Курстық жұмысты рәсімдеу және қорғау тәртібі туралы ереже



бет5/8
Дата10.09.2023
өлшемі238.5 Kb.
#477050
1   2   3   4   5   6   7   8
дістемелік н с ау курсты ж мыс 2021 (1)

6.2 Суреттерді рәсімдеу

Диаграмма, сызба және басқа иллюстрациялар «сурет» деп белгіленеді.


Иллюстрациялардың түрлі түсті болуы мүмкін және олар араб сандарымен ретімен нөмірлене алады. Нөмірді тарау (бөлім) шеңберінде де қоюға рұқсат беріледі. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет. Иллюстрациялардың, суреттердің қажет болған жағдайда, атаулары және түсіндірме мәліметтері (сурет астындағы мәтін) болуы мүмкін. Суретке анықтама беріліп, (сурет-1) деп белгіленеді. «Сурет» сөзін және оны түсіндірген мәліметтен кейін келесідей орналастырады:

Сурет 1. Ойын-сауық бизнесі бойынша 2008-2010 жж. түскен салықтар түсімі


7. Формулалар мен теңдеулер

Формулалар мен теңдеуді мәтіннен бөлек жолмен бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (–), көбейту (×), бөлу (:) немесе өзге математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.


Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген жалғастығымен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.
Курстық жұмысындағы формулаларды бүкіл курстық жұмысы шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңгелек жақшаларда араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Мысалы:

AVC = VC/Q (1)


мұнда: VC – ауыспалы шығындар,


Q – көлем.

Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі. Мысалы – ... формулада (1).


8. Әдебиет тізімін рәсімдеу

Әдебиеттер туралы ақпарат мәтіндегі дәйеккөздерге сілтемелердің берілу реті бойынша көрсетіледі және араб цифрларымен нүкте қойылмай нөмірленеді және азат жол басында бос орынчыз жазылады (қосымша В) .


Толық құжатты немесе оның бөлімдерін және қосымшаларына сілтеме жасау керек.
Стандарттар мен спецификацияларға сілтеме жасағанда тек олардың белгілеуі көрсетіледі, ал стандартты қолданылған көздер тізімінде толығымен сипатталған жағдайда, оларды бекіту жылын көрсетпеуге жол беріледі.
Қолданылған әдебиеттердегі мәтіндегі сілтемелер төртбұрышты жақшада берілуі керек. Мысалы, [2, 17 б.].
Нормативтік құқықтық актілерден және газеттерден ақпаратты пайдаланған кезде тек қана төртбұрышты жақшада дереккөз нөмірі көрсетілуі мүмкін. Мысалы, [7].
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі ережелерді қолданған кезде актінің толық атауы, оны қабылдаған күні және нөмірі көрстеілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет