13. Жол үшін in операциясын қолдану мысалы
Мысалда жолдағы таңбаның және жолдағы ішкі жолдың болуы анықталады.
# Жолдар үшін in операциясы
# Жолда ' N ' таңбасы бар-жоғын анықтаңыз
s = 'Transformation'
if 'n' in s:
print("Yes")
else:
print("No")
# Жолда 'fo' ішкі жолының бар-жоғын анықтаңыз
if "fo" in s:
print("Yes")
else:
print("No")
2.2 Функциональдық пернелер қызметі
Функциональдық пернелер Турбо Паскаль ортасын басқару
үшін қолданылады. Олар F1, F2, …, F12 деп белгіленіп,
пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасады. Əр перне Турбо
27
Паскаль ортасының негізгі менюінің бір командасымен бай ланысқан. Функциональдық пернелер қызметін: Alt (ALTernative –
қосымша), Ctrl (ConTRoL – басқару) жəне Shift (SHIFT – жылжыту) пернелерінің бірімен қатар басып түрлен діруге болады.
F1 – ішкі анықтамалық жүйеден мəлімет алу (Help – көмек
алу);
F2 – редакцияланып жатқан файлды дискіге жазу;
F3 – дискідегі файлды редактор терезесінде ашып оқу;
F4 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: программаның орындалуын бастау немесе тоқтату жəне программаның атқарылуын курсор тұрған жолда тоқтату;
F5 – екпінді терезені бүкіл экранды толық алатындай етіп
ұлғайту;
F6 – келесі терезені екпінді ету;
F7 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: программаның келесі жолын орындау; егер келесі жолда процедураны (функцияны) орындау керек болса, онда сол
процедураға кіріп оның бірінші операторын орындау алдында аялдау;
F8 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: программаның келесі жолын орындау; егер келесі жолда процедураны (функцияны) орындау керек болса, онда сол
процедураны (функцияны) орындап, жұмысын тексеру;
F9 – программаны компиляциядан өткізу, орындауға жібе рмеу;
F10 – негізгі меню көмегімен сұқбаттасу режиміне көшу;
Ctrl – F9 – программаны атқару: редактордағы программаны
компиляциядан өткізіп, оны жедел жадыға жүктеу жəне
программаны орындап Турбо Паскаль ортасына қайтып
оралу;
Alt – F5 – редактор терезесін программа нəтижесі шығатын
тұтынушы терезесіне ауыс ты ру.
Осы айтылғандардың ішінен біздің жиі қолданатынымыз:
Ctrl – F9 программаны орындау жəне Alt – X Турбо Паскаль ортасынан шығу. F2 жəне F3 пернелері файлмен жұмыс істеу үшін
қажет. Ал ALT – F5 пернелерінің көмегімен кез келген уақытта
орындаған программа нəтижесін көре аламыз.
28
2.3 Мəтіндік редактор
Турбо Паскаль ортасының мəтіндік редакторы программа
мəтінін жазуға жəне редакциялауға арналған ыңғайлы құралдардан тұрады. Турбо Паскаль ортасының редакциялау режимінде тұрғандығын мəтіндік редактор терезесіндегі курсорға
(жы пылықтағын кішкене тіктөртбұрыш) қарап білуге болады. Редакциялау режимі Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейін бірден
автоматты түрде орнатылады. Редакциялау режимінен Турбо Паскаль ортасының кез келген басқа режиміне функциональдық
перне немесе негізгі меню арқылы көшуге болады. Егер орта
негізгі меню жолынан таңдау режимінде тұрса, онда курсор
көрінбейді, ал меню жолында көк түсті көрсеткіш –тіктөртбұрыш
пайда болады. Негізгі меню жолынан таңдау режимінен редакциялау режиміне қайта оралу үшін Esc пернесін басу керек. Ал
негізгі меню жолынан таңдау режиміне өту үшін F10 пернесін
басу қажет.
Терезенің оң жақтағы жəне төменгі бөлігінде айналдыру
жолақшалары орналасқан (полоса прокрутки). Əр жолақшаның
мəтінге байланысты терезе курсорының қай жерде орналасқанын көрсететін жеке “курсоры” бар. Айналдыру жолақшасына
қарап, Сіз мəтіннің қай бөлігінде тұрғаныңызды жылдам анықтай аласыз.
Программа мəтінін пернетақта көмегімен тереміз. Жаңа жолға
көшу Enter пернесі арқылы орындалады.
Терезеде орналасқан жалпы символдар саны 64535-тен, ал
программаның бір жолындағы символдар саны 126-дан аспауы
керек.
Курсорды бағыттауыш пернелер (←, ↑, →, ↓) арқылы басқаруға
болады. Егер Сіз кезекті символды қате терсеңіз, оны Backspace
перне сінің көмегімен өшіруіңізге болады. Del (DELete – өшіру)
пернесі курсор тұрған орындағы символды өшіреді, ал Ctrl – Y
курсор тұрған жолды толығымен өшіреді.
Турбо Паскаль ортасында əр жолдың соңына экранда көрінбейтін жол соңы “белгісі” – бөлу символы қойылады. Бұл
символ Enter пернесінің көмегімен қойылып, Backspace немесе
Del пернесінің көмегімен өшіріледі. Егер бір жолды бірнеше жолға
бөлу керек болса, онда курсорды бөлетін жерге орналастырып,
Enter пернесін басу керек. Ал бірнеше жолды біріктіру үшін
29
курсорды бірінші жолдың соңына орналастырып, Del пернесін
немесе екінші жолдың басына орналастырып, Backspace пернесін
басу керек.
Мəтіндік редактордың қалыпты жұмыс жасау режимі –
ығыстырып енгізу, яғни кірістіру режимі, əр енгізілген символ
экрандағы мəтінді оңға жылжытып отырып жазылады. Қалып
кеткен символды немесе жолды тек осы режимде ғана қоюға
болады. Редактор сонымен бірге жаңа символды бұрын жазылған
мəтінді өшіріп, оның үстіне жазу, яғни алмастыру режимінде де
жұмыс жасай алады. Бұл режимде əр жаңадан енгізілген символ
курсор орналасқан жердегі символ орнына жазылады. Экрандағы мəтін оңға жылжы майды. Символды режимінен символдарды алмастыру режиміне көшу үшін Ins пернесін басу керек.
Ins пернесін қайта басу символды кірістіру режиміне қайта
ауыстырады. Қай режимде жұмыс жасап отырғаныңызды курсорға қарап білуге болады: символды кірістіру режимінде курсор
жыпылықтаған сызық, ал символдарды ауыстыру режимінде –
биіктігі символмен бірдей жыпылықтаған тіктөртбұрыш болып
өзгереді.
Редактордың айта кетерлік тағы бір мүмкіндігі – автошегініс
режимі. Бұл режимде алдыңғы жол қай позициядан басталса,
келесі жол да автоматты түрде сол позициядан басталады.
Автошегініс режимі программа мəтінін безендірудің жақсы стилін
береді: сол жақ шеттен басталған шегініс арқылы шартты немесе
құрама операторлар тобын ерекшелеп бөліп орналастыруға болады. Автошегініс режимін алып тастау үшін Ctrl пернесін басып тұрып, алдымен латын алфавитінің О пернесін басып, сонан
кейін О пернесін жіберіп, I пернесін басу керек. Осы пернелерді
қайталап басу жолымен автошегініс режиміне ауысуға болады.
Турбо Паскаль мəтіндік редакторының жиі қолданылатын командалары.
Курсорды жылжыту
PgUp – бір парақ жоғары;
PgDn – бір парақ төмен;
Ноmе – жолдың басына;
End – жолдың соңына;
Ctrl – PgUp – мəтіннің басына;
Ctrl – PgDn – мəтіннің соңына.
30
Редакциялау командалары
Backspace – курсордың сол жағындағы символды өшіру;
Del – курсор тұрған жердегі символды өшіру;
Ctrl – Y – курсор орналасқан жолды толығымен өшіру;
Enter – жолды курсор бойынша екіге бөлу;
Ctrl – Q L – ағымдағы жолды қалпына келтіру (курсор осы
жолдан кетпей тұрғанда ғана орындалады).
Мəтін блоктарымен (фрагментімен) орындалатын əрекеттер
Ctrl – К В – фрагмент басын белгілеу;
Ctrl – К К – фрагмент соңын белгілеу;
Ctrl – К Р – фрагментті баспаға жіберу.
Ctrl – Ins – фрагмент көшірмесін буферге алу;
Shift – Del – фрагментті буферге қиып алу;
Shift – Ins – буфердегі мəліметті курсор позициясына енгізу;
Ctrl – Del – фрагментті өшіру;
Alt – Backspace – соңғы əрекетті болдырмай тастау.
Ескерту. Фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басулы
күйде ұстап, əдеттегідей түрде белгілеуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |