Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ақыл ой тәрбиесі және оның міндеттері Жоспары


І.Балалардың ақыл-ойын дамытуда тәрбиенің маңызы



бет2/7
Дата09.05.2024
өлшемі40.05 Kb.
#500754
1   2   3   4   5   6   7
ақыл ой тәрбиесі

І.Балалардың ақыл-ойын дамытуда тәрбиенің маңызы
1.1. Балалардың ақыл-ойының дамуының крийтерийлері
Ақыл-ойдың дамуы – бұл, баланың жасына тәжірбиесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның дамуы тек меңгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.
Даму – баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі, психиканың, ой-санасының өсуі. Ақыл-ойдың дамуы баланы өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игерудің нәтижесінде ғана іске асады.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда кейіннен оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, құрастыру) процессінде жүзеге асырылады. Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту, тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.
Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептейді.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді, интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды жан-жақты қамтиды.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып саналады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп біледі.

Тек, ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінеді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Адам көркі - ақыл», «Асыл- тастан, ақыл-жастан», «Ақыл-тозбайтын тон, Білім-таусылмайтын кен», «Ақыл – білімге бастар жол» деген халқымыздың даналық сөздерінен-ақ, байқауға болады.


Ақыл-ойдың дамуы – бұл, баланың жасына, тәжірбиесінің молаюуы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектеп жасына дейінгі баланың білімінің дамуы жылдам қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады. Таным процесстері жетіледі, бала ақыл-ой әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етуін оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар.
Баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процессінде тілді сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Соның нәтижесінде мектеп жасына дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай, оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады.Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, құрастыру) процесінде жүзеге асырылады.
Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиенің ықпалымен жүргізіледі.Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және білім алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептеледі.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуді дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Оларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.Психология мен педогогика ақыл-ой тәрбиесі мүмкіндіктерін тиімді шешу жолдарын табу, бір жағынан баланың мүмкіндіктерін барынша пайдалану және екінші жағынан организмді қалыптастыратын шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау үшін мектеп жасына дейінгі ақыл-ой дамуының мүмкіндіктері мен заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады.
Ғалымдар ақыл-ой мен тәрбиені дамытудың көптеген мәселелерін зерттеуде мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің негізі ретінде сенсорлық тәрбиенің мазмұны мен әдістерін талдауға қажетті түсінік пен қабылдаудың даму заңдылықтары реттеліп отыр, олардың көрнекі-қимылдық, бейнелі образды және ұғымдық логикалық ойлауының қалыптасуы зерттелуде. Ақыл-ой күштері балаларды білім қорын жасауға негізгі ойлау түрлерін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактілік, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік жүйелілік болып табылады.
Диалектикалық ойлау – құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау – білімді өңдеудің логикалық тәсілдермен байланысы. Талқылау, дәлелдеу, теріске шығару, қорытынды болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.
Абстрактілік ойлау – адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы мәндіні бөлуге, абстрактілі ұғым қалыптастыруға көмектеседі.
Категориялық ойлау – айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.
Теориялық ойлау – білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.
Индуктивтік ойлау – ойдың жекеден – жалпыға, фактілерден қорытындыға қарай қозғалысы.
Дедуктивтік ойлау – ойдың жалпыдан – жекеге, қорытындыдан – фактілерге қарай қозғалысы.
Алгоритмдік ойлау – нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойларында айналадағы құбылыс жөнінде қарапайым білімнің жеткілікті үлкен қоры жиналады, олар негізгі ойлау тәсілдерін меңгереді және заттармен құбылыстардың елеулі және елеусіз белгілерін айыруға, кейбір себеп-салдар байланыстарын анықтауға қабілетті болады, оларда оқу іс-әрекетінің бастамасы қалыптасады. Ақыл-ой дамуының толысуы жақсы ұйымдастырылған іс-әрекет нәтижесінде ғана іске асады, сондықтан да тәрбиешілердің міндеті - бұл үшін жағдай тудырумен бірге балаға мақсатты тәрбиелік ықпал жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет