Kz $$$umkd name$Қаржы нарығы және делдалдары $$$umkd avtors$ Г. М. Шакаримова, И. С. Жұртыбаева$$ |
жүктеу/скачать 1.86 Mb.
|
$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3. Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері 1.Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі 2. Депозиттердің түрлері 3.Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымы &&& $$$002-003-001$3.2.3.1 Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі Бүгіндері коммерциялық банктер әр түрлі депозиттің түрін ұсынады. Қазақстанның банктік тәжірибесінде олардың мынадай түрлері бар:
Чек депозитінің негізгі типтерінің біріне өз ерекшелігі бар талап етілгенге дейінгі салым жатады:
Талап етілгенге дейінгі салымдағы несие қалдығын ең аз шамаға жеткізудің басқа да, яғни қаражатты ATS-шотқа – автоматты аудару шотына орналастыру болып табылатын әдісі бар. Бұл депозит түрі пайыз әкелетін ақша қорларын сақтаушы шоттан чектерді өтеуге арналған чектік депозиттерге автоматты түрде аударуға мүмкіндік береді. Талап етілгенге дейінгі депозиттердің бір түрі контокоррент болып табылады. Контокоррент – банктің клиентпен болатын барлық операциялары ескерілетін және клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан алынатын барлық төлемдер де, шотқа аударма, салым және т.б түрінде түсетін барлық қаражат та банк ссудасы ретінде көрініс табатын біріңғай шот. Бұл шот қолданылуына байланысты активті-пассивті деп аталады. Талап етілгенге дейінгі депозиттердің тағы бір түрі – банк пен клиент арасындағы келісімнің негізінде қаражат қалдығының шамасынан белгілі бір мөлшерде шот бойынша есептен шығару сомасын арттырудағы овердрафтқа құрылған ағымдағы шот. Талап етілгенге дейінгі депозитке мыналар жатады:
&&&
$$$002-003-002$3.2.3.2 Депозиттердің түрлері Бүгінгі таңда қазақстандық банктер ұсынып отырған жинақтаушы депозиттердің негізгі типтеріне жинақ кітапшасындағы шот, жинақ салымының жағдайы жазылған жазуы бар шот, сондай-ақ депозит шоты жатады. Жинақ кітпашасындағы шот – әкелген пайызды дереу өндіріп алуға болатын чектік емес депозиттер. Олардың ерекшеліктері мынада:
Қазақстандық депозит нарығында жинақтаушы депозиттің мынадай түрлері ұсынылады:
Жедел салымның екі негізгі түрі бар:
Алынбайтын жедел салым ең аз дегенде 1 айдан кем болмайтын ең ұзақ мерзімге енгізіледі. Салымшылары басқа депозит түріне қарағанда ең жөғарғы пайызды алады. Салым ақша иесіне келісімшартта бұрын белгіленіп ескертілген күні қайтарылады. Банктің ескертілген мерзім ішінде салымға өз қалауы бойынша толық өкімін жүргізуге құқысы бар. Депозиттік сертификат салымшының мерзімі біткенда салым ақшаның сомасын немесе ол бойынша пайызды алу құқығын айғақтайтын ақша қаражаттарының салымы туралы эмитент-банктің жазбаша куәлігін білдіреді. Әлемдік іс-жәжірибеде депозиттік сертификаттың мынадай түрлері ерекше аталып көрсетіледі:
Шығарылу тәсілі бойынша депозиттік сертификаттар келесідей бөлінеді:
Рәсімдеу тәсілі бойынша:
Төлем шарты бойынша:
Банк бондары салымды қабылдайтын банк құрылтайшылары жеке тұлғалар үшін шығарылатын, көрсетілген мерзімде қайтарылуы тиіс белгілі бір мерзімдегі қарыз міндеттемесін білдіреді. Депозиттік қызметтің ең маңызды түрлерінің біріне мерзімді және талап етілгенге дейінгіге бөлінетін банктік қаржы институттары ұсынатын банкаралық депозиттер жатады. Мұндай операциялар, әдетте, баланстың өтімділік деңгейін және есеп айрысуларды реттеу мақсатында жүзеге асырылады. Басқа банктің салым ақшасын ұстап отырған банк оларды «лоро» (осы банктің корреспонденттікшотындағы қалдық) шоты бойынша өз балансында берешек ретінде ескеріледі. Басқа банкте мұндай депозиттері бар оларды «ностро» (корреспондент-банктің) шоты бойынша активтер ретінде ескеріледі. Несие саясатын жүзеге асыру шеңберінде Қазақтан Республикасының Ұлттық банкі өзінің ақша-депозиттерін олардың таратылу деңгейі бойыншаа аудармалы және аударылмайтын етіп жіктейді. Аудармалы депозит – мұны кез келген сәтте айыппұлсыз және шектеусіз номинал бойынша ақшаға айналдыруға болады. Аударылмалы депозиттер аз ақша массаның бір бөлігі болып табылады, ал аударылмайтын немесе мерзімді депозиттер қордың негізгі үлесін құрады.
$$$002-003-099$3.2.3.3 Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымы Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №226 қаулысымен Қазақстан Республикасы банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы Нұсқамасы бекітілді, онда банк салымы шарты бойынша жинақ шоттарын ашу кезінде банк салымшыдан ақшаны (салымды) қабылдауға, банк салымы шартында көзделген мөлшерде және тәртіпте ол бойынша сыйақы төлеуге, және аталған салым түріне арналған банк заңнамасы мен банк салымы шартында көзделген талаптар мен тәртіпте салымды кері қайтаруды міндетіне алады. Ақша (салым) сол салымшының өз атына не алдағы уақытта банктің клиенті болып табылатын белгілі бір үшінші тұлға атына енгізілуі мүмкін. Банк салымы шартында мынадай міндетті талаптар болуы тиіс: салық қызметі берген құжатта көрсетілген салық төлеуші – клиенттің тіркеу номері, ондай құжатты беру жинақ шотын ашуға талап етілмейтін жағдайды қосағанда; банктің қызмет көрсету шарты оны төлеу тәртібі, сондай ақ заңнамамен белгіленген немесе оған қайшы келмейтін қосымша талаптар. Банк салымы шарты жасалғаннан кейін салымшының талап етуі бойынша банктің ішкі ережелеріне және қоятын талаптарына сәйкес банк клиентінің атына рәсімделген жасалған салымды куәландыратын құжатты банк оған беруге міндетті. Салым құжаты салымшының кітапшасын (жинақ кітапшасы) болып табылады, ол, егер салымшыға тиесілі едәуір сома туралы өзінде ақпаратты сақтайтын болса, әрқашан да жанға жай таптырады». Банк салымы шартын жасау жинақ шотын ашуға негізделеді, ол субъект-салымшыға байланысты белгілі бір градацияға ие болады. Ондай градация жинақ шоттарын ашу кезінде әр түрлі құжаттарды керек етеді. Нұсқама бойынша заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) мынадай құжаттарды тапсыруға тиіс: қолдардың үлгісі бар құжатты және мөрдің басылған таңбасы; клиенттің салық есебіне тұрған фактісін растайтын салық қызметі органының берген құжатының көшірмесі; статистикалық картаның көшірмесі; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін ұсынады. Салымшылар – жеке тұлғалар – Қазақстанның резиденттері ұсынатын құжаттар: қол үлгісі қойылатын құжат; есепке қойылатын фактіні растайтын салық қызметі органының берген құжат көшірмесін ұсынады. Салымшылар – заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері еместер және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес банктер салымшыларының (депозиторлардың) мүдделерін қорғау мақсатында салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік етуді (сақтандыруды) жүзеге арысратын ұйым құрылады. Уәкілетті орган салымдарды (депозиттерд) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жөніндегі ұйымдардың қызметінің құқықтық мәртебесін, құру тәртібін, реттеу мен тоқтатуды белгілейді. Салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) тәртібін, сондай-ақ банктермен салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік ету ( сақтандыру) жөніндегі ұйымның өзара қарым-қатынасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленеді. Банктер салымдарды (депозиттерді) міндетіт ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жүйесіне уәкілетті орган бекіткен мөлшерде және тәртіпте жүзеге асыру жолымен қатысады. Бұрын ондай уәкілетті орган Ұлттық Банк болды, ал қазіргі кезде жаңадан құрылған қадағалау функциясын жүзеге асыратын қаржы нарығы мен қаржы операцияларын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік атқарады. Несие нарығын дамыту үдерісі көбінесе депозиттерді тартуға күш салуға байланысты. Деректерге қарағанда, шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы қысқара басталуымен доллардың құнсыздану үдерісі басталды. 2002 жылға дейін доллардың өсу үдерісі жүргеніне қарамастан 2006 жыл бұрынғы жылмен салыстырғанда ол 6,1 %-ға ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлес салмағы артып, шетелдік валютадағы депозиттердің үлес салмағы керісінше азайды, сөйтіп теңгеге сенім артты. Бұл ұлттық банкінің отандық төлем қаражатының тұрақтануы бойынша тиімді ақша-несие саясатын жүргізумен түсіндіріледі. Қазақстанның валюта нарығында долларлық салымдардың тартымдылығы айтарлықтай төмендеді. Талдаушылардың көпшелігі доллар бағамының төмендеуі қысқа мерзімді деп ойлайды, егер АҚШ-тың экономикалық жағдайын ескерсек, теңгелік депозиттердің өсуі дегенмен ұзақ мерзімді сипатта болатын сияқты. Жеке тұлғалар депозиттері үлес салмағының өсуі 44,3 %-ға дейін көтерілуі, 2000-2002 жылдары жеке тұлғалар депозиттерінің өсуінен болады. 2005 жылы заңды тұлғалар депозиттері өсуі – 43 %, жеке тұлғалар депозиттерінің өсуі – 37,8 % болды және тиісінше, заңды тұлғалар депозиттерінің үлес салмағы – 2,2%-ға артты. 2006 жылы жағдай мүлдем өзгерді: заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі 9%-ға тең болды, жеке тұлғалар депозиттері 52,6%-ды құрап, 2 еседен аса өсті, тиісінше, олардың үлес салмағы айтарлықтай артты. 2007 жылы заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі біршама азайып 15,5%-ды, ал жеке тұлғалар депозиттері 22,7% болды, сондықтан да жеке тұлғалар депозитерінің өсу деңгейі соншама жоғары емес. Халық салымдарның құрамында мерзімді депозиттер үлесі біртіндеп өсуде. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу және басқару. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес және ҚР Азаматтық Кодексімен реттеледі. Бұл орайда Қазақстан заң шығарушысы депозиттерді тарту бойынша шектеу қояды, өйткені, банк заңнамасы бойынша депозиттерді тарту банк операцияларына жатады, оны депозиттерді тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясын алған банктер немесе ұйымдар ғана жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 758-бабында банк салымы шартын жасаудың жазбаша нысаны қарастырылады, ол белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс. Банк салымының жазбаша нысанын сақтамау осы құқықтың жарамсыздығына әкеп соғады. Салымшының талап етуі бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атынан, не белгілі бір үшінші тұлғаның атына рәсімделуі мүмкін, салымшы-азаматтың ол қайтыс болған жағдайда салым берілуі тиіс адамдарды көрсетуге құқығы бар. Банк салымының шарты банкке салым сомасының түскен күнінен бастап нақты әрі жасалған деп есептеледі. Салымшы мерзімді салымның сомасын оның мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ шартты салымның сомасы банк салымы шартты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар пайда болғаннан кейін талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етілмесе салым шарттарымен ұзартылған болып саналады. Банктің депозиттерін басқару нарық қатынастарына көшкенге дейін тәжірибе жүзінде жүзеге асырылған емес. Нарыққа көшуге байланысты және екі сатылы банк жүйесінің құрылуына байланысты жағдай түбірімен өзгерді. Орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қор орнына несиелік капиталдың рыногы келді. Банктер бұл рынокта қатаң бәсекелестік негізінде қаржы ресурстарына ие бола бастады. Ресурстарды тарту құралы болып банктердің пассивтік операциялары пайдаланылды. Жаңа жағдайда банктердің эмиссиялық атқарылымы да өзгерді. Макродеңгейдегі пассивтерді басқару республиканың орталық банкі ретінде ҚР-ның Ұлттық банкімен жүргізіледі. Екінші дәрежедегі әрбір банк тұтастай өзінде бар ресурстар шегінде ғана кредиттер беру қағидасымен ғана жетекшілік етуі тиіс. Яғни, бұл әрбір банктің қаржы ресурстарында еркін резерв болуы тиістігін көрсетеді. Бос резервтердің көлемі, банк өзінің белсенді операцияларына бос қаржыларын қаншалықты сала алатынын көрсетеді. Коммерциялық банктермен өтемпаздықтың тұрақтылығын қолдау мен табысты көбейту мақсатында микродеңгейде депозиттерді басқару жүзеге асырылады. Әдетте, коммерциялық банктердің пассивтерінің 90 пайызы қаржы операциялары есебінен тұрады. Әр банк депозит саясатын жүргізу кезінде келесі қағидаларды ұсынады:
Коммерциялық банктер үшін депозиттерді басқару үдерісі оларды талдаудан басталады. Ол үшін тартылған және меншікті ресурстардың қимасында жіктеу жүргізу қажет:
Кейбір жеке шоттардағы қаржылардың қалдығын және олардың айналымын талдай отырып, шоттардағы тұрақты қалдықты анықтауға болады. Мұндай талдау кәсіпорындарды есеп айырысу шоттарындағы қаржының бір бөлігін жылдам депозиттерге аударуларына қызықтыруға болады. Кәсіпорында есеп айырысу шотында қажет болған жағдайда қаржының жетпей қалуы мүмкін деген қауіп туындамас үшін, депозит келісім-шартында сол пайыздық тұрғыда төлем кредитін ала алатын мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл мөлшерлемені кәсіпорынға депозит шотындағы қаржы есебінен төлеу керек. Егер макродеңгейдегі бірінші кезекте банк жүйесіндегі депозит көлеміне қаржылық кредиттік және мемлекеттік салық саясаты ықпал жасайтын болса, мұндай жағдайда, нақты банк үшін экономикалық және жеке фактор ерекше маңызға ие. Республикада қазіргі уақытта депозиттерге қаржы тартудың ынталандырушы негізі депозиттегі қаржыға қосылатын пайыздық мөлшерлеме болып табылады. Пайыздық мөлшерлеме рыноктағы кредит ресурстарына ұсыныс пен сұраныстар заңыдылығымен реттеледі. Пайыздық мөлшерлемелер депозитке ресурстар тартатын бірден-бір құрал емес. Рыноктағы кредит ресурстарын зерттеуге және банк мамандарының шеберлік деңгейіне байланысты салымдарға қаржылар тартудың көптеген әдістері бар. &&& $$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Депозит нарығының экономикалық ролі? 2.Депозиттің негізгі түрлері? 3.Мерзімді депозиттің талап етілгенге дейінгі депозиттен айырмашылығы қандай? 4. Жинақтаушы депозиттердің қандай ерекшеліктері бар? 5.Қазақстандағы депозит нарығының институционалдық құрылымы қандай? 6. ҚР депозиттерінің сақтандыру жүйесі дегеніміз не Оның механизмдері қандай? &&& $$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні 1.Несие нарығы туралы түсінік және оның қызметі 2. Несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары 3.Қазақстандағы несие нарығының құрылымы &&& $$$002-004-001$3.2.4.1 1.Несие нарығы туралы түсінік және оның қызметі Несие нарығы – механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасындағы қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асады. Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағыжинақтың түрленуі, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асады. Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:
Несие нарығы – әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан және пайдаланылған құн қозқалысының ақшалай формасымен органикалық байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері және бағыты өлшеніп, анықталады. Несие нарығының негізгі қатысушылары -несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші несие мәмілесінің ссуда беретін жағы. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттардың көздеріне оның өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субьектілерінен қайтару негізінде қарызға алынатын қаражат алынуы мүмкін. Қарыз алушы – несие қатынастарында несие алатын және алған алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндеті жақ. Ссудалық мәміледі несие берушіге қарағанда қарыз алушының мынадай ереушеліктері болды:
&&&
$$$002-004-002$3.2.4.2 Несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары Несие нарығы құралы – несие, ол айырбас сәтінде пайда болып, құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының өзегі болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайындағы негізгі формаға банк несиесі жатады. Бұл жағдайда кәсіпорын, ұйым, халық, мемлекет және банктің өздері де несие қатынастарының субьектілері ретінде алға шығады. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне түрлі белгілері бойынша жіктеуге болатын әр түрлі несие түрлерін ұсынады. Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі топтары болып табылатын шаруашылыққа, халыққа, мемлекеттік органдарға несие беріледі. Тағайындалуы бойынша несиені былай бөліп көрсетуімізге болады:
Экономиканың барлық салаларындағы шаруашылық жүргізуші субьектілерге берілетін банк несиелері жұмыс істеу салаларына қарай екі түрге бөлінеді:
Несие пайдалану мерзімі бойынша талап етілгенге дейінгі және мерзімді несиелер деп бөлінеді:
Талап етілгенге дейінгі несиені қөарыз алушы несие берушінің талабы бойынша қайтару мерзімі ішінде немесе келісім шарты бойынша белгіленген мерзімде немесе өз қалауы бойынша кез-келген уақытта қайтарады. 2. несие мөлшері бойынша ірі, орташа, ұсақ деп бөлінеді. Әрбірбанк оны өзінің несие салымдарының көлеміне қарай анықтайды. 3. қамтамасыз етілуі бойынша несие қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп бөлінеді. Қамтамасыз етілетін несие мыналармен қамтамасыз етіледі:
Несиені қамтамасыз ету оның қайтарылмай қалу қаупін азайтудың бір тәсілі болып табылады. ал қамтамасыз етілетін несиеге тоқталатын болсақ, ол бұрыннан банкпен серіктестік байланыс орнатқан, несие төлеуге қабілеті бар бірінші сыныпты клиентке береді. Ол, әдетте, қысқа мерзімде қосымша ақша қаражаттарына мұқтаж қарыз алушыға беріледі. 4. банк ссудаларын беру тәсілі бойынша оны өтемақылық және төлемділік деп бөліп көрсетуге болады. Өтемақылық несие-қарыз алушының есеп шотына оның тауарлық –материалдық құндылыққа немесе шығынға жұмсалған өзіндік қаражатының орын толтыру үшін бағытталады.Төлемдік несие-банк ссудасы қарыз алушыға несиеленген шаруа бойынша төлемді төлеуі үшін ұсынылатын ақшалай есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағытталады. 5. Өтелетін әдісі бойынша бөліп-бөліп төлеумен өтелетін банк ссудасы және бір мезгілде (нақты бір күнде) өтелетін ссуда деп бөлінеді. Банк несиесініңінің мынадай формалары бар:
Қысқа мерзімді несие, әдетте, тіркелген пайыз мөлшерлемесі бойынша беріледі, ал ұзақ мерзімді кез-келген валютада өзгермелі пайызбен беріледі.
Бірлестірілген несие – банк тобын құратын кепіл банк арқылы ұйымдастырылады. Мұнда топтың құрамындағы әрбір банк несие сомасының белгілі бір бөлігін береді.
&&&
$$$002-004-099$3.2.4.3 Қазақстандағы несие нарығының құрылымы Нарықтың экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және қүрылымы бойынша объективті сипатыңа ие. Олай болмаса несилік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді. Несиелік механизм несиелеуді экономикалық үйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мүндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды үйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі. (Несиелік механизмге несиенің мазмүны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жаңын немесе оның үстінде қалыптасады. Берілген несиелік механизм түжырымы бүл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы түрады. Осы түрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмүнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді. Кез келген экономикалық механизм өзара байланысңан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан түра ды. ( Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай қүрылымдық элементтері болады:
Несиелеу субъектілері мен объектілері Несие қүрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан түрады. Мүндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталык және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық үйымдар, сондай-ақ халықаралык қаржы үйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатыңа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке түлғалар жатады. Несиелеу объектісі — бүл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиелеу объектісі материалды қүндылыңтар, өндіріс және ай-налыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық үйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер жәые басқа да материалды қүндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда үйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мүндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байлаиысты. Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке түлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, қүралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады. Үзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге белінеді:
■ жана өнім шығаруды үйымдастыру, өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері Несиеулеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру' облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды үйымдастыру принциптері екі топка (бөлінеді: / топқа — жалпы экономикалык, Тәртіптегі принциптер: ■ несиенің мақсаттылығы; • несиенің дифференциалдығы. // топк,а — несиенін мәнін бейнелейтін принциптер: ■ несиенің мерзімділігі; • иесиенің қайтарымдылығы; ■ несиенің төлемділігі; • несиенің қамтамасыз етілуі. Қазіргі несиенің дифференциалдық припципінің мазмүны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипатайтын қөрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бүл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ре-сурстарға деген сүранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сүралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жүмсалу үзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады. Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылың принципі туындайды. Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. қайтарылмайтын несие болмайды. Сондыңтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады. Шаруашылықтың нарыңтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бүл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты үдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірңалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бүл принципті сақтау коммерциялың банктердің өтімділігін ңам-тамасыз ету үшін қажет. Олардың жүмысын үйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жүмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз аулушы үшін бүл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді. Несиенін төлемділғі — бүл несие беруші қарыз алушыга берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылың несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі түсында несие үшін сыйақы мәлшерлемесі несиеге деген сүраныс пен үсыныс негізінде қалыптасады. &&& $$$002-004-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Несие нарығы нені білдіреді? 2.Несие нарығының құралына не жатады? 3.Несиелердің қандай түрлерін білесіз? 4.Несие берудің сызбасы қандай? 5.ҚР несие нарығының институционалдық құрылымы қандай? 6.ҚР несие нарығының ерекшклігі неде? 7.Қазақстанда ипотекалық несиені берудің шарттары қандай?
1.Валюта нарығы туралы түсінік және оның құрылымы 2. Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар 3. Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары 4.Әлемдік валюта нарығының қалыптасуы және дамуы &&&
$$$002-005-001$3.2.5.1.Валюта нарығы туралы түсінік және оның құрылымы Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл механизмнің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнап, мынадай негіздегі мәмілелерді орындауға мүмкіндік туады:
Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңмен анықталған елдің валюталық қатынасын ұйымдастырудың формасын білдіреді. Оны мынадай негізгі элементтер сипаттайды:
Валюта - кез-келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айрысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме. Валюта нарығының негізгі тауары – шетелдік валюта белгіленген кез-келген қаржылық талап. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның валюта нарығы шетелдік валюталар операциясымен ғана шектелген. Валюталық айырбас – бұл бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау. Валюта нарығының негізгі қатысушылары – банктер, экспорттаушылар, трансұлттық компаниялар, қаржы мекемелері, инвесторлар, үкімет агенттіктері, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар. Валюта нарығының қатысушылары ақша аударымдары, хеджрлеу, клиринг және несие секілді функцияларды жүзеге асырады. Валюта нарығында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады:
&&&
$$$002-005-002$3.2.5.2. Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар Валюта бағамы – ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б жағдайын бейнелейді. Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді. Валюта бағамына өз әсерін тигізетін мынадай негізгі факторлар бөліп көрсетіледі:
Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы болып табылады. Әр түрлі валюталарды жіктеудің негізгі сипаттамасы мынадай болады: Валютаның жіктелінуі
Валютаның құнын белгілеу – елдер арасындағы валютаның бағамдарын анықтау, осының негізінде айырбасқа ұсынылған олардың ақша бірліктерінің арақатынасы белгіленеді. Бұл арақатынас валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай ұдайы өзгеріп отырады. Валюта бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктелінеді:
&&&
$$$002-005-099$3.2.5.3.Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары Валюталық операциялар – бұл ақша нарығында шетелдік валюталарға және шетелдік валютаға жазылған төлем құжаттарына баға белгілеу операциясы. Валюталық операцияларды ҚР аумағындағы резиденттер де, резидент еместер де өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары арқылы, сондай-ақ олардың айырбас пунктері арқылы жүзеге асыра алады. Валюталық операцияларды мынадай критерийлер бойынша жіктеуге болады:
Еліміздің заңына сәйкес мыналар валюталық операциялар болып табылады:
және салып жіберуге, ҚР-дан шетке шығару және салып жіберуге болады. Валюталық құндылық – бұл номиналдары шетелдік валютада көрінетін төлем құжаттары, бағалы қағаздар, шетелдік валюталар; олар арқылы резиденттермен және резидент еместермен операцияларды жүзеге асыратын жағдайдағы номиналдары шетелдік валютада көрінетін тазаланған құйма алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары. ҚР «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес валюталық операциялар екі санатқа бөлінеді:
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға мыналар жатады: а) инвестицияны жүзеге асыру; б) интеллектуалдық меншіктің обьектісіне айрықша құқықты толық беруді қарастыратын мәмілелер бойынша есеп айрысуға арналған аударымдар; в) жылжымайтын затқа теңестірілетін мүлікті қоспағанда жылжымайтын мүлікке ие болуға мүмкіндік беретін мүліктік құқықтың төлеміне арналған аударымдар; г) төлем мерзімін ұзартуды немесе 180 күннен көп емес маерзімге тауар, жұмыс және қызмет үшін аванстық төлемді қарастыратын экспорььық-импорттық мәмілелер бойынша есеп айрысуға арналған аударымдар; д) несиені 180 күннен аспайтын мерзімге беру және осы мерзім ішінде алу; е) зейнетақы активтерін жинақтаумен байланысты мәміле бойынша және жинақтау сипатындағы сақтандырудың келісімшарты бойынша халықаралық аударымдар. ж) сенімді басқаруға валюталық құндылықтарды табыстау. 4. Көптеген валюталық операциялар мынадай типтерге сараланатын мәмілелер шеңберінде жүзеге асырылады:
Мерзімді – бұл бекітілу уақыты мен жүзеге асырылатын сәті бір – біріне сәйкес келмейтін мәміле. Яғни, жүзеге асырудың шарты мен бағасы бүгін айтылса, мәмілнің өзі белгілі бір уақыт өткеннен ейін алдағы кезеңде жүзеге асырылады. Форвардтық мәміле бұрын айтылған баға бойынша валютаның бұрын айтылған мөлшерін белгілі бір уақыттан кейін сатуды және сатып алуды ұйғарады. Кассалық – бекітілген сәтінен тікелей жүзеге асырылатын сәтіне дейін 3 жұмыс күнінен аспайтын мәміле. Оған «спот» мәмілесі жатады. «Спот» мәмілесі валюталарды спот шартымен сатып алуды және оны «форвард» шартымен бір мезгілде сатуды ұштастыратын айырбас операциясы болып табылады. Мұнда «ұзын» немесе «қысқа» ұстаным пайда болмайды, өйткені сату мен сатып алу бір мезгілде орындалады. Арбитраждық мәміле – бұл операция, онда қатысушылар пайда алу мақсатында әр түрлі валюта нарығының валюта бағамдарындағы айырмашылықты пайдаланады. Уақыт пен кеңістіктегі арбитраждық мәміле валюталық төрелік, жай және күрделі пайыздық болып бөлінеді. &&& $$$002-005-099$3.2.5.4.Әлемдік валюта нарығының қалыптасуы және дамуы XX ғасырдың 30-жылдарында әлемде сауда- экономикалық байланыстарды бұзған қаржылық дағдарыс байқалды.1944 жылы АҚШ-та екі ірі экономист – Джон Мейнард Кейнс пен Гарри Декстер Уайт қатысқан Бреттон – Вуд конференциясы болды.Конференцияда экономист Джон Кейнс ұсынған тұжырымдама қабылданды.Қалыптасқан жағдайда Бреттон – Вуд жүйесі әлемдік қаржылық жүйені дамытудың жаңа тәртібін құрды:
Валютаның айырбастау бағамы үш жақты арбитраж арқылы бекітіледі.Яғни,егер долларға қатысты франк бағамы 10 франк =20 доллар, ал фунт яғни долларға қатысты 50 фунт=20 доллар құраса,онда фунт пен франк арасындағы айырбас бағамының үш жақты арбитражы былай анықталады. Фунт/франк = доллар/франк :доллар/фунт=20/10:20/50=2:0,4=5 Бүгінгі таңда халықаралық есеп айырысуда валюталық клиринг,яғни халықаралық келісімге сәйкес өзара талаптар шегерімі негізінде елдер арасындағы есеп айырысу дамуда. 70- жылдарда АҚШ-та доллардың күшті дағдарысын тудыратын пайыздық мөлшерлемелер күрт төмендеді.Бұл жағдай массалық капитал ағымының АҚШ-тан Еуропаға өтуіне байланысты болды.Мұндағы пайыздық мөлшерлеме деңгейі өте жоғары болды.1971 жылдың наурыз айында Германия мен Голландия өз валюталарының уақытша «еркін жүзуін» жариялады.АҚШ-тағы төлем балансының тапшылығы – доллардың алтынға айырбасталуын тоқтатуға мәжбүрледі.Нәтижесінде айырбас бағамының бірдей болмай ауытқу арақатынасы 4,5%-ға дейін өсті. Арақашықтық шекарасын ұстап тұру оңай болмады.Біршама уақыттан кейін Бундесбанк 5 млрд доллар сомасына интервенция жүргізді.Сол уақытта бұл айбатты сома табыс әкелмеді.Еуропа мен Жапониядағы валюталық биржаларды уақытша жабуға тура келді.Ал АҚШ доллардың 10%-дық девальвациясы туралы жариялады.Дамыған елдер бекітілген бірдейліктерді демеуді қойды және валюталық жүзуге кірді. Құрама штаттар кезең бойынша пайыздық дифференцияға салықты және шетелдік несиелерді ерікті түрде шектеу бағдарламасын өзгертеді.Соңғы жылдары Бреттон – Вуд жүйесінің қызметінен валюталық трейдерлер үлкен алыпсатарлық пайда алып отырды.Тұрақты бағамнан бас тартқаннан кейін оны шығарып алу мүмкіндігі қатаң шектелді.Көптеген банктер үлкен шығынға ұшырады,екі әйгілі Колондағы «Банкхаус Херштадт» және Нью-Йорктегі «Френклин Нэшнл» банктері сәтсіз алыпсатарлық операция салдарынан банкротқа ұшырады. 1976 жылы әлемдік жетекші мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен әлемдік валюта жүйесін құрудың жаңа қағидаларын жасаған Ямайка конференциясы болып өтті.Мемлекеттер тапшылықты жабу құралы ретінде халықаралық төлемдер кезінде алтынды қолданудан бас тартты.Валюта жүйесінің орталығы арнайы шеттен алу құқығы болуы тиіс деп хабарланған болатын,бірақ тәжірибеде СДР үлесінің халықаралық өтімділігі 5%-ға аз болды. Халықаралық өтімділік құралдары алтын,шетел валютасы,ХВҚ-дағы резервтік ұстаным,арнайы шеттен алу құқығы және еуро болды. Халықаралық өтімділік құралдары арасындағы орталық орын мемлекеттік алтын – валюта ресурсына бөлініп берілді.Валюталық ресурстар санатындағы жетекші орын еркін айырбасталатын – кез келген шетел валютасына шексіз айырбасталатын болып табылатын қазіргі уақыттағы резервті валютаға тиесілі. Жаңа жүйенің элементтері – валютаның айырбасталуын,валюталық қарым – қатынасты реттейтін мемлекетаралық ұйымдар.Мемлекеттің ұлттық валютасы төлем құралы ретінде шығарылады.Халықаралық валюта операциялары коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады. Құбылмалы валюта бағамын енгізу режимі тұрақты валюталық бағамға тән бағамдағы қиғаштықтың жинау процесін белгілейді.Бірақ ол төлем балансын теңдестіруін қамтамасыз етпейді, «ыстық» ақшалардың кенеттен орын ауыстыруы валюталық алыпсатарлықты тоқтатпайды.Капиталдың еркін орын ауыстыру жағдайында валюта бағамының ауытқуы өзін – өзі күшейтетін болады. Әлемнің әр түрлі аймақтарындағы үлкен ақша массасы инвестицияға қажет болғандықтан қолданысқа түсіп,күрт күшейеді,содан соң аяқ астынан құнсызданып кетіп,ұлттық валюта жүйелері күйреген кезде ұлттық валютаның тербелуіне әкеледі.Осы жағдайларда әр ел әр түрлі,кейде едәуір қатаң валюталық саясатты қолдай отырып,валюта бағамының реттелетін өзгермелілігін қолданады. 70- жылдардың соңында айырбас бағамының орталық және шектеулі мәні бар валютаның кросс- бағамдар желісі болвп табылатын Еуропалық валюта жүйесі құрылды.Шын мәнісінде ЕВЖ Бреттон –Вуд жүйесіне ұқсас.Егер кросс-бағам шекараға жақындаса,онда екі жақта интервенция жүргізуге міндетті.ЕВЖ – нің негізгі валютасы дойчмарктар болды. 90-жылдардың ортасында экю біртіндеп есептік емес,физикалық қаражатқа айналды.Экюға деноминирлендірілген ашық чектер және несиелік карточкалар шығарылады,банктер экюға депозиттер ашты. 1991 жылдың басында нарықта еуропалық валюта- экюды алмастыратын жаңа еуроға қатысты айырбастау бағамы пайда болды.Еуропалық орталық банк Еуропалық валюталық одақтың валюталық саясатын басқара бастады. Қазіргі заманғы әлемдік валюта нарығы туралы түсінік Халықаралық валюта қатынасы – бұл әлемдік ақша қызметімен байланысты сыртқы сауда капиталы және жұмысшы күшінің миграциясы,табыс аударымы қарыздар мен демеу- қаржылар,ғылыми-техникалық айырбас сияқты әр түрлі халықаралық шаруашылықтың байланыс түрлеріне қызмет көрсететін экономикалық қатынастар.Егер елдің ұлттық валюта жүйесі ақша жүйесімен ұдайы байланыста болса, онда әлемдік валюта жүйесі, халықаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюта қатынастарының заңды формасын белгілейді.Оған алтын – валюта жүйесі халықаралық есеп айырысудың ақша бірлігі,халықаралық несиелер және бағамдар режимі,валютаның өзара айналу шарттары кіреді.Әлемдік валюта жүйесіне халықаралық валюталық – несиелік институттар,мысалы,осы жүйеге қатысушы елдерге әсер күшті ықпалы бар Халықаралық валюта қоры кіреді. Әлемдік экономистердің анықтамасына сәйкес, әлемдік валюта жүйесі әлемдік экономиканың дамуымен шарттастырылған және мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілген халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы болып табылады.Әлемдік валюта жүйесінің анықтаушы элементтері болып табылатындар:
Нарықтық экономика жағдайында валюталық жүйе жеке компаниялар мен мемлекеттік институттардың өзара іс – әрекеттері негізінде қызмет етеді.Мемлекеттік қатынас,мемлекетаралық келісімдер,халықаралық қаржы институттарының қызметі әлемдік процесті әлсіретуге және жеке халықаралық төлем айналысын реттеуге бағытталған.Мемлекеттік және мемлекетаралық валюталық қатынастарды реттеу өз көрінісін валюталық саясаттан табады.Валюталық саясат олардың бағдарламалық мақсаттық белгілеулеріне сәйкес мемлекеттік органдар мен мемлекетаралық институттар өмірге әкелетін экономикалық шаралардың жиынтығын білдіреді. Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының негізгі мақсаты – өздері үшін «сәтті» операцияларды жүзеге асыру.Олар негізінен мынадай: валюта айырбастау(конверциялық) алыпсатарлық және арбитражды,шетелдік инвестициялау,көлемдердің халықаралық трансфертті түрлