Курстық жұмыс Тақырыбы: Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі



бет8/13
Дата02.01.2022
өлшемі204.5 Kb.
#454376
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Заттануы

Бір Алла осы аруға кезкелтір деп, Жылаймын ертелі-кеш Жаратқанға. Қош, аман бол, алғаным, Алаша төсек салғаным. Осы қарашығыма әкесінің ит мінезін бере көрме, я, Жасаған!

Түбір және субстантив зат есімдерге, сондай-ақ Тілеулес, Құйған, Қоңыр сияқты біраз жалқы есімдерді де жатқызуға болады. Күрделі құрамды субстантивтер. Тілде семантикалық тәсілмен жасалған күрделі субстантивтердің статусын анықтаудың едәуір қиындығы бар. Себебі олар өздерінің сырт қалпы, тұлғасы жағынан бірде синтаксистік тәсілмен жасалған күрделі зат есімдермен байланысты болып келсе, енді бір жағдайда фразеологизмдік құбылыстармен барып ұласады. Бір-бірінен табиғаты бөлек осы үш сала тіл құбылысының ара жігін кейде айырып болмайды. Мысалы: ақсақал, бойжеткен, шолақ етек, тік бақай, қол жаулық атқамінер, қаратаяқ, еркек кіндікті, көн етікті, күн қақты т.б.

Күрделі субстантив зат есімдер өздерінің сырт қалпы, тұлғасы жағынан бірде аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі зат есімдермен байланысты болып келсе, енді бір жағдайда фразеологизмдік композиталармен шектесіп жатады. Линвистикалық табиғаты екі басқа осы тіл құбылыстарының ара-жігін кейде айырып болмайды. Мысалы, мына бір тіл құбылыстарына көңіл аударып көрейік: ақсақал, бойжеткен, атқамінер, ақсарбас, көкжал, көкқасқа, бозқасқа, шолақ етек, қаратаяқ, тік бақай, шүйке бас, қол жаулық т.б. Сырт қарағанда бұлардың бәрі – субстантивтер. Бірақ бәрінің субстантивтену ережесі біркелкі емес. Қиындық, міне, осы жерден келіп шығады. Егер оларды өзара салыстырып, салғастырып көрсек, ақсақал, бойжеткен, атқамінер, ақсарбас, бозқасқа, көкқасқа, көкжал дегендердің субстантивтенудің ең жоғарғы деңгейінен өтіп, реестр сол дәрежесінде күрделі зат есімдік статус алғандығы айқын байқалады. Өйткені бұлар субстантивтенудің нәтижесінде номинациялық сапа алған. Оны мына бір үзінділерден көруге болады: Жағалай сойылып жатқан ақсарбас, көкқасқалар құр ғана келіс қуанышы емес. Әлденеше бозқасқаны да сойғызды, көкқасқаны да жесті. Салтанат бойжеткеннің Тінібек үйіне алғаш келгені бұл емес. Ал қол жаулық, шолақ етек, атқа мінер, қаратаяқ, шүйке бас сияқтыларда жоғарыдағылардай номинациялық (атаулық) ұғымнан гөрі фразеологизмдік (образдылық) сипат үстемірек.

Туынды субстантив зат есімдер сияқты, күрделі субстантив зат есімдер де өздерінің сырт қалпы, тұлғасы жағынан, сондай-ақ қолданылуы жөнінен әр түрлі болып келеді. Олар әдетте кемінде екі сыңардан тұрады. Екі сыңар және атау қалпында да, жұрнақ қосылып та әр тұрпатта қолданылады. Екі сыңары да мұндай түбір түрінедегі күрделі субстантив зат есімдер көбінесе жалқы есім болып келеді. Кейбірі, мысалы, мыналар: «Құлагер», «Торжорға», «Бозжорға», «Көкбесті», «Назқоңыр», «Майдақоңыр», «Жаймақоңыр», «Жайқоңыр», «Маңмаңгер», «Ақкербез», «Ешкіөлмес», «Аласапыран» тағы осы сияқтылар.



Атау тұлғалы күрделі субстантив зат есімдер құрамы жағынан бұлай үнемі есім типті ғана болып келе бермейді. Сонымен қоса олардың бір сыңары, көбінесе соңғысы есімше тұлғасында келіп отырады. Мысалы: қолкесер, қолүздік, ауыз ашар, сірге мөлдіретер, жанкүйер, нақсүйер, атұстар, антұрған, «Кісен ашқан», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Көңіл ашар», алтыатар т.б. Мысалы, Мәніке Ысқақтың жалғыз нақсүйері боп қалған. Күрделі субстантив зат есімдер қатарында терминдік ыңғайдағы мына тәрізді біраз жасалымдарды да айтуға болады. Бұлар тілімізде, негізінен, кеңес дәуіріндеқалыптасты. Кейбірі мыналар: сүтқоректілер, қос жарнақтылар, әскери міндеттілер, асыра сілтеушілер, артта қалушылар, ту ұстаушылар (знаменосцы), қос мекенділер, қос жұпаяқтылар, бауырымен жорғалаушылар, көп аяқтылар, қоян тәрізділер, шаян тәрізділер, ашатұяқтылар, желбезек құйрықтылар, желбезек тыныстылар, буын аяқтылар, бас сүйектілер, бас сүйексіздер, шаян тәрізділер т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет