Курстық жұмыс Тақырыбы: Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі



бет9/13
Дата02.01.2022
өлшемі204.5 Kb.
#454376
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Заттануы

2.2.2 Адъективтену (сын есімге өту)

Конверсияланған сөздердің басым көпшілігі тілдің лексикасында лексикалық- грамматикалық омонимдер түрінде өмір сүретіндігі белгілі. Ж.Сарбалаевтың айтуына қарағанда «басқа сөз таптарына қарағанда, тілде конверсиялану процесіне зат есімдер мен сын есімдер бір табан жақын тұрады [4, 18]. Себебі бұл екі сөз табының синтаксистік функциясы кей жағдайда бір- бірімен ұштасып жатады. Сөйлем құрамында зат есім сын есімнің қызметін, керісінше субстантивтенген жағдайда сын есімнің барлық функциясын орындай береді. Сондықтан да бұл екі сөз табы жиі конверсияланып, тілде лексика- грамматикалық омонимдер қатарын құрайды. Қазақ тілінде сын есім мәнінде қолданылған зат есімдердің барлығы да конверсияланған сөз деп танылмай, ол тек «зат есімдердің анықтауыштық функциясы» делінеді де, лингвистикалық сөздіктерден оларға жеке сөз ретінде орын тимейді. Қазақ лексикографтары сөз функциясының өзгеруі сөз мағынасына да әсер етіп, оны мүлде басқа сөзге айналдыратынын ескермейді. Жалпы тіл біліміндегі, түркологиядағы кейбір пікірлерді ескерсек, жоғарыда мысалға келтірілген «алтын тамыр, күміс сағат, тас құдық» және т.б. деген сөз тіркестеріндегі «алтын, күміс, тас т.б.» сөздер тіптен зат есім емес. Олардың пікірінше, сөздердің қолданылу аймағы (секторы) әбден айқындалған қазіргі кезде әрбір сөз тек өз мағынасында, өз функциясында ғана жұмсалады. Басқа түркі тілдерінде зат есімдердің атрибутивтік позицияда қолданысы әбден қалыптасқан, айқындалған тұрақты құбылыс. Сол себепті жоғарыда келтірілген көзқарастар тұрғысынан қарағанда, атрибутивтік функция жұмсалған зат есімдерді «зат есім» деп тану дұрыстыққа жатпайды. Бұл- бір. Екіншіден, қандай көп мағыналы сөз болсын, оның мағыналық қырлары контексте, сөйлем құрамында басқа бңр сөздермен тіркесу барысында анықталады. Олай болса, алтын сағат, ағаш арба, тас еден, қамыс құлақ, болат пышақ т.б. сөз тіркестеріндегі алтын, ағаш, тас, қамыс деген сөздердің мағынасын «заттық» деп түсіну шындыққа қарама- қайшы келеді. Қазақ тілінде зат есімдерден сын есім жасалғанда зат есім сөздерге сын есім тудыратын аффикстер жалғанатыны белгілі. Жоғарыда мысалға келтірілген сөз тіркестеріндегі алтын, күміс, тас, болат және т.б. сөздерді сын есім деп мойындамауымыздың себебі, оларға сын есім тудыратын аффикстер жалғанбаған. Бірақ қазақ тілінде зат есімдердің үлкен бір тобы арнаулы жұрнақсыз-ақ сындануға (адъективтенуге) бейім. «Өйткені олардың бойында, профессор Құдайберген Жұбанов айтқандай, жасырын жатқан сындық мағыналар болады» [4, 20]. Ондай зат есімдер сөйлемде атрибутивтік функцияда жұмсалғанда сындық мағына иеленіп шыға келеді. Мысалы, Қоңыр қалпыңызбен неткен жұмбақ жансыз! Елеусіз Досов тірі болса, жұмбақтың шешуін таппай қоймайды. Мылтықтың ұңғысы дегені ағаш көсеу екен (Б.М.). Мұндай зат есімдер, әлбетте, сын есім тудыратын қосымшаларды керек етпейді. Олардың адъективтенуіне (сындануына) анықтауыштық функцияның өзі-ақ жеткілікті болады. Анықтауыштық қызметте жұмсалуға, әдетте, барлық зат есімдер қабілетті бола бермейді. Мысалы, кітап, орман, шам, қаламсап, дәптер, өзен, көл т.б. зат есімдер еш уақытта атрибутивтік позицияда қолданылмайды. Қазақ тіліндегі сүзеген, тебеген, қабаған, жатаған тәрізді сөздер формасы жағынан — есімшелер. Бірақ бұлар тілдік табиғаты жағынан - сын есімдер. Өйткені олар ұдайы анықтауыш қызметінде жұмсала келіп, өздерінің есімшелік мағыналарынан айырылып калған да, сын есімдерге айналып кеткен. Грамматиканың заңы бойынша, белгілі бір сөз табының құрамына енетін сөздердің барлығы да, әйтеуір, сол сөз табына тән грамматикалық категорияның бірінде тұруға тиіс. Мысалы, зат есімдер тобына жататын сөздердің барлығы да септік категориясының формаларымен түрленеді де, сөйлем құрамындасол септік формаларының бірінде тұруы қажет. Осы орайда, алтын сағат, күміс белбеу, жібек орамал, ағаш қасық және т.б. сөз тіркестеріндегі анықтауыштық қызметтегі алдыңғы сыңарларды атау септігінде тұрған зат есімдер деп қарауға бола ма? Оларды атау септігінде тұрған зат есім деп тану үшін, бұлар, біріншіден, атау септіктің кім? не? деген сұрақтарына жауап беруі керек. Бұларды ондай сұрақтарға жауап береді деп айта алмаймыз. Екіншіден, атау септігіндегі сөздің сөйлемде бастауыш мүше атқаратыны белгілі. Бұларды бастауыш мүше қызметінде тұр деп тағы айта алмаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет