Қорқыт айтқан асыл сөз.
Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.
Самай шашы ағарған баба көрікті.
Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.
Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті.
Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,
Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.
Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі.
Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.
Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.
Қорқыт баба тақырыбы бойынша топтық жұмыс
1-топ. Қорқыт ата кітабы
2-топ. Қорқыттың нақыл сөздері
3-топ. Қорқыт туралы аңыздар
Постермен жұмыс
Бағалау Әткіншек әдісі арқылы орындалады
Жұптық жұмыс
Қорқыт атаның нақыл сөздерінің қазіргі мақал-мәтелдермен ұқсастықтарын табу.
№
|
Қорқыт атаның нақыл сөздері
|
Қазіргі қазақ мақал-мәтелдері
|
1
|
Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.
|
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
|
2
|
Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі.
|
Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрер,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрер.
|
3
|
Жат баланы қанша сақтасаң да ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.
|
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.
Ер – туған жеріне,
Ит – тойған жеріне
|
4
|
Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.
|
Өтірікшінің шын сөзі де зая.
|
5
|
Ажал жетпей өлмек жоқ.
|
Ажал жетпей жан шықпас.
|
6
|
Бас аман болса, бөрік табылады.
|
Бас аманның малы түгел.
|
Талдау. «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр» Сатқындық пен адалдық туралы әңгімелеу
Бағалау “Екі жұлдыз бір тілек” әдісі арқылы орындалады
Жеке жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |