Сабақты өткізуді ұйымдастыру және баланың қимыл белсенділігін арттыру
Сабақ өткізудің тиімділігі, негізінен мұғалімнің сабаққа дайындығы мен сабақ жоспарын қалай іске асыратынына, сабаққа үлкен жауапкершілікпен карауына, және оқушылардың осы сабаққа деген қызығушылықтарына байланысты.
Екінші жағынан сабақтың әдістемелік тиімді де қызықты өтуі, мұғалімнің біліміне, ізденімпаздығына байланысты.
Сайй келгенде мектетегі жалпы дене тәрбиесі мұғалімінің жұмысының жемісті болуы, оның ұжымдағы беделіне де байланысты десек, одан біздер қателеспейміз. Басқасын айтпағанда балалардың сабаққа қатысуының өзі мұғалімнің беделіне байланысты. Оқушылар әдетте, әсіресе жоғарғы сынып балалары сабақты көбірек өз бетіниіе, еркін ойнағанды жақсы көреді.
Сондықтан да оларға еркіндік беріп, керек уақытта ғана ақыл-кеңес айтуға болады. Жалпы мектептің мектепішілік және қоғамдық жұмыстарына
спортпен шұғылданып жүрген белсенділерді пайдалана бліу, яғни оқушылардың өздеріне жұмыс жасатқызу мұғалімнің таптырмайтын өнері.
Сабақ тиімдігінің негізгі тәсілдерінің бірі сабақ үстінде, әсіресе гимнастика бөлімінде жаңа тапсырмалар өткенде оқушыларды мүмкіндік болғанша көбірек топқа бөлу керек. Сабақ үстінде спортгық дайындығы жақсы оқушы басқа оқушылармен жұмыс жасап, пән мұғаліміне қолғабыс тигізеді.
Мұғалім сабақ өрнегінің түрін сақтай отырып,оқушылармен өткізілетін сабактың әр бөліміңдегі жаттығулар оларды қызықтыратындай және өз белсенділіктерімен орындай алатындай болуы, яғни оқушы белсенділігін оқытушы үнемі назарда ұстауы керек.
Сабақтың негізгі бөлімі — сабақтың мақсатын орындау. Бұл бөлімде сабақтың негізгі мақсаты орындалатын болғандықтан күні бұрын ойланып,сабақ өткізілетін орын,снарядтар,басқа да керекті құрал-жабдықтар дайындалады.
Сабақтың қорытынды бөлімінің мақсаты — қимыл белсенділікті арттырудағы жаттығуларда оқушылардың психологиялық жағдайын, бастапқы қалыпқа келтіру.Міндетті түрде уйге тапсырма беріледі. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын сабақта үнемі тексеріп, жақсы орындағандарға баға қойып, көтермелеп олардың сзбаққа қызығушылығын арттыруға болады.
Мұғалім мұндай балалардың ата-аналармен сөйлесіп, балаларды спортпен шұғылдануына тарту қажет.
Мұғалім мектепте қандай жұмысты орындамасын, оқушылардың алдында үлгі тұтарлықтай болуы керек. Бұл үлгі барлық жағдайда дене тәрбиесі мұғалімі үшін, басқа пәндердің мамандығымен салыстырғанда орны бөлек.Сеоебі әр уақытта шәкірттің ұстазға еліктейтінің ескерсе "Ұстазымдай болгым келеді" дегенді спортшылар айтады, аңсайды. Екіншіден мектептегі барлық пәндердің ішіндегі мұғалімнің сабақта оқутуда көрсету тәсілін қолданатын тек дене тәрбиесі екендігін ескеретін болсақ, онда сабақтың оқуға дайьшдық үшін мұғалімнің өзі жаттығулар жасауы керек дене тәрбиесі сабағында тек қана түсіндіру арқылы сабақ өткізу оншалықты тиімді бола бермейді және де оқушылардың бәрі бірдей түсіне бермейді. Сондықтан мұғалім сабақ үстінде, яғни көрсету тәсілін қолданғанда өзі үлгі болады.
Менің педагогикалық басты талабым — оқушыны өзіннің педагогикалық шеберлігімен, дене жаттығуларына деген сүйіспеншілігімен, былайынша айтқанда шәкіртті қызықтыра бітуімен ынталандыру керек.
Спорт немесе дене қимылы қалай болғанда да тынысыз жұмыс істеуді талап етеді. Демек, талап қана денсаулыққа көіл бола алады. Олай болса күнделікті жаттығу, жүгіру денеңці ширата түссе, өзің-ақ спорттың өзің қалаған түріне икемделе басталуына жол ашады.
Егер мен оқушыны спортқа немесе өлкетану, туристік жорықтарға қызықтырып тарта блісем, онда жеңіс біздікі, мектептің де беделі өсе бастайды. Жалпы дене шынықтыру шәкірттерді ғана емес, ерексектердің де күш-қуатын әсірін, олардың денсаулығын шындап қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпат етеді. Мектеп табалдырығында әрбір сыныпқа арналған дене тәрбиесі оқулығы бар. Бұларда белгіленген бағдарлама бар. Оқушыны сол бағдарламаға сай тәрбиелеп, оларды дене шынықтыру пәнінен қажетті білім алып шығута баулыймыз. Бұл білім беру жүтіесінің мектептегі талап-тілегі.
Әрбір оқушының дене тәрбиесі пәнінен басқа алар спорттық бағыт-бағдары мұғалімнің мойныңда, оның шебеерлігі мен еңбек қорлығында. Әрине, бағдарлама сабағынды беріп, қол қусырып отыруға да болады.Бірақ жеткіншек ұрпақ бізден тәрбиенің өтімді жолдарын сұрайды. Олай болса дене шынықтыру пәнінід мұғалімі ол - жаттықтырушы міндетін атқарса және оны абыроймен жүргізсе шәкірттің де, өзіннің де, мектептің де мәртебесі өсері хақ.
Мен біраз тәжірибе жинақтадым. Содан болар мектепте оқушылардың талап-тілегіне орай спорттың бірнеше түрлерінен секциялар ұйымдастырдым. Оларға шәкірттер ынта - жігерімен қатысып жүр. Әлбетте, әрбір бата өзінің талантты ашылатын спорт түрлеріне қатысады. Бұл салада оның жолы болады. Атап айтқанда мен жұмыс істейтін мектептегі жеңіл атлетика үйірмесінің мүшелері Шаяхметов Бақытжан аудандық оқушылар арасындағы спартакиада да І-орын иеленіп, облыста ІІ-орыннан көрінді. Қазір ол Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ІІ-курс студенгі. 2006 жылғы студенттер, арасында өткен универсиада да ол І-орыннан көрінді. 9 сынып оқушысы Мирас Жақып жеңіл атлетикадан аудан чемпионы атанып, президенттік көп сайыста облыста І-орын иеленіп, үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ мектеп жанынадағы стол теннисі және баскетбол үйірмесі де облыс және аудан көлемінде жақсы нәтижелерге жетіп жүр. Стол теннисінің үйірмесіндегі Кегенбаев Жарас, Саринов Серікбол аудан көлемінде І-орынды иеленіп, командалық есеп бойынша облыста ІІ-орын иеленді. Баскетбол үйірмесіндегі 3 үл бала аудан көлеміндегі құрама команда мүшелері болып қабылданыл облыста жүлдегерлер қатары азн көрінді.
Мектеп мұғалімдері де аудаң көлемінде өткен спартакиаларда үнемі жоғары орындардан көрініп келеді. Атап айтқанда осы мектептің мұғалімдері Бегалиева Әсия тоғыз құмалақ ойынынын шебері, Әдісбеков Эрніс шахматттан, Қастеев Айдархан волейболдан, Майкотов Нұрқадам мылтық атудан облыс чемпиондары. Спортты дамыту арқылы оқу санасы да жыл сай-ын жақсартылып, орта білім алған оқушылардың көпшілігі жоғарғы оқу орындарына түсіп отырды. Олар Қастеев Айдархан, Есенов Ербосын, Шаяхметов Бақытжан, Оразбеков Төлеген, Маметурдиев Марат, т.б.
Сонымен қатар мен өз мектебімде оқушыларды ұлттық рух пен Отан сүйгіштік патриоттар тәрбиелеу мақсатында көптеген кластан тыс жұмыстар жүргіздім. Атап айтқанда "Ел есіпде ер Бекзат", "Шынықсаң шымыр боласың, "Бағы аспандаган Бақтияр", "Біз болашақ олимпиадашылар". Жоғарыда аталған бұл жұмыстар спортта үлкөн жетістіктерге жеткен адам-дар туралы мәліметтер ғана алып қоймай, оқушылардың спортқа деген үлкен қызығушылықтарын оятып, олардың жігерлерің жанып, намыстарын қайрай түскенін байқадым.
Мектептің дәлізінде әртүрлі спорт жарысында женіп алған 15 кубок, мектептің спорт чемпиондарының фотолары, әрбір сынып оқушыларынын көрсеткіштері тұрады. Күн сайын мектеп мұғалімдері дене тәрбиесінің мұғалімдерінің мұрындық болуымен 30 минуттық сергіту жаттығуларын жасап отырады. Салауатты өмір салтының сара жолы - спорт ойындары. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері жыл сайын өлкетану яғни, ауылымыздың тарихын, тау-тасын, өзен-көлін тереңірек білу мақсатында саяхаттар ұйымдастырып отырамыз. Ол саяхат бір күндік, бір жетілік болып белгіленіп, жолға шығатын. Сапар барысында күнделіктер жазылып, ол кейіннен талқыланады.
Спорттық жарыстардағы жетістігімізден басқа оқушылардың денсаулығын шындаудағы жетістігіміз қуантады. Оқушылар спорт арқылы өз денсаулықтарыан шындап отыруды дәстүрге айналдырды.Оқу жылы басталысымен әрбір сынып ертеңгілік және бос уақыттарыңда дене қимылы жаттығуларын жасайды. Мұның өзі оқушылардың көңілді отыруына, зейінді болуына күлшырындыра түседі.
Мен тек қана үлкен мерекелі күндерде ғана емес сабак үстінде, үзілістерде, кішігірім іс-шараларда ұлттық ойындарды кеңінен қолданамын. Ұлттық ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған жөн. Өйткені ойын баланың дүниеңі танып білуге қадам жасаған алғашқы басқышы.
Қазақ халқықтың ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған. Сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған.Қазіргідей арнайы оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Ұлттық ойын элеметтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына жақындатады. Ал оқушылардың табиғи жағдайда өткізілетін туристік іс-әрекетінде ұлттық ойындарын пайдалану тәрбие жұмысында оларды қызықтырып, еліктіре түседі.
Ұлттық ойыңдар оқушылардың туристік іс-әрекетінің мазмұнын байытып нақтылаудың нәтижесінде оқушылардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, жорықтар барысында туындайтын табиғи қиындьгқтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады. Мен төмендегі қазақтың ұлттық ойындарын сабағымда және сабақтан тыс уақыттарда үнемі қолданамын. Олар: "Ұшты-ұшты", "Алдым, қаш", "Қанша доп", "Асық ойындары", "Айгөлек", "Жаяу көкпар", "Қол күрес", "Бөре-неге шығу", т.б.
Міне, мен өз сабағымда осы мәселелерге баса назар аударамын. Өйткені спорт баршанын ісі. Егер жаным сау, сергек жүрем десең спортпен айналысқан абзал. Бұл емір жасыңыздың узаруына, жас ұрпақтың шымыр да, сымбатты болуына әсер етеді.
2.3.Ұлттық ойындардың сипаттамасы мен жүргізілу ережелері.
Ойын - сауық , тұрмыс салт ойындары дегеніміз –Халықтың тұрмыс –салтына,салт-дәстүріне байланысты мерекелерде ұйымдастырылатын ойындарды айтамыз.
«Қалтырауық қамыр кемпір» және «Ақ боран», «Күзем алу», «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ», «Тұқым қағар», «Жар - жар», «Қыз кәде», «Бет ашар», «Бастаңғы», «Шалма», «Түйілген шыыт», «Дауыста, атыңды айтам», «Сыйқырлы таяқ», «Шерітпек», «Белбеу тастау», « Көрші ойыны», «Сақина тастау», «Балтам тап», «Алты бақан» және т.б.
Қыз кәде
Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бірі — «Қыз кәде». Бұл ойында тартыстың бас кейіпкер ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары,
Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар «қалыңсыз қыз болса да» кәде сіз күйеу Жоқ», деп жол-жорасын жасаттырады.
Бұл ойын бүгінде республикамыздың әр жерінде әр түрлі өткізіліп, үзілмей келе жатыр. Мәселен, Оңтүетік аймақтарда ұзатылғалы отырған қызды үйден кілемге салып көтеріп алып шығып, дәл аттанар сәтінде ойынды бастайтын болған. Ал шығыс, орталың аймақтарда қызды аттандырудан ' бір күн бұрын өткізілген. Ойында білегін сыбанып, белін буған жеңгелер мен омырауын ашып, өңешін созған жігіттердің ортасында басына сәукеле киіп ұзатылатын қыз тұрады. Әзіл сез, айтыс өлеңмен жеңсең қызды алып жүре бер деген. Суырыла сөй-лейтін шешен жігіт пен тілмәр келіншек тартыса келіп, сөзге токтар жолға жүгінеді, осылайша ойын жалғаса береді, -Ойын тым ұзаққа созылуы да мүм-кін, Дегенмен ойынға үлкендерден болатын басшылық — бақылаудың нәтижесінде екі жақ тоқтамға келіп, қызды шығарып салады.
Бастаңғы
Халық арасына кең тараған ойын-сауың, әдет-ғұрып ойындарының бірі—«Бастаңғы». «Бастаңғы» ауылдағы үлкендердің жолаушылап кеткен кезінде немесе ойын-тойға, аеңа кеткен кездерінде, ауылдағы жастардың бірігіп, бір үйде бас қосып ойнайтын ойындары.
Үлкендердің ауылда жоқ кезінде ауыл жастары шаруашылыққа өздері ие болып, барлық шаруаны өздері жүргізеді. Кеш түсе бір үйге жиылады да-ойын басталады. Ойынды жиылган үйдің иесінің баласы бастап, көпшілік болып араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Жүргізушінің басқаруымен ойын жалғаса береді. Мұнда ұлт ойындарының әр түрі ойналады, айтыс, түрлі енер жарысы өткізіледі. Ойында жеңілгендер ән орындап, тақпақтар айтады, түрлі жұмбақтар шешеді, мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтады.
Бұл ойын әлі шаруашылыққа араласа қоймаған, балауса жастарды, өзін-өзі сынауына, тұрмыс-тағы түрлі жайттарды түсінуіне көмектеседі.
Дене шынықтыру және спорт ойындары дегеніміз – Дене шынықтыруға байланысты ұйымдастырылған ойындарды айтамыз.
«Атқаума», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Қоян», «Белбеу тастау», «Мысықпен тышқан», «Жаяу жарыс», «Тоспа доп», «Аш қасқыр», «Кім жылдам», «Арқан тарту», «Ашшылар жарысы», «Тартыс», «Сиқырл таяқ », «Жапалақтар мен қарлығаштар», «Асық ойындары», «Бес тас» және т.б.
Кім жылдам?
Ежелгі ойындардың бірі –кім жылдам?Ойын ауладаа, спорт залында, клас бөлмелерінде ойнала береді.Ойыншылар ойынға 2-2 лен қатынасады.Ортаға шыққан екі оқушы бір –біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады.Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды сонансоң ойн жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан ұзақ белбеу тастайды да «1,2,3» деп санайды. «Үш дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса соның жеңгені».Бұл адамның өз денесіне еркін меңгеріп тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асадыды. Ойынға басқа ойыншылар шығады.Ойын жалғаса береді.
Оймен келетін ойындар дегеніміз –Баланың логикалық ойлауы арқылы ұйымдастырылған ойындарды айтамыз.
«Неше емшек неше өркеш ?», «Ауызшаа есеп», «Үш әділ», «Үш аманат», «Қай қолымда», «Торғай мен бұтақ», «Төрт жиырма», «Мың қойда неше бақайшақ бар?», «Санамақ», «Саусақ ойыны», «Тоғыз құмалақ ойыны», «Жұмбақ айтыыс», «Жаңылт паштар» және т.б.
Торғаи мен бұтақ
Бір топ торғай ұшып келіп, ағаштың бұтағына қонады. Бұтақ басына бір торғайдан қонып еді, бір торғайға бұтақ жетпей қалды. Сонан соң бір бұтаққа 2 торғайдан қонып еді, бір бұтақ артық қалды. Сонда бұтақ нешеу, торғай нешеу.
Шенгуі.
Торғай —4.
Бұтақ —3.
Мың қойда неше бақайшақ бар?
Мың қой жайылып жүр. Осы мың қойдың аяғында неше бақайшақ бар?Бір қойда сегіз бақайшақ болады.
Шешуі:Мың қойда 8 мың бақайшақ бар
Ойын арқылы есеп шығару
Қыз қуу
Әуе таяқ
Өту жайы, құрал-жабдықтары: Алаң. Ойынға таяқтар керек: ұзынығы 8 см, жуандығы 3-4 см және ұзындығы 70-80 см, жуандығы 3-4 см.
Дайындық.Ойыншылар екі қомандаға бөлінеді. Әр команданың капитаны болады. Ойын басталар алдында капитандар жеребе тартады — қайсы команда ойынды бастайды. Командалар бір-бірінен 3 м қашықтықта қатар түзел тұрады. Ойынды бастаушылардың қолында ұзындығы 8 см таяқтар.
Ойынның сипаттамасы. Капитан таяқты құлаштап жоғары алысқа лақтырады. Екінші команданың капиланы оны муқият бақылап тұрады да, таяқ лақтырылғаннан кейін ол өзінің таяғын (ұзындығы 70-90 см) лақтырып. ұшып бара жатқан таяққа тигізуге тырысады. Егер ол тигізе атса, оның командасы ұпай алады, сөйтіп таяқты лақтыру кезегі осы команданын келесі ойыншысына тиеді. Ал егер ол тигізе алмаса, онда таяқты лақтыру кезегі алғашқы команданың келесі ойыншысына беріледі.Ойын уақытпен шектеледі немесе келісілген ұпай санына дейін жалғасады.
Ережслсрі. 1. Бір ойыншыға таяқты бірнеше рет лақтырута болмайды.
2. Ойыншыларға таяк лақтырылып жатқан алаңда туруға болмайды.
Ойынның педагогикалық мәнісі. Ойын кезінде қозғалыстағы нысанаға лақтыру икемділіктері жетіледі, дербестігі мен ынтасы артады, балалардың өзін-өзі сырттай бағалауына мүмкіндік жасалады, олардын ептілігі мен шапшаңдығы дамиды. Басым қимыл қозғалыстағы нысанаға таяқты лақтыру болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулар. Бұл ойынға көп ойыншының қажеті жоқ. Сондықтан ойыншылар саны 40 не одан да көп болса, оларды қыздардың санын тендей стіп 2-3 топқп бөлген жөн.
Бұл ойын гранат лақтыруға дайындық ретінде, сондай-ақ қозғалыстағы нысанаға лақтыру икемділіктерін жетілдіруге ұсынылады.
2 «Таяқ ойыны»
Өту жайы, құрал-жабдықтары: Алаң. Ойынға ұзындығы 1,5-2 м ұшталған найза таяқтар керек.
Дайындық. Ойынға қатысушылар қардан қалыңдығы 0.5 м қабырға жасап алады.
Ойынның сипаттамасы. Жарыс кезінде әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан қардан тұргызылған қабырғаға найза таяғын бар күшімен лақтырады. Таяқ күшпен лақтырылса, үшы қар қабырғаны тесіп шығады. Кімнін найзасы көбірек тесіп шықса, сол жеңеді.
Ережелері. 1. Найза таяқты жетекшіиін нұсқауымен ғана лақтыр; керек.
2. Кезекте тұрған ойыншылар таяқ лақтырылатын жакка етпеуі қажет.
Ойынның педагогикалық мәнісі. Бұл ойынға барлық ойыншылар белсенді қатыса алады. Ойын гранат және пайза лақтыруға дайындық ретінде қарастырылады, өйткені лақтыру икемділіктерін жетілдіреді, қол күшін арттырады, шапшаңдық пен дәлдікті дамытады. Басым қимыл — лақтыру.
Әдістемелік нұсқаулар. Бұл ойынға ұлдар да, қыздар да қатысады. Ойынды үйінді қардың қасындағы алаңдарда өткізуге болады. Қыздар үшін лақтыру қашықтығы қысқалау болады.
Ойынды күрделендіруте болады: таяқты ұзынырақ қашықтыққа екпінмен келіп лақтырсын. Мұндай әдіс ойыншыларға гранат және пайза лақтыру икемдшіктерін нгеруге мүмкіндік береді.
"Шамаң келсе, тартып ал"
Соқыр теке
Айгөлек
Тырналар
Жігіт қуу
Орамал тастау
Үшінші артық
Қамал үшін күрес
Күштілер мен ептілер 1
Белбеу
Лақтырып ұста
Жаяу көкпар
Шабандоздар жарысы
Тоқта
Атқыштар
Қасқыр мен ешкі
Көген тартыс
Ақсерек -көксерек
Қарсыласыңды көтеру
Текелер тұрысы
Аударыспақ
Төрт аяқтап тартысу
Балтыны тап Сыйлықты алып қашу
Кім алысқа
Жалау үшін күрес
Қасқыр мен қойшы
Аш қасқыр
3. Ойындардың жүргізілу әдіс – тәсілдері
3.1 Ұлттық ойын түрлері дене тәрбиесі сабағында
«Бес тас»
Дене шынықтыру сабағын өткізудегі пәндік бағдарламалардың негізгі міндеті - оқушыларды дені сау, сымбатты, икемді, салауатты болып өсугс тәрбиелеу. Ата-бабаларымыз да жас ұрпактың жоғарыдағы айтқан саладарды бойына қалыптастырып өсуіне зор мән берген. Бұл орайда ұлттық ойындардың дене шынықтыру пәнінде алатын орны ерекше. Оқушыларым-ды халқымыздың әдет-ғұрып, салт дәстүрін, тәрбиесін бойына дарыты, ұлттық ойындарды ұмытпай өсулері үшін 8-а сыныбында "Бес Тас" ұлттық ойынынаң ұлттық эстетикалық сайыс сабағын өткіздім. Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Халқымыздың адет-ғұрып, салт-санасынан, мәліметтер бере отырып ұлттық ойындарының ойналу жолдарын үйрету. "Бес тасты" қалай ойнау әдістерін, түрлерін ұйрету.
2) Дамытушылық: Халқымыздың үұлттық"Бес тас" жайлы білетітерін одан әрі дамыту.
3)Тәрбиелік:Оқушыларды отан сүйіспеншілікке, ел жандылыққа, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстұрін құрметтеуге, икемді. жылдам, епті. шымыр болып өсуте тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Ұлттық эстафеталық сайыс сабақ. Өтйіетін орны: Спорт зал
Қолданылатын құралдар: Бес тас, ысқырық, гимнастикалық төсеніш. Сабақтың барысы: А) Ұйымдастыру. Ә) Сабақтың мақсатын тұсіндіру. Б) Оқушыларды 3 -топқа бөлу
1) Топтың аты: Қызғалдақ
2) Топтың аты: Раушан
3) Топтың аты: Еңдік гүл
1) Топтың атын таныстыру
2) Топтық әнін айту
3) Топтың ұранын айту
Топтың ұйымдастыру бөлімін аяқтаған соң, ойынға кіріседі.
1) Сап жаттығулары
2) Қозғалыс жаттығулары
3) Секіру жаттығулары
4) Күш жаттығулары
5) Жалпы дамыту жаттығуларын орындату.
"Бес тас" ойыны
Ойын мазмұны ойынның шарты бойынша, ойнаушылар ең алдымен кім кімнен кейін ойнайтынын, бес тасты лақтырып, колдың сыртына түсіріп, қоршып алу арқылы кезек алысады, ең көп қыршығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы.
Бірінші кезек алған ойыншы бсс тасты ойыннын шарты бұзылғанғанға дейін қаға береді, одан кейін екінші кезектегі ойыншы ойнайды, ойын кезектесіп жалғаса береді.
1. Бірлік. Бестасты иіргеннен соң біреуін қақпа тас етіп алып қалған төрт тасты жеке-жеке бір-бірінен қағып адады.
2. Екілік. Тасты иіріп жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады.
3. Үштік. Үш тасты бірге, бір тасты бөлек қағып алады.
4. Төрттік, Төртікше қақпа тасты лақтырып төрт тасты жерге қойып, тагы лақтырып, тергеуін жерден қайта алады.
5. Жалақ. Мұнда үш жалақ немесе бес жалақ болады.
6. Алақан. Қақпа тасты лақтырып отырып, қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинайды.
7. Төрт бұрыш. Төрттасты жерге қойып, яни төрт бұрыш шығарып, қақпа тасты биікке лақтырып, тәртеуін жинап қағып алады.
8. Арқантастау
9. Үңдемес
10. Сарт-сүрт
11. Қаршу
12. Нәби. Бұл ойынды сол қолдың басбармағымен сұқ қолын жерге тіреп тұрып, оң қолмен сол қолдын сыртынан бес тасты алдыға иіріп тастайды да қақпа тасты алып нәби сайлайды, Әр тасы он ұпай десек бес тасты түгел қақса 50 ұпай болады. Тастарды қаққан кезге басқа тастарды қозғалтуға болмайды және қақпа тасты түсіріп алмауы керек. Ойыншы ойынның шартын бұзғанға дейін ойнап береді, бұзылған жағдайда ғана келесі ойыншы кезек алады.
Қортындысында жеңген топты марапаттай отырын оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырдым.Жеңілген топқа жеке тапсырмалар бері мен арқылы ұлттық ойынға деген қызығушылығын, ынта-лдын сын көтердім. Сабақ өткізу барысында оқушыларымның белсенділігін көтеріп отырдым. Сөйтіп сабаққа десек алған мақсатым орындалды.
Асық ойыны.
Асық мойын және аяқ күресі сияқты күні бүгінге дейін көпке белгілі ұлттық ойындардын көлеңкесінде қалып келе жатқан жәдігерлеріміздін бірі.
Ұпай асық.
Екі түрлі ойналады: а) қысқа'ә) ұзақ.
Әуелгісі — топтық, кейінгісі — жекелей ойын
түрлері.
А) қысқа ойын (қатысушылар 6-дан аспауы керек)
1. Ойыншылар кезек айырған соң әрқайсысы үіцш 3 асық ату сызығы 1-1,5 болатын, ұзындығы 6 м шеңбердің ортасына тігіледі.
2. 1,3,5 нөмірлі ойыншылар төрешінің оң жағында, 2, 4, 6 сол жағында тұрып атады. Ату кезегі мүлт кеткенше жалғасады, сақаны қолбалалар әкеліп беріп тұрады.
3. Үш асығы бар ұпайға бағынады, оны шығара алмағандар (2 не 1 асықпен қоса) ойыннаң шығып қалады.
4. Көп бұзылған соң ататын кеңейді тереші белгілейді.
5. Ойыншы басқа асыққа тигізіп алса, бірінші ойыншы да ойыннан шығады, басқа кездерде ойын асығын кенге тігеді.
Үш рет ойында асық тіккен ойыннан шығып қалады.
6. Ойыншы көнеге тіккен асығын ала алмасада ұтыстағы асығы үшке толса болды келесі ойынға жіберіледі.
7. Женіс топтық іріктеуде ең көп асық ұтқан ойыншнын үлесінде. Ол финалға шығады.
8. Финал топ жеңімпаздары арасында өтеді.
Ұзақ ойын
1) Екі адам арасында өтеді. Ойын 5 партиядан тұралы.
2) Көнге 20 асық тігіледі, 10 асық бір ұпайға бағаланып, кім бұрын 6 ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Ол үшін 60 асық шығаруы керек.
3) Төреші нұсқағанды емес басқаға тигізіп алса, кезек ауысады егер басіса асық көннен шығып кетсе, бір асық тігіп қайта атады.
Тігетін асығы болмаса шықасық қарсыласының ұтқанына есеп болады.
4) Үш ойында қатарынан жеңген ұтады. Олай болмаса бес партия толық ойналады.
5) Қатысушылардың бәрін ұтқан екеуі финалда бас бәйгені жеңу үшін күреседі.
Үш табан
Бұл ойынды екі түрлі ойнауға болады. а) топтық ә) жекелей.
а) Топтық ойынға 3 баладан 5 балаға дейін топтасып, 3 не 5 асықпен ойынға кіреді де, арасынан біреуі жеңгенше ойнайды. Жеңімпаз келесі топтың жеңімпазымен кездесіп, бақ сынасады. Мәселен, ойынға 30 бала қатысты делік, олар бес-бестен 6 топқа бөлініп ойнайды. Ал әр топтан жеңіп шыққандары өзара кездеседі.Оның да жеңімпаздары өзара кездесіл, қорытындысында ұтысы көп екеуі жүлдені бөліске салады.ә)Жекелейде бірінші ойын 1 асықпен, екінші ойын 2 асықпен т.с. жалғаса береді де.
бәрін жеңген екі жеңімпаз бірінші орынға таласады.
Достарыңызбен бөлісу: |