Бөлiнген таза дақыл тырысқақ вибрионына күдiк туғызып, колониялары түссiз, пептон суында жасуша түзедi. Дақыл “0”тырысқақ сарысуымен агглютинденедi. Тырысқақ вибриондарының - тәжiрибиелiк жолмен тұжырымдау үшiн, тағы да қандай қосымша әдiстер жасау керек.

Жауабы: Көмiрсулары бар/триада Хейберга/ пробиркалармен және “С” және “Эль-Тор” фагтармен сынама қояды.

12. Сабақты қортындылау 2 мин (2%)

13. Үйге тапсыпма беру 2 мин (2%)

Ауа-тамшылы және анаэробты инфекция қоздырғыштары.


9-сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Ауа-тамшылы және анаэробты инфекция қоздырғыштары.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ

4.Сабақтың мақсаты: Туберкулез, күл, көкжөтел клостридия, сіреспе қоздырғыштарының микробиологиялық диагностикасын меңгеру.

Оқыту:

Зерттелiнетiн материалды дұрыс ала бiлу.

Газды гангрена клостридиясы, сіреспе, ботулизмнің лабораториялық диагностикасын үйрету.

тәрбиелік:білімділікке, тазалыққа,еңбексүйгіштіккетәрбиелеу.

дамыту:жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

5.Материалды техникалық жабдықталуы: термостат, тоңазытқыш, электірлік плиткалар, Пастер пеші, автоклав, анаэростат, дистилятор, центрифугалар, спиртовкалар, бактерицидтік лампалар және т.б.

а) техникалық құралдар: компьютерлер, 8интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитафон, CD, DVDдискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталар, кестелер, сөзжұмбақтар, қоректену ортасы, бояулар жинағы, бак.ілгек, пинцеттер, қайшылар, скальпелдер және т.б.

б) оқыту орны: 310 бөлме.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Медициналық микробиология: оқулық Б.А. Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

2.Шоқанов Н. Микробиология: оқулық /Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

3.Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д,2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

4.Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. пособие.-М., 1993

5.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. и перераб.-М.,2005

6.Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. и доп.-СПб.,2000

7.Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр.-СПб., 2000

8.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./Под ред. Л.Б. Борисов.-М., 1995



Қосымша:

1.микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама.-Астана,2000

2.Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь.-Қарағанды,1992.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

1. Адам туберкулезінің арнайы алдын-алу жолдарын атаңыз?

2. Манту реакциясы не үшін қолданылады?

3. Көкжөтелдің профилактикасын атаңыз?

4.Клостридиялалардың жалпы сипаттамасы.

5.Сiреспе қоздырғыштарының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

6.Газды гангренаның патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.

7.Газды гангренаның зертханалық диагностикасы.

8.Газды гангренаны емдеу және алдын- алу.

9.Ботулизм қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

10.Ботулизм қоздырғышының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.

8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14мин(15%)


  • оқушылардың білімін жан – жақты тексеру.

  • сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру.

9.Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспармен таныстыру.

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы.

  • Жаңа сабақты сапалы игеу үшін жаңа оқу әдістерін қолдану.

10.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

11. Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б)

1.6-айлық баланы анасы ауруханаға алып келді, анасаның шағымына қарағанда баласы тоқтаусыз жөтелуде, кейде демігіп қалады, жүрегі қатты соғуда. Клиникалық белгісіне қарай қандай диагноз қояр едіңіз?

2. 50 жастағы ер кісі ауруханаға жедел түсті, температурасы 38-39 оС тершеңдік, түнгі тер, жөтел, тамаққа тәбеті жоқ, әлсіз. Сіздің диагнозыңыз?

3. Тағамды пайдаланғаннан туындаған орталық жүйке жүйесінің ауыр улануымен сипатталатын инфекциялық ауру:

а) сіреспе ботулизм

b) ботулизм

c)менингит

d)гонорея

e)газды гангрена

4. Спорасы терминальды орналасқан патогенді клостридия.



