ІІ. Тәжірибелік бөлім
2.1. Сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда Қорқыт атаға келесі тақырыптар бөлінген: «Қорқыт», «Қорқыт ата кітабы» туралы, «Қорқыт – күй атасы», «Байбөрі баласы Бәмсі – Байрақ туралы жырдың» сюжеттік желісі, «Байбөрі баласы Бәмсі – Байрақ туралы жырдың» кейіпкерлері, «Қорқыттың бейнесі», «Қорқыттың нақыл сөздері» туралы, «Қорқыттың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні мен идеялық құндылығы». Осы тақырыптардың ішінен «Қорқыттың нақыл сөздері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрастырдым:
Сабақтың тақырыбы:
|
Дананың сөзі, ақылдың көзі - Қорқыт
Қорқыттың нақыл сөздері
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
8.1.2.2 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.
8.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау;
8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
|
Сабақ мақсаты:
|
Барлық оқушылар:
Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін, ол жырлардың тақырыбы не туралы екенін анықтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Қорқыт ата туралы монолог айта алады алады, мұғалімнің көмегімен ғалымға баға бере алады, шығармаларының мазмұнын салыстыра алады және атап өтеді.
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы бойынша дәйексөз келтіреді, өз ойын пайымдай отырып, сын айта алады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |