1. Тақырыбы: Эндокриндік жүйенің құрылым-қызметтіне қарай жіктелуі.
№ 8
1. Тақырыбы: Қалқанша, қалқан серік, айырша бездер
2. Мақсаты: Ішкі сөлініс бездерінің физиологиялық ерекшеліктерін үйрену
3. Тапсырма: презентация дайындау және қорғау+ кроссворд құрастыру.
4.Орындау түрі: СД немесе ДVД дискісіне басылған презентация және кроссворд
5. Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз
6.Тапсыру мерзімі: 4-ші аптада.
7. Әдебиет. № 2 қосымшаны қараңыз
8.Бақылау:
Сұрақтары:
1. Гипофиз қайда орналасқан?
2. Гипофиздің құрамды бөлігі қандай?
3. Аденогипофизде қандай гормондар бөлініп шығады?
4. Нейрогипофизде қандай гормондар бөлініп шығады?
5. Гипофиз және гипоталамустың қандай ерекшеліктері бар?
6. Қалқанша безі қайда орналасқан?
7. Қалқанша безі қандай гормондар бөліп шығарады?
8. Қалқанды серік безі қайда орналасқан?
9. Қалқанды серік безі қандай гормон бөліп шығарады?
10. Бүйрек үсті безі қайда орналасқан?
11. Бүйрек үсті безінің құрамы қандай?
12. Бүйрек үсті безінің қыртысында қандай гормондар түзіледі?
13. Бүйрек үсті безінің милы қабатында қандай гормондар түзіледі?
14. Қандай бездің түрі ұйқы безіне әсер етеді?
15. Ұйқы безінің қандай жасушалары эндокриндік жуйеге әсер етеді?
16. Ұйқы безіне қандай альфа-клеткалары бөлінеді?
17. Ұйқы безіне қандай бета-клеткалары бөлінеді?
Тесттер:
1. Гормонның түзiлуiн ... үдетедi.
А) сыртқы ортаның температурасының жоғарлауы, қанның жалпы көлемiнiң азаюы және осмостық қысымының жоғарлауы
В) сыртқы ортаның температурасының жоғарлауы, қанның осмостық және жалпы көлемiнiң көбеюi
С) қан қысымының жоғарлауы, ауаның температурасы мен қанның осмостық қысымының төмендеуi
Д) қан қысымының төмендеуi, ауаның температурасы мен қанның осмостық қысымының төмендеуi
Е) қан қысымының азаюы, ауаның температурасы мен қанның осмостық қысымының
2. Микседема байқалады ... гипофункциясында.
А) қалқанша бездiң
В) бүйрек үстi бездерiнiң
С) ұйқы безiнiң
Д) жыныс бездерiнiң
Е) нейрогипофиздың
3. Қалқанша маңы бездерiнiң гормонына ... жатады.
А) паратгормон
В) тирокальцитонин
С) инсулин
Д) глюкагон
Е) альдестерон
4. Паратгормонның қанға бөлiнуi ... тудырады.
А) кальцийдiң жоғарылауын
В) кальций төмендеуiн
С) амин қышқылдарының жоғарылауын
Д) амин қышқылдарынын төмендеуiн
Е) фосфордың жоғарылауын
5. Гипофизде тропиндердiң бөлiнуiн ... реттейдi.
А) либериндер
В) йодтиронин
С) катехоламин
Д) статиндер
Е) глюкокортикоидтар
6. Қалқанша бездiң гормондарына ... жатады.
А) тироксин, трийодтиронин, тирокальцитонин
В) адреналин, тироксин, холин
С) секретин, холецистокинин, вилликинин
Д) трийтодтиронин, тироксин, секретин
Е) тироксин, вилликинин, адреналин
7. Антидиурездiк гормон секрециясы көбейгенде … .
А) су реабсорбциясы көбейдi, несеп бөлiнуi азаяды
В) су реабсорбциясы азаяды, несеп бөлiнуi көбейдi
С) су реабсорбциясы өзгермейдi, несеп бөлiнуi көбейдi
Д) су реабсорбциясы азаяды, несеп бөлiнуi өзгермейдi
Е) су реабсорбциясы көбейдi, несеп бөлiнуi өзгермейдi
8. Гипофиздiң соматотроптық гормоны жасалуын (синтезiн) ... күшейтедi.
А) ақуыз
В) гормондар
С) көмiрсулар
Д) майлар
Е) витаминдер
9. Менструалды циклды бақылайтын гормондарға ... жатады.
А) ФСГ, эстрогендер, ЛСГ, прогестрон
В) меланотропин, андрогендер, ЛСГ, прогестрон
С) СТГ, ФСГ, прогестрон, эстроген
Д) ФСГ, глюкагон, СТГ, паратгормон
Е) ФСГ, инсулин, прогестрон
10. Әйелдердiң жыныстық гормондарына ... жатады.
А) эстрон, эстрол, эстрадиол
В) паратгормон, серотонин, тирокальцитонин
С) серотонин, экстриол, брадикинин
Д) тироксин, экстрон, тестотерон
Е) тестотерон, тироксин, серотонин
№9
Достарыңызбен бөлісу: |