  1. Clostridium perfringens

  2. Clostridium botulinum

  3. Clostridium tetani

  4. Clostridium novyi

  5. Clostridium septicum

5. Газды гангрена қоздырғышы таралатын тұқымдастық (әулиет):

  1. Bacillaceae

  2. Vibrionaceae

  3. Enterobacteriaceae

  4. Pseudomonadaceae

  5. Nesseriaceae

6. Ботулизм қоздырғышына тән емес морфологиялық қасиет:

  1. спора түзеді

  2. талшығы болады

  3. грамоң

  4. капсула түзеді

  5. таяқша тәрізді

12. Сабақты қортындылау 2 мин (2%)

13. Үйге тапсыпма беру 2 мин (2%)

Аса қауіпті инфекция қоздырғыштары.


10-сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Аса қауіпті инфекция қоздырғыштары

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ

4.Сабақтың мақсаты: Оба, туляремия, бруцеллез, сібір күйдіргісінің зертханалық әдістерін меңгеру. Микробиологиялық диагноз қою әдісін меңгеу. Зерттелетін материалды дұрыс таңдау.

Оқыту:

Оба, туляремия, бруцеллез, сібір күйдіргісінің лабораториялық зерттеу әдістерін үйрету. Зерттелетін материал алу ідісі.



тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту:жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

5.Материалды техникалық жабдықталуы: термостат, тоңазытқыш, электірлік плиткалар, Пастер пеші, автоклав, анаэростат, дистилятор, центрифугалар, спиртовкалар, бактерицидтік лампалар және т.б.

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитафон, CD, DVDдискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталар, кестелер, сөзжұмбақтар, қоректену ортасы, бояулар жинағы, бак.ілгек, пинцеттер, қайшылар, скальпелдер және т.б.

б) оқыту орны:303, 308, 310 бөлме.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Медициналық микробиология: оқулық Б.А. Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

2.Шоқанов Н. Микробиология: оқулық /Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

3.Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д,2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

4.Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. пособие.-М., 1993

5.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. и перераб.-М.,2005

6.Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. и доп.-СПб.,2000

7.Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр.-СПб., 2000

8.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./Под ред. Л.Б. Борисов.-М., 1995



Қосымша:

1.Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама.-Астана,2000

2.Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь.-Қарағанды,1992.

3.Рысұлы М.Микробиология: оқулық.-Алматы,1998



7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Бруцелланың жiктелуi, морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  2. Бруцелланың биохимиялық және антигендiк қасиеттерi.

  3. Бруцеллездiң резистенттiлiгi және эпидемиологиясы.

  4. Бруцеллездiң патогендiк факторлары, патогенезi және инфекциядан кейiнгi иммунитет.

  5. Бруцеллездiң зертханалық диагностикасы.

  6. Бруцеллездiң арнайы алдын алу және емдеу.

  7. Туляремия қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  8. Туляремия таяқшасының биохимиялық активтiлiгi және антигендiк құрылымы.

  9. Туляремияның қоздырғышының эпидемиясы және резистенттiлiгi.

  10. Туляремияның арнайы алдын алу және емдеу.

  11. Сiбiр күйдiртiсiқоздырғышының морфологиясы, және дақылдық қасиеттерi.

Сабақтың мақсаты мен міндеті. Сабақты өткен сабақпен, күнделікті өмірмен байланыстырып көптеген ойындар арқылы өткізу.

8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14мин(15%)

  • оқушылардың білімін жан – жақты тексеру.

  • сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру.

9.Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспармен таныстыру.

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы.

  • Жаңа сабақты сапалы игеу үшін жаңа оқу әдістерін қолдану.

10.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

  1. Обаға микробиологиялық диагностика: зерттелетiн материалдан алынған дайын жұғындыны микроскоптау. Алдын ала диагноз қою. Кемiрушiлер псевдотуберкулез бактериясынаң оба қоздырғышын дифференциация үшiн тестередi қолдану.

  2. Туляремияның серодиагностикасы: агглютинин мен сарысу реакциясының нәтижесiн жүргiзу.

  3. Бруцеллездiң серологиялық реакциясы. Райт агллютинация реакциясының нәтижесiн жүргiзу. қорытынды жасау.

  4. Сiбiр күйдiргiсiнiң микробиологиялық диагностикасы. А/ зерттелетiн материалдан дайын препаратты микроскоптау, алдын-алу диагноз қою. Асколь /кольцепреципитация реакциясы көмегiмен зерттелетiн материалдағы/ өлген жануарлардың жүнiнен /сiбiр күйдiргiсiне тән антигендердiң болуын анықтау. қоытынды жасау.

11. Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б)

  1. Жұқпалы аурулар жататын бөлiмге 30 жастағы М. атты науқас түстi, мынадай шағыммен дене температурасы 38-39оС ке дейiн көтерiлген, басы ауырып, бұлшық еттерi ауырсынған, тамағы ауырған. Ауру 3 күнге созылады. Бiр апта бұрын көлге шомылып, су жұтып тұншығып қалған. Объективтi түрде: бетi, көздiң шырышты қабаттары қызарған, брадикардия, гипотания. Бауыр және көк бауыр шамалы ұлғайған. Оң жағында қатарлы тонзиллит. Оң жақтағы асты лимфа түйiндерi 5см-ге дейiн ұлғайған, шамалы ауырсынады.

Денсаулық сақтау мекемелерiнiң нәтижесi бойынша осы аумақта жыртқыштар арасында туляремияның эпизоологиясын бақылауда. Алдын-ала қойылған диагноз: Туляремияның ангионозды бубонды түрi? Зертханалық диагностикада қандай тәсiлдердi қолдану керек? Бактериялогиялық әдiс арқылы қоздырғыштың таза дақылын табуға мүмкiндiк болмады. Осыны қалай түсiндiруге болады? 0,1мл. туляриндi терi астына жiберiп 48 сағаттан соң иньекция салған жерде 10 мм дейiнгi инфильтраттың пайда болғанын байқадық.

Терi аллергиялық сынаманың нәтижесiн қалай бағалауға болады? Қантамшы реакциясында агглютинацияға туляремия диагностикумын қосқанда тез арада оң болып шықты. Ол ненi бiлдiредi? Серодиагностикада тағы басқа қандай реакция жүргiзуге болады? Олардың диагностикасының титрi қандай?

Басы ауырып, 39оС-пен инфекциялық ауруханаға науқас ауырып түстi. Объективтi түрде: лимфа түйiндерi қатты ұлғайған, ауырсынады.Бұл науқас ауылдық обаға байланысты эпидемиялық зонасынан келген. Алдын-ала клиникалық диагнозы обаның бубонды формасы деп қойылды. Микроскоппен көргенде бубонның құрамынан биполярлы боялған сопақша келген таяқшаларды көрдiк. Уақытында эффективтi түрде эпидемияға қарсы шараларды қолдану үшiн бактериялогиялық келiсiм қажет. Зерттелетiн материал арнайы ыдысқа. Мартеннiң қоректiк агарына егiлдi. Егiлген қоректiк ортаны 25-28оС бiр тәулiкке қойылды. Микроскоппен агарға қарағанда торлап тоқылған орамалға ұқсаған колониялар, ол сорпада мақта тәрiздi тұнбаның өскенiн байқадық. Идентификациялау үшiн қандай зерттеулер қажет, зерттеу кезiнде қандай тактикалық қате жiберiлген?Зертханалық /диагностикада серологиялық реакциялар және экспресс-зертханалық әдiстер қолданылады ма? Обаға қарсы емдеу және профилактика үшiн қандай препараттар қолданылады.

12. Сабақты қортындылау 2 мин (2%)

13. Үйге тапсыпма беру 2 мин (2%)

Венерологиялық және урогенитальді инфекция қоздырғыштары


11-сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Венерологялық, урогенитальді және трансмиссивті инфекция қоздырғыштары.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ

4.Сабақтың мақсаты: Жыныстық инфекциялардың жұғу жолдарын, таралуын, науқасқа микробиологиялық диагноз қою әдістерін, тексерілетін материалды таңдауды талдап түсіндіру.

Оқыту:

  1. Мерез қоздырғышының, спирохетоздардың, хламидиоздардың, риккетсиоздардың және микоплазмоздардың микробиологиялық диагностикалау әдістерін қолдану.

  2. Осы ауруларда қолданатын емдеу препараттарының диагностикалық, профилактикалық шаралары.

тәрбиелік:білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту:жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет