Курстық ЖҰмыс тақырыбы:Қасым Қайсеновтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі



бет6/6
Дата13.09.2022
өлшемі49.09 Kb.
#460674
1   2   3   4   5   6
Жеткерген Шынар курстык ж9мыс ПМНО 19-5

Қорытынды
ҚазақжұртынабелгіліқаламгержазушыбатырҚасымҚайсенов.Өмірініңкөпбөлігі майдан шебіндеөткентұлға.Сонауелуіншіжылдарданбастапөзбасынанөткергенсоғысақиқатынжасұрпаққатанытумақсатындаәскерипублицистикағаерекшеүлесқосқанпублицистердіңбірі, әрібірегейіҚасымҚайсенов. ОлегемендіелімізтарихындатұңғышХалыққаһарманыжәнешеберпублицистретіндеорыналады. Оныңқаламынантуғаншығармаларысоғыстақырыбынаарналыпоныңақиқатбеттерінкөркемдікшындыққаайналдырып, соғыстыңдүниежүзінетигізгенкесапатын, оныңбүкілхалықпенжеке адам тағдырынақатысынкөрсетіп, соғыскезіндегіпартизандарөмірініңтереңиірімдерінебойлайалуыменқұнды. Қайсенов те өз кезеңінің қоғамдық сипатын көсемсөз тілімен жеткізу арқылы осы заманның бейнесін жасады. Өмірінің елу жылға жуығын қаламгерлікке арнаған Қайсеновтің жинаған бай тәжірибесі оның шығармашылық қызметінің жалпы міндеттері жөнінде тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. Біздің курстық жұмысымыз Қ. Қайсеновтің әдебиет әлеміне яғни балалар әдебиетіне қосқан үлесі ашуға бағытталады.
Қ. Қайсенов өз заманының өзіндік қолтаңбасы бар қаламгерлерінің бірі бола алды. Оның шығармашылық жолы – 1954 жылдан, нақтырақ айтсақ, балаларға арналған орыс тіліндегі «Юные партизаны» атты көркем публицистикалық сарында жазылған шығармасынан бастау алды.
Ал 1991 жылы «Ағалар туралы аңыз» естеліктер жинағы, 2004 жылы дәуір шындығын арқау еткен «Елімнің ертеңіне сенемін» ой-толғамдары кітабы жарық көрді. Қаламгердің қайталанбас шығармашылық жолында отыздан аса көркем туындылар жазылды. Қайсенов шығармалары бізге көп жайтты көрсетеді, халқымыздың өткен күнінің шежіресіндей сыр шертеді. Ел өмірінде болған маңызды оқиғалардың Қ. Қайсенов шығармаларынан көрініс таппағаны кемде-кем.
Қайсеновтіңшығармаларының алғашқы кезеңі. Қаламгердің орыс тілінде алғашқы шығармасы «Юные партизаны» және «Народные мстители», «Дневники братство» шығармалары мен қазақ тіліндегі «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Партизан соқпақтары», «Жау тылында», «Жау тылындағы бала», «Жас партизандар», «Днепрде», «Ажал аузында», «Сол бір жылдарда», «Бейбіт күнгі кездесулер», «Балдай тәтті балалық шақ» т.с.с. партизандардың жорық шежіресіне арналған алғашқы кітаптары, таңдамалы шығармалар жинағы, естелік-әңгімелері жарық көрді.
Бұл кезең Қасым Қайсеновтің өз көзімен көрген соғыс ақиқатын оқырманға жеткізуге талаптану, іздену, шығармашылықпен тұтастай айналысуға қанаттану кезеңі болды.
Екінші кезең 1981-1991 жылдар аралығы. Қаламгердің «Днепр жағасындағы шайқас», «Ерлік еліңді сүюден басталады», «Майдангерлер», «Партизан бауырлар ортасында», «Туысқан Чехославакия жерінде», «Ағалар туралы аңыз», «Баукеңді іздеп», «Соғыстан соң» секілді көркем-публицистикалық мақалаларымен қатар орыс тілінде «Партизанские тропы» және «Страна моего детства» кітаптары жарық көрді. Қаламгер осы кезеңде партизандар өмірі мен ерлігі туралы кітап бетіне түспей қалған ой-толғамдарын әр түрлі мерзімді басылымдарда жариялай бастады. Осы тұсты біз қаламгердің публицистикалық шеберлігінің қалыптасу, даму кезеңі деп айтуға болады.
Үшінші кезең 1992-2006 жылдар аралығы қаламгердің өзіндік жазу стилі қалыптасып, шығармашылық кемелдену кезеңі болды. Осы уақыт аралығында қаламгердің «Ағалар туралы аңыз» естелік-әңгімелер жинағы, «Елімнің ертеңіне сенемін» атты ой-толғамдарының жинағы мен «Естеліктер мен жазбалары» құрастырылып шығарылды.
Қасым Қайсенов ел тәуелсіздігін алған тұста қаламынан қол үзбей жалынды публицист ретінде жарқырап көзге түсті. Шығармашылығының алғашқы кездерінде соғыс ақиқаты, партизандардың жорық шежіресі, ерлердің батырлығы мен отансүйгіштігі тақырыбын жеткізе жазуға күш салды. Қоғам заңдылықтарына мойынсұна отырып, егеменді ел мәртебесін асқақтатуға көп күш жұмсады.
Әр жазушының өзіндік қолтаңбасы болуы керек деген қағидаға сүйенсек, Қасым шығармашылығына тән мынадай ерекшеліктерді атауға болады:

  • қаламгердің әскери шығармаларына партизандар шежіресінің шындығы арқау болған;

  • қоғамдағы кез-келген жағдай тыс қалған жоқ;

  • шығармашылығының маңызы қоғамдық пікір туғызумен, оқырманның дәуір үніне сай рухани қажетін қанағаттандырумен, заман тынысына жедел үн қосып отыруымен айқындалады;

  • көсемсөзшінің проблема қоя білу және оны талдап жеткізу шеберлігі. Қаламгер мақалаларында мәселенің қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени астары күн тәртібіндегі маңыздылығымен астасып жатыр.

Қасымның шығармашылық даралығы оның азаматтық дүниетанымынан және бүгінгі күн талабын терең сезінуінен туындап жатады.
Қаламгердің пайым-парасатынан заман тынысын, қоғамның маңызды мәселелерін, азамат тұлғасын тани білген ерекше қасиеті дараланып көрініп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет