5. Беттерді нөмерлеу
Курстық жұмыстың парақтарын, курстық жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Беттің нөмірі төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Бет нөмері «Кіріспе» бөлімінен бастап жазылады.
6. Иллюстрациялардың рәсімделуі
Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, компьютерлік басып шығаралыған беттерді, диаграммаларды) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.
Иллюстрациялар компьютермен орындалған болуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасалмауы мүмкін.
Компьютерлік басуды пайдалану арқылы графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды орындауға рұқсат етіледі.
6.1 Кестелерді рәсімдеу
Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, кесте сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек (кесте 1).
Кесте 1.
Ойын-сауық бизнесіне бірлік объектісінен салық салудың мөлшері
№
|
Ойын-сауық мекемесі
|
Айлық салық
|
Салық мерзіміне табыстың шекті мөлшері
|
Бюджетке жыл ішіндегі кірістер (мекеменің минималды көлемі бойынша)
|
1
|
Казино
|
1 ойын үстелі – 830 АЕҚ
|
135000 АЕҚ
|
20(үстел)Х830(АЕҚ)Х 12(ай)Х1512(тг.)= 301190400тг.
|
2
|
Ойын автоматтар залы
|
1 ойын автоматы – 30 АЕҚ
|
25000 АЕҚ
|
50(ой.авт).Х30(АЕҚ) Х12(айХ1512(тг.)= 27216000тг.
|
3
|
Тотализатор
|
125 АЕҚ
|
2500 АЕҚ
|
125Х12(ай)Х1512(тг.)= 2268000тг.
|
4
|
Букмекерлік кеңсе
|
75 АЕҚ
|
2000 АЕҚ
|
75Х12(ай)Х1512(тг.)= 1360800тг.
|
Курстық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.
Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |