Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет5/32
Дата13.10.2022
өлшемі138.98 Kb.
#462628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Курсты ж мысты ма саты мен міндеттері

6. Курстық жұмысты рәсімдеу

Курстық жұмысты студент А-4 форматындағы беттерде оқытушының ескертулеріне арналған жолдар қалдырып орындайды. Оның мәтіні парақтың бір бетінде, міндетті түрде компьютерде теріледі. Парақтың екі жағынан орын қалдырылады, 2,5 см сол жақтан, 1,5 см оң жақтан, жоғарыдан және төменне 2 см, мәтін шрифті 14, интервал 1,0. Курстық жұмыстың барлық беттері номерленуі тиіс. Мәтіндегі әрбір сұрақтың атауы жоспарға сәйкес болуы тиіс.


Жаңа сұрақты алдыңғы сұрақ біткен бетте, егер ол бетте сұрақтың атауынан басқа мәтіннің бірнеше жолдары сыйса бастауға болады. Сұрақтардың атауы негізгі мәтіннен бөлініп көрсетілуі тиіс.



  1. Курстық жұмысқа пікір жазу

Толықтай рәсімделген курстық жұмысты студент белгіленген мерзімде университеттің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасына тапсырады.


Курстық жұмыстың сапасы теориялық және тәжірибелік мазмұнын есепке ала отырып пікір жазушымен бағаланады.
Пікір жазуға берілген курстық жұмысты тексеру кезінде жетіспеушіліктер анықталады: мазмұнның төмен теориялық деңгейі (ол қате және ескі мәліметтер келтірілсе, мәтін толығымен немесе орталай кітаптардан, оқу құралдарынан, мақалалардан көшіріліп алынса); мәтінде жалпы қабылданғандардан басқа қысқартылған сөздер көп болса, грамматикалық және стилистикалық қателіктермен болса; курстық жұмыстың белгілі бір құрылымдық бөлімі жоқ болса (жоспар, қосымша, қолданылған әдебиеттер тізімі); титулдық бет дұрыс рәсімделмесе; шаруашылық операцияларды компьютерлендіру мен есепті ұйымдастыру бойынша қорытындылар болмаса; есепті жетілдіру мен оны компьютерлендіру барысында ұсыныстар берілмесе. Осы келтірілген жетіспеушіліктер анықталса, курстық жұмыс қайта орындауға беріледі.
Курстық жұмыс студентке келесі жағдайларда да жөндеуге беріледі:
а) егер жұмыс берілген әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген тақырыпқа сай орындалмаса және тақырыпты таңдау кестесі бойынша студентпен бекітілмесе;
б) егер тақырыпты ауыстыру кафедра меңгерушісімен рұқсат етілмесе;
в) егер курстық жұмыс тақырыбы толығымен ашылмаса немесе мазмұнында елеулі қателіктер болса.
Жағымсыз сын пікір қалыптастырған курстық жұмыс оқытушы-рецензенттің ескертулері негізінде студентпен қайта өңделеді. Қайта өңделген курстық жұмысқа қорғауға жібермеген сын-пікірмен бірге тапсыру қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет