Курстық жұмыс Пәні: Педагогика Тақырыбы



бет6/7
Дата18.10.2023
өлшемі38.5 Kb.
#480974
1   2   3   4   5   6   7
Ы.Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі (2)

Қорытынды
Адамның дүние туралы түсінігі алғашында анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білім бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлау, сұрақ-жауап тәсілдері қолнанылған. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білім құштарлығының, қисынды ойларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. ОСыған орай, сабақтың бірден-бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі – тақырыптың мазмұнынаа сәйкес жасалған дидактикалық материал болып табылады.
Ы. Алтынсарин түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. Сондықтан «табиғат ақыл деп жазды, -ол, - айналадағы қоршаған өмірді ғана қамтуға қабілетті, ал оны дамытып, біздің көргенімізді де білуге мүмкіндік беретін- дүниелік білім ғана», - деді.
Ы. Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесі ең негізгі, басты мәселе деп есептеді. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдыретінен артық ешнәрсе жоқ, - деп түйеді Ыбырай.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген екінші бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Оның «Хрестомтиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгігімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.
Бала жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды. Олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелердіі мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады.
Қорыта айтқанда, Ы. Алтынсариннің өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізгі салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет