Оқытушы міндетті:
Әр студенттің сабаққа қатысуын белгілеп отыру. Студенттердің күнделікті/апталық сабаққа
қатысуын мониторинг жасау.
студент объективті себептер бойынша (нашар байланыс немесе оның болмауы, электр қуаты-
ның өшірілуі, техниканың істен шығуы және т. б.) online режимінде сабаққа қатыспаған
жағдайда студенттің қосымша ауызша сұрауын қамтамасыз етуге;
қашықтықтан оқыту жүргізілетін платформалардың бірінде түсініктеме бере отырып, білім
алушының әрбір жұмыс түрін бағалауға;
білім алушының оқу жетістіктерінің балдарын Сириус электрондық журналына қою қажет.
Оқытушы мен білім алушылар міндетті:
қашықтықтан оқыту немесе жұмыс форматында онлайн-сессия (бейне ағынын трансляциялау)
ӛткізу кезінде визуалды және сӛйлеу этикетін сақтауға, атап айтқанда: дресс-кодқа (ұқыпты
сыртқы келбетке) қойылатын талаптарды сақтауға, дененің ашық бӛлік-терін, әдепсіз,
арандатушылық немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзатын
бейнелерді, оның ішінде киімде және аяда көрсетуге жол бермеуге, осы курс бойынша білім
алушы болып табылмайтын адамдарды трансляцияға тартпауға, үй жануарларын көрсетпеуге,
кез- келген өзге, сабақтың немесе академиялық сипаттағы басқа іс-шараның қалыпты барысын
бұзуларына;
білім алушы көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқытушы немесе академиялық әкімшілік
өкілеттіктерге ие кез -келген адам білім алушының осы сабаққа/іс-шараға қол жеткізуін
тоқтатуы немесе бұғаттауы және сабақты дәлелсіз себептермен өткізіп жіберу фактісін тіркеуі
тиіс.
аталған ережелердің бұзылу сипатына байланысты университет әкімшілігі, оқытушылар мен
білім алушылар тәртіп бұзушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында мек-
тептің/факультеттің тиісті деканатына жүгінуге құқылы
Оқыту түрі:
Қашықтықтан:
dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында
контентті (оқу материалы және тапсырмалар) орналастыру
|