Тесттер:
1. Жалпы кедергiнi қамтамасыз ететiн, резистивтi тамырлар болып ... саналады.
А) артериолар мен венулар
В) қолқа мен артериялар
С) артериялар мен капиллярлар
Д) вена мен венулар
Е) вена мен артериолар
2. Клод-Бернар тәжiрибиесi бойынша мойындық симпатикалық жүйкенi тiтiркендiргенде қоянның құлақ тамырлары ... .
А) тарылады, тонусы жоғарлайды
В) тарылады, тонусы төмендейдi
С) тамыр көлемi және тонусы өзгермейдi
Д) кеңейедi, тонусы төмендейдi
Е) кеңейедi, тонусы жоғарлайды
3. Тамырлардың рефлексогендi аймақтарының барорецепторларынан импульстердi қан тамырларды қозғалтатын орталыққа жеткізетін ... жүйкелер.
А) депрессорлық және синокаротидтi
В) кезеген және симпатикалық
С) тiл жұтқыншақ және симпатикалық
Д) қолқа және парасимпатикалық
Е) депрессорлық және диафрагмальдi
4. Қан қысымының шамасы ... байланысты.
А) жүрек айдауына және жалпы қантамыр кедергiсiне
В) жүрек айдауына және онкотикалық қысымға
С) жалпы қан тамыр кедергiсiне және плазма құрамына
Д) айналымдағы қан көлемiне және осмотикалық қысымға
Е) шеткерi кедергiге және қандағы оттегi құрамына
5. Реограмма ... баға бередi.
А) қанның толуына және тамырлардың тонусына
В) қанның толуына және систолалық қысымға
С) қанның толуына және диастолалық қысымға
Д) қанның толуына және пульстiк қысымға
Е) қанның толуына және ортаңғы қысымға
6. Қан қысымының күрт төмендеуi ... байқалады.
А) артериолаларда
В) артерияларда
С) веналарда
Д) капиллярларда
Е) венулаларда
7. Тамырлардағы рефлексогендi аймақтардың хеморецепторларын тiтiркендiрсе артериялық қысым ... .
А) жоғарылайды
В) төмендейдi
С) өзгермейдi
Д) кенет төмендейдi
Е) фазалық түрде өзгередi
9. Тамырлардың рефлексогендi аймақтарының барорецепторларынан импульстердi қан тамырларды қозғалтатын орталыққа жеткізетін ... жүйкелер.
А) депрессорлық және синокаротидтi
В) кезеген және симпатикалық
С) тiл жұтқыншақ және симпатикалық
Д) қолқа және парасимпатикалық
Е) депрессорлық және диафрагмальдi
10. Лимфалық қозғалыстың негiзгi қозғаушы күшi болып ... табылады.
А) лимфалық тамырлардың және түйiндердiң өзiндiк жиырылу белсенділігі+
В) жүрек жұмысы
С) қолқа мен веналық қысымның айырмашылығы
Д) қаңқа бұлшықеттердiң жиырылуы
Е) осмостық қысымның айырымы
11. Пневмоторакс дегенiмiз бұл ... .
А. плевралық қысым атмосфералық қысымға тең болуы
В. плевралық қуыстағы терiс қысым болуы
С. плевра қуыстағы оң қысым болуы
Д. плевра қуысында көмiрқышқыл газының мөлшерiнiң көбеюi
Е. плевра қуысында қанның болуы
Достарыңызбен бөлісу: |