Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр


Білім берудің және оқытудың әдістері



бет2/4
Дата30.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
#168123
1   2   3   4

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: құрбақада артериялық және веналық гиперемияны қоздыру. Қимылсыз бақаны тақтайдың үстіне шалқасынан , оның оң жақ бүйірінің ортаңғы үштен бір бөлігі тақтайдың домалақ тесігіне сәйкес келетіндей етіп жатқызады. Іштің оң жақ бүйір сызығы бойымен ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігін қайшымен , алдымен теріні, бұлшықетті , содан соң ішастарды қырқады. Ашылған құрсақ қуысынан ішкі мүшелерді жарақаттап алмай, абаймен аш ішектің бір ілмегін шығарады, ішастарды тақтайдың тесігіне жайып, түйрегішпен бекітіп қояды. Ішастар препаратын дайындаған кезде, аш ішектің оралып қалмауын қадағалап тұру керек. Дайындалған препаратты микроскоптап, аздап ұлғайту арқылы тамырлардағы қалыпты қан ағысының көрінісін зерттейді. Мұнда тамырлардың ішкі қуысының көлеміне, қызметтегі капиллярлар санына, қанның ағу жылдамдығына назар аударады. Артериялық және веналық гиперемияға қатысты өзгерістерді сипаттайды.



Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: Гросстың модифицирленген әдісі арқылы іріңдегі протеазаны анықтау.



  1. Бірінші пробиркадан басқа барлық пробиркаларға 0,5 мл-ден натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін құяды.

  2. Бірінші және екінші пробиркаларға 0,5мл іріңнен қосып, араластырады. Екінші пробиркадан үшіншіге 0,5мл сұйықтықты құяды. Оны араластырып, үшіншіден төртіншіге 0,5мл құяды, сөйтіп әрі қарай кете береді. Сонымен, әр пробирканың түбінде 0,5 мл-ден концентрациясы азайған сұйықтық қалады.

  3. Әр пробиркаға 1 мл-ден 0,2% казеин ерітіндісін қосады.

  4. Араластырып, 40минутқа термостатқа қояды. Осы уақыт біткен соң пробиркаларды қарайды, егер ақуыз толық қайнаса, ерітінді мөлдір тұнық болады, ал толық қайнамаған пробиркадағы ерітінді тұнық емес.ферменттің күшін былай есептейді: егер толық қайнау үшінші пробиркада болса, онда 1мл казеинді қорыту үшін 0,25 мл сұйықтық жеткілікті екені белгілі. Осыдан, он рет араластырылған 1мл іріңді сұйықтық 8есе көп ақуыз мөлшерін қорытады, ал таза сұйықтық 10есе көп, яғни 80мл ақуызды қорытады.

Алынған нәтижемен қорытынды жасайды.

6.Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.



7.Бақылау
Тесттер
1. Артериялық гиперемияның негізгі тізбегі болып табылады.

А) жұмыс істеййтін капиллярлар санының көбеюі

В) қан келуінің азаюы

С) қанның ағып кетуінің қиындауы

Д) қан ағымының сызықтық жылдамдығының жоғарылауы

Е) артериолалардың кеңеюі, қан ағып келуінің жоғарылауы

2. Артериялық гиперемияға тән

А) қан ағымының көлемдік жылдамдылығының азаюы

В) веналық қанның артериялизациялануы

С) дәнекер тіннің өсіп кетуі

Д) тамырлардың көлденең кесіндісінің ауданы азаюы

Е) қызмет атқаратын қылтамыр санының азаюы

3. Артериялық гиперемия кезінде микроциркуляцияның өзгерістеріне тән

а) қан ағымының көлемдік жылдамдығының төмендеуі

б) веналық қанның артериализациялануы

в) капиллярлық қысымның жоғарылауы

г) қан тамырларының көлденең қимасының ауданының кішіреюі

д) қызмет атқаратын қыл тамырлардың санының көбеюі

А) в,c,д

В) а,в,c,

С) б,в,д

Д) а,б


Е) г,д

4. Артериялық гиперемия белгілері

А) ұлпа температурасының жоғарылауы

В) ұлпаның көгеруі

С) қан ағу жылдамдығының баяулауы

Д) веналық қысымның жоғарылауы

Е) ұлпа көлемінің кішіреюі

5. Артериялық гиперемия кезінде байқалады

А) қызару

В) көгеру

С) тін тургорының (серпімділігі) төмендеуі

Д) тін бөліктері температурасының төмендеуі

Е) жергілікті температурасының төмендеуі

6. Артериялық гиперемия салдарына жатады

а) тіннің некрозы

б) ағза қызметінің күшеюі

в) қан тамырларының жыртылып қан құйылуы немесе эритроциттердің тамыр сыртына шығуы

г) дәнекер тіннің өсіп кетуі

д) зат алмасу өнімдерінің қарқынды шығарылуы және дерттің жайылуы

А) б,в,д

В) в,c,д

С) а,б,в


Д) а,c,д

Е) а,б,д


7. Веналық гиперемияның даму себебі болуы мүмкін

А) әкелуші артерияның қысылып қалуы

В) ангиоспазм

С) әкелуші артерия саңылауының тромбпен бітелуі

Д) веналардың ісікпен басылып қалуы

Е) ұлпа жұмысының күшеюі

8. Веналық гиперемияның себебі

А) артериолалардың кеңеюі

В) артериосклероз

С) вена қақпақшаларының жеткіліксіздігі

Д) артерияның тромбозы

Е) артериолалардың тарылуы

9. Ишемия дамуының себебі

А) Ангиоспазм

В) ұлпалардың қызметінің артуы

С) тамыр тарылтқыш жүйкелердің зақымдануы

Д) веналардың ісіктермен бітелуі

Е) веналардың тромбпен бітелуі

10. Компрессиялық ишемия пайда болады

А) сырттан артерияның қысылып қалуында

В) артерияның жыртылуында

С) артериялардың тромбпен бітелуінде

Д) артериялардың тарылуында

Е) артериялардың эмболмен бітелуінде

11. Қабынудың жиі шақыратын себептері

А) химиялық факторлар

В) биологиялық факторлар

С) физикалық факторлар

Д) механикалық факторлар

Е) термиялық факторлар

12. Қабынудың компонеттеріне жатады

А) қабыну ошағындағы ацидоз, гиперосмия, гиперонкия

В) артериялық гиперемия, веноздық гиперемия, стаз

С) альтерация, қан айналым бұзылыстары экссудациямен бірге, пролиферация

Д) домбығу, қызару, қызметінің бұзылуы, ауырсыну, қабыну ошағында жергілікті температурасының көтерілуі

Е) лейкоцитоз, РОЭ жоғарылауы, дене қызуының көтерілуі

13. Қабынудың бірінші стадиясы

А) альтерация

В) лейкоциттер эмиграциясы

С) фагоцитоз

Д) экссудация

Е) пролиферация

14. Қабынудағы альтерация төмендегілердің нәтижесінде дамиды

А) флогогенді фактордың зақымдаушы әсерінің

В) қабыну медиаторларының әсерінен

С) қабыну ошағындағы физико-химиялық өзгерістердің әсерінен

Д) микроциркуляция бұзылыстарының

Е) қабыну ошағындағы зат алмасу бұзылыстардың

15. Қабыну ошағындағы заттардың ыдырауының күшеюіне әкеледі

А) гликолизде анаэробты этап ферменттерінің тежелуі

В) митохондриялық ферменттердің әсерленуі

С) аденилатциклаза әсерленуі

Д) лизосомалық ферменттердің әсерленуі

Е) майлардың асқын тотығуы ферменттерінің тежелуі

16. Қабыну ошағындағы көмір су алмасуы өзгерістеріне тән

А) липолиздің әсерленуі

В) кетон денелері түзілуі арқылы

С) нуклеотидтер, нуклеозидтер мөлшері артуы

Д) гликоген түзілуінің артуы

Е) анаэробты гликолиздің тежелуі

17. Қабынудағы жергілікті ацидоздың патогенезі

А) зат алмасудың тотықпаған өнімдері жиналуы

В) артериялық гиперемия

С) тамыр өткізгіштігінің бұзылуы

Д) лейкоциттер эмиграциясы

Е) транссудация

18. Қабынудың гуморалдық медиаторларына жатады

А) брадикинин

В) серотонин

С) простагландиндер

Д) гистамин

Е) цитокиндер

19. Гуморалдық медиаторларға жатады

А) фермент емес катиондық нәруыздар

В) комплементтің белсенді бөлшектері

С) лейкотриендер

Д) серотонин

Е) лимфокиндер

20. Қабыну ошағындағы гистаминнің қайнар көзі

А) нейтрофилдер

В) паренхиматозды жасушалар

С) лаброциттер (мес клеткалар)

Д) лимфоциттер

Е) моноциттер



Ситуациялық есеп

Кәсіпорынның медпунктіне , автоклавта болған апат нәтижесінде аяқтарын күйік шалған екі жұмысшы келді. Олар екеуі де бірдей бас ауруына, күйік орнының ауырсынуы мен ісінуіне шағымданды. Қарау кезінде, зардап шеккен А.-ның балтыры қызарған ,терісі ісінген; ал Б-ның аяғында қызару, ісінумен қатар,терісінде ашық сарғыш түсті мөлдір сұйықтықпен толы көпіршіктер анықталды. Зардап шеккен екі науқас та еңбекке жарамсыздық парағы мен емдік ұсыныстар алды, бірақ оны сақтамады.

Үш күннен соң науқас А-ның жағдайы жақсарды. Ал науқас Б-ның жағдайы айтарлықтай нашарлады: аяқтың ісінуі ұлғайып,күйген аумақта ауырсыну сезімі арта түсті, күю аумағында көптеген іріңді көпіршіктер анықталды(бактериологиялық зерттеуде алтын түсті стафилококк анықталды); дене қызуы 38,90C жоғарылады.

Сұрақтар:



  1. Науқаста қандай патологиялық үрдіс дамыды?

  2. Бір фактормен шақырылған патологиялық үрдістің әр түрлі ағымда өтуінің себептері неде?

  3. Зардап шеккен Б –дағы симптомдардың даму механизмі қандай?

Ситуациялық есеп

56жастағы ер азамат тез шаршағыштыққа, жүру кезінде болып, тоқтаған соң қоятын балтыр бұлшықеттерінің ауырсынуына, аяқтың салбырлығына, ұйып қалуына шағымданады.

Қараған кезде: аяқтары бозарған, аяқ терісі құрғақ, мұздай, тырнақтары сынғыш, екі аяғының да сыртқы артерияларындағы пульс қолға сезілмейді.

Сұрақтар:



  1. Науқаста жергілікті қан айналым бұзылысының қай түрі орын алған?

  2. Оның осы науқаста даму механизмі қандай?

  3. Науқастағы қан айналым бұзылуының қандай қолайсыз салдары болуы мүмкін?

Әдістемелік өңдеу №5

  1. Тақырыбы: Аллергия. Өспелер.

  2. Мақсаты: аллергиялық реакциялардың дамуына байланысты клиникалық және моделдік жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету. Ісіктердің дамуына байланысты клиникалық және моделдік жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • Аллергиялық реакциялардың пайда болу себептері мен даму механизмдерін оқыту;

  • Аллергиялық реакциялардың жіктелуін оқыту;

  • Аллергияның дереу дамитын және баяу дамитын түрлерін анықтау принциптерін сипаттау;

  • Канцерогенездің патогенетикалық звеноларын оқыту;

  • Қатерлі және қатерсіз ісіктерге сипаттама беру;

  • Қалыпты жасушаның ісік жасушасына айналу механизмдерін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия, анықтамасы, жалпы сипаттамасы.

  2. Аллергиялық реакциялардың түрлері, жіктелуі және сипаттамасы.

  3. Аллергендер туралы түсінік. Сенсибилизация.

  4. Аллергияның дереу дамитын түрі , сенсибилизация механизмі.

  5. Дереу дамитын аллергиялық аурулар туралы түсінік.

  6. Баяу дамитын аллергиялық реакциялар туралы түсінік.

  7. Ағзаның аутоаллергендік жағдайы туралы түсінік.

  8. Цито- және гистосаралану.

  9. Ісіктің өсуінің этиологиясы.

  10. Канцерогенездің патогенетикалық механизмдері.

  11. Соматикалық жасушалардың бласттрансформациясының механизмдері.

  12. Трансформацияланңан жасушалардың атипизмі.

  13. Ісіктік прогрессияның механизмдері.

  14. Ісіктік экспансияның жолдары.

  15. Адам ағзасы мен ісіктің арақатынасы.

  16. Ағзаның ісікке қарсы қорғану механизмдері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: Артюс феноменінің даму механизмін талдап, көрінісін зерттеу.

Сабаққа дейін 20-30күн бұрын қоянға 3-5мл жылқы сарысуын 5-6күн ішінде 5рет тері астына енгізеді. Қоянда Артюс феноменіне сай тері жамылғысының өзгерістері дамыған кезде студенттерге көрсетіледі. Сарысу енгізілген аумақты, енгізудің уақыт интервалын және дозаларын, сонымен қатар, сарысуды енгізгеннен кейін терідегі патологиялық өзгерістердің латентті кезеңін анықтайды. Тіндердің зақымдалуының айқындығын, сипатын және орналасуын , айналасындағы терінің реакциясын, ол жердегі ісіну мен ауырсынуды анықтайды.

Келесі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасайды:



  1. Артюс феномені аллергиялық реакцияның қай түріне жатады?

  2. Артюс феномені кезіндегі тері зақымдалуының дамуында қандай ықпалдардың маңызы зор?

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: Эрлихтың асцитті карциномасының жағындысындағы ісік жасшаларының атипизмін көрсету.

Әр студент Романовский-Гимзе әдісімен боялған Эрлихтің асцитті карциномасының дайын жағындысын алады. Микроскоппен қарап керекті аймақты тауып, оны иммерсионды объективпен зерттейді. Ядро мен цитоплазманың арасынан шекарасы айқын, ыдырамаған ісік жасушасын табады. Көбею атипизміне лайықты көріністерді зерттейді:


  1. Жиі болатын митоздар және амитоздар

  2. Цтиоплазманың бөлінуінсіз, ядроның бөлінуі көп ядролы жасушаның пайда болуына әкеледі;

  3. Өте үлкен ядролы жасушалардың пайда болуы;

  4. Балалық жасушалардың пайда болуы, олар өлшемдері бойынша ерекшеленеді(гигант және карлик жасушалар).

Сонымен, мына сұрақтарға жауап бере отырып, нәтижелерді бағалап, қорытынды шығарады:

  1. Жағындыда ісік жасушалары атипизмінің қандай белгілері байқалады?

  2. Ісік жасушаларының атипизміне жағындыда көрсетілгеннен басқа тағы қандай ерекшеліктер тән?

  3. Ісік жасушасының көбею атипизмінің дамуының басты механизмі қандай?

6.Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1. Джелл мен Кумбс бойынша аллергиялық серпiлiстердiң жiктелу негiзiне

жатады

А) аллергиялық серпiлiстердiң патогенезi



В) аллергиялық серпiлiстердiң клиникалық көрiнiсiнiң пайда болу уақыты

С) аллергиялық серпiлiстердiң этиологиясы

Д) аллергиялық серпiлiстердiң ауырлық дәрежесi

Е) клиникалық көрiнiстерiнiң сипаты

2. Аллергиялық серпiлiстердiң иммундық сатысының негiзiнде жатады

А) сезiмталдығы жоғары Т-лимфоциттер, антидене түзiлуi

В) аллергиялық медиаторлардың түзiлуi

С) аллергиялық медиаторлардың әсерiне Т-лимфоциттердiң түзiлуi

Д) антидененiң

Е) антидене титрi азаюы

3. Аллергиялық серпiлiстердiң патохимиялық сатысы сипатталады

А) аллергиялық медиаторлардың бүлiнуiмен

В) салалы бұлшық ет жиырылуымен

С) тамыр кемерi өткiзгiштiгiнiң жоғарылауымен

Д) иммундық кешендер түзiлуiмен

Е) микроциркуляция бұзылуымен

4. Аллергиялық серпiлiстердiң патофизиологиялық сатысы сипатталады

А) биологиялық белсендi заттардың әсерiнен ағзалармен тiндер

құрылымы және қызметiнiң бұзылыстарымен

В) биологиялық белсендi заттардың әсерленуiмен

С) иммундық кешендер түзiлуiмен

Д) антидене түзiлуiмен

Е) сезiмталдығы жоғарылаған лимфоциттердiң түзiлуiмен

5. Организмнiң сенсибилизациясы дамиды

А) аллерген алғаш түсуi кезiнде

В) анафилаксиялық шок өткергеннен кейiн

С) аллергендермен иммунотерапиядан кейiн

Д) анафилактогендi қайтадан ендiрген кезде

Е) аллергеннiң шешушi мөлшерлерiн ендiргеннен кейiн

6. Енжар сенсибилизация дамиды

А) арнайы антидене немесе сезiмталдығы жоғарылаған Т-лимфоцит енгiзгенде

В) аллергендi қайталап енгiзгенде

С) организмге гаптен түскенде

Д) меншiктi тiндер зақымданғанда

Е) нәруыздық заттарды көк тамырға енгiзгенде

7. Аллергиялық реакцияның реагинді түрінің дамуына қатысатын

иммуноглобулиндер класы

А) Е


В) М

С) А


Д) С

Е) Д


8. Аллергиялық әсерленiстiң реагиндiк түрi кезiндегi белсендi

сенсибилизацияның патогенезiнiң көрсетiлмеген тiзбегi

Аллерген → макрофаг → Т-лимфоцит → В-лимфоцит → плазмалық

жасуша → ..?..

А) иммуноглобулин Е

В) иммуноглобулин Д

С) иммуноглобулин М

Д) иммуноглобулин А

Е) иммуноглобулин G1

9. Реагиндер иммуноглобулиндерге жатады

А) Е класының

В) М класының

С) G класының

Д) D класының

Е) А класының

10. Аллергиялық серпiлiстердiң реагиндiк түрiнiң иммунологиялық сатысы

сипатталады

А) иммуноглобулин Е түзiлуi және мес жасушалардың бетiне бекуi

В) жасушаға лизосомдық ферменттердiң зақымдаушы әсерi

С) мес жасушалардыv түйiршiксiзденуi

Д) медиаторлардың бөлiнуi

Е) клиникалық көрiнiстерi

11. Өспе этиологиясында химиялық заттардың ролiн алғаш экспериментте

дәлелдеген

А) Ямагива, Ишикава

В) Раус


С) Бантинг және Бест

Д) Шоуп


Е) Л.А.Зильбер

12. Өспелер этиологиясында вирустардың ролiн алғаш экспериментте

дәлелдеген

А) Раус


В) Ишикава

С) Л.М.Шабад

Д) Ямагива

Е) Л.А.Зильбер

13. Ең дұрыс тұжырым

А) канцероген - өспе шақыратын ықпал

В) канцероген - өспе жасуша өндiрiлетiн зат

С) канцероген - онкоген

Д) канцероген - өспе туындататын, тек қана химиялық ықпал

Е) канцероген - онковирустың генi

14. Эндогендi химиялық канцерогендерге жатады

А) оттегінің еркін радикалдары мен азот тотығы

В) көпоралымды хош иiстi көмiрсулар

С) нитрозаминдер

Д) аминоазоқосындылар

Е) қарапайым химиялық қосындылар

15. Қатерлi өспелердiң алғашқы негiзгi белгiсi

А) инвазиялық өсу

В) кахексия

С) өспенiң организмге жүйелiк әсерi

Д) қайталануы

Е) Пастер эффектiсiнiң әлсiреуi

16. Қатерлi iсiкке тән биологиялық ерекшелiктер

а) жасушалардың бағынбай өз бетiнше өсiп-өнуi

б) Хайфликтiң бөлiну лимитiнiң жоғалуы

в) экспансиялық өсу

г) түйiсулiк тежелудiң жоғалуы

д) инвазиялық өсу

А) а, б, г, д

В) а, б, г

С) а, б, в, г, д

Д) а, в


Е) а, б, в

17. Тiннiң инфильтрациялық өсуi байқалады

А) қатерлi iсiкте

В) гиперплазияда

С) гипертрофияда

Д) қатерсiз iсiкте

Е) регенерацияда

18. Iсiк тiнiнiң тежелу деңгейi төмендеуi, химиялық құрылымының қарапайым

дамуы аталады

А) анаплазия

В) күрделенуi

С) конвергенция

Д) гипертрофия

Е) дисплазия

19. Iсiктiң қатерлiлiк дәрежесiнiң артуы аталады

А) iсiктiң үдеуi

В) промоция

С) иммортализация

Д) инициация

Е) iсiктiк трансформация

20. Қатерлi iсiктер жасушаларының биохимиялық атипизмiне тән

а) Пастер эффектiсiнiң әлсiреуi

б) нуклеотидтiк полимеразалардың белсендiлiгiнiң жоғарылауы

в) жасушада тiнге арнайы нәруыздар түзiлуiнiң жоғарылауы

г) изоферменттiк қарапайымдану

д) онконәруыздардың қарқынды түзiлуi

А) а, б, г, д

В) б, в, г

С) а, б

Д) б, г, д



Е) а, б, д

Ситуациялық есеп

46жастағы науқас қан аралас зәр шығарудың жиілеуіне және жалпы қимыл қозғалысының азаюына шағымданды. Тексеру нәтижесінде ісік тәрізді өсінді анықталды, оның құрамында атипиялық жасушалар табылды. Науқас он жылдан аса уақыт тігін комбинатының анилин бояғышын қолданатын , маталарды бояу цехында жұмыс істеген.

Сұрақтар:


  1. Науқаста ісіктің қандай типі дамыды?

  2. Ісіктің бұл типіне қандай өсу түрі тән?

Ситуациялық есеп

Балтыр флегмонасы бар науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін 20минуттан соң , мына белгілер пайда болды: мазасыздану, қорқыныш сезімі, бетінің қызаруы, АҚ180\90мм с.б. Тағы 20минут өткен соң науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, есінің адасуы, тырысулар, АҚ 75\55мм с.б.

Сұрақтар:


  1. Науқаста қандай жағдай дамыды?

  2. Бұл жағдайда қандай емдік шаралар жасалу керек?

Кредит №2

Әдістемелік өңдеу № 1

  1. Тақырыбы: Коронарлы жеткіліксіздік. Жүрек жеткіліксіздігі.

  2. Мақсаты: миокардтың құрылымының бұзылысына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • Жүрек қызметі бұзылысының негізгі факторларын оқыту;

  • Жүрек жетіспеушілігінің, аритмияның жіктелуін және олардың даму механизмдерін оқыту;

  • Жүректің жиырылу қызметінің дереу және ұзақ уақыттық адаптациясы механизмдерін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жүрек қызметі бұзылыстарының негізгі факторлары.

  2. Жүрек жетіспеушілігінің формалары.

  3. Жүректің тоногендік және миогендік дилятациясы.

  4. Жүректік ісінулердің даму механизмі.

  5. «Өкпелік(өкпетекті) жүрек», анықтамасы.

  6. Жүрек қақпақшаларының зақымдалуымен жүретін жүрек жетіспеушілігі.

  7. Жүрек жетіспеушілігінің жүктемелік түрлері және олардың механизмдері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: миокардқа қысым арқылы жүктеме түсіру жағдайындағы жүрек қызметінің өзгерістерін зерттеу.

Жансыздандырылған және қимылсыз бақаны тақтайдың үстіне арқсымен жатқызып, бекітеді. Көкірек қуысын кеңінен ашып, жүректің сыртынан перикардты сылып алады. Жаймен аорта пиязшығын және жүректің төменгі жағынан келетін ірі веналарды препараттап алып, олардың астынан провизорлық лигатураны өткізеді. Лигатура үстіндегі аорта доғасын сәл көтеріп, пиязшыққа жақын жерінен тіледі, сөйтіп тілінген жерге Рингер ерітіндісі бар шыны канюляның ұшын енгізеді. Содан соң систола кезінде конюляның ұшын жарты айшық тәрізді қақпақшаның арасымен қарынша қуысына өткізеді.егер конюля дұрыс орналасса, одан сол мезетте қан атқылайды. Конюляның мойнын қажетті қалыпта лигатурамен бекітіп, веналық тамырларды да қосып байлайды. Тромб түзілуінің алдын алу үшін , инесі бар шприц арқылы Рингер ерітіндісімен канюляны және жүрек қуысын жуады. Бақасы бар тақтайды алдын ала дайындалған, Рингер ерітіндісімен толтырылған перфузия жасайтын құрылғыға орнатып, конюляны соған жалғайды. Түтікшедегі сұйықтық деңгейін 10см биіктікке жеткізіп, қысқышты алып тастайды, жүрек жұмысының негізгі көрсеткіштерін тіркейді. Қарапайым формуламен оның өлшемін есептейді: А=MОxH; бұл жерде А – 1 минут ішінде жасайтын жүректің жұмысы; MO – жүректің минуттық көлемі, ол соғу көлемін 1минут ішіндегі ЖСЖ не көбейткенге тең. Соғу көлемін(мл) систола және диастола кезіндегі түтікше ішіндегі сұйықтық деңгейінің айырмашылығына қарай анықтайды; Н – жүрек пен тұтікшедегі сұйықтың деңгеіне дейінгі арақашықтықпен анықталатын қысым (см су б.б.),

Содан соң, қысқыштарды пайдаланып, сұйықтық деңгейін 30,50 және 80смге жоғарылатады, әр этапта жүрек қызметін анықтау үшін қажетті барлық көрсеткіштерді қайта тіркеп, тиісті есептеулерді жүргізеді. Алынған мәліметтердің негізінде , жүрек жұмысының, қысымдық жүктеме көлеміне тәуелді екенін көрсететін график құрады. Обсцисса осі бойымен қысым мөлшерін , ал, ордината бойымен жүректің жұмысын белгілейді.

Келесі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасайды:


  1. Қууға қарсылықтың артуы кезінде жүрек жұмысы көрсеткіштерінің қандай өзгерістері анықталды?

  2. Алынған графиктің түрлі аймақтары қалай сипатталады?

  3. Бақылаудағы көріністердің механизмдері қандай?



6.Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.

7.Бақылау
Тесттер

1.... оң қарыншалық жеткіліксіздіктің көріністеріне жатады.

|Іш шемені+

|Қан түкіруі

|Өкпе ісінуі

|Терінің бозаруы

|Тұншығу ұстамасы

2.Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң себептеріне ... жатады.

|митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi+

|өкпе артериясының тарылуы

|үшжарғақы қақпақшаның жеткiлiксiздiгi

|оң қарыншаның инфарктi

|өкпе аурулары

3.Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң белгiлерiне ... жатады.

|тұншығу ұстамасы+

|аяқтардың iсiнуi

|мойын тамырларының соғуы

|бауырдың ұлғаюы

|көгеру

4.Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі ... кезінде дамиды.



|жүрек қақпақшаларының ақаулары+

|миокард ишемиясы

|миокардиттер

|қанның көлемі азайюы

|миокардиодистрофиялар

5..... жүрек жеткiлiксiздiгiнiң миокардиалды түрi пайда болады.

|Миокард инфарктiсiнде+

|Гипертониялық ауруда

|Қанды артериовенозды шунттауда

|Қолқа коарктациясында

|Жүрек қақпақтарының ақауларында

6.Гемодинамиканың ауыр бұзылыстары ... кезінде дамиды.

|қарыншалардың жыпылығы+

|синустық аритмия

|экстрасистолия

|синустық тахикардия

|атриовентрикулярлық бөгеттің бірінші дәрежесі

7.Қауырт оңқарыншалық жеткiлiксiздiгiнiң себептерiне ... жатады.

|өкпе артериясының стенозы+

|митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi

|аортаның стенозы

|аортаның жеткiлiксiздiгi

|митралды стеноз

8.Жүректiң көлеммен зорығуы ... кезінде дамуы мүмкiн.

|митралды қақпақшаларының жеткiлiксiздiгi+

|артериялық гипертензия

|артериялық гипотензия

|қақпақшалар тарылуы

|гиперволемия

9.Жүректiң кедергiмен зорығуы ... кезінде дамиды.

|артериялық гипертензия+

|эритремия

|жүрек қақпақшаларының жеткiлiксiздiгi

|физикалық жүктеме

|гиперволемия

10.Жүректiң көлдеңен бөгетi – бұл ... қозуды өткiзудiң бұзылуы.

|жүрекшеден қарыншаға атрио-вентрикулалық түйiн арқылы+

|Гисс шоғырының сол аяқшасымен

|Гисс шоғырының оң аяқшасымен

|жүрекшелерге

|Пуркинье талшықтарына



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет