Курстың мақсаты


ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ



бет2/9
Дата06.11.2022
өлшемі269.27 Kb.
#464132
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8 сынып таңдау түсінік хат

ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ
8 – сынып
(36 сағат, аптасына 1 сағаттан)

1.Кіріспе. Анатомия пәніне анықтама беру және оның басқа биология ғылымдарымен байланысын оқып білу. Анатомия бөлімдері. Анатомиялық зерттеу әдістері. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуында анатомия саласындағы білімінің маңызы.
2.Адамның табиғаттағы орны. Адам және омыртқалы жануарлардың ұқсастық белгілері. Адам ұрығы дамуының бастапқы сатысы. Жануарлар жүйесіндегі адамның биологиялық түр ретіндегі орны.
3.Адам ағзасындағы ұлпалар. Ұлпа туралы түсінік. Ұлпалардың түрлері. Эпители, дәнекер, бұлшықет, жүйке ұлпасы және олардың құрылысы. Практикалық жұмыс №1. Дайын микропрепараттарды қолдану арқылы эпителий және дәнекер ұлпаларының құрылыс ерекшеліктерін қарау.
4.Остеология. Тірек – қимыл аппараты, құрамы және маңызы. Сүйектің сыртқы және ішкі құрылысы. Сүйектің химиялық және физикалық қасиеттері.
5.Сүйек байланыстары. Қимылсыз, жартылай қимылды және қимылды сүйек байланыстары. Буындардың құрылысы және классификациясы. Қаңқа аурулары және олардың алдын алу.
6.Кеуде қаңқасы. Қаңқа құрылысына әртүрлі факторлардың әсері. Омыртқа қисайуының алдын алу.
7.Қол сүйектері. Онтогенез. Еңбекке және тік жүруге байланысты адам қолының құрылыс ерекшелігі.
8.Аяқ сүйектері. Адам құрылысындағы ерекшелігі. Жалпантабандылықтың алдын алу.
9.Миология. Белсенді тірек – қимыл аппараты, оның маңызы. Бұлшықеттің жіктелуі. Бұлшықет жұмысының негізгі ерекшеліктері.
10. Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама. Адамның асқорыту жүйесі, құрамы және құрылысы. Асқорыту жүйесінің бөлімдері, олардың құрылысы. Ауыз қуысы ауруларын алдын алу. И.П. Павловтың асқорыту жүйесін зерттеудегі жұмыстары. Дұрыс тамақтану және асқорыту гигиенасы.
11.Тынысалу жүйесі. Тыныс алу мүшелерінің жүйесі, тынысалудың маңызы. Тынысалуды реттеу. Тынысалу мүшелерінің гигиенасы.
12.Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің жүйесі. Қалыпты өмір сүру үшін зәр шығару құбылыстарының маңызы. Зәр шығару мүшелерінің гигиенасы және ауруларды алдын алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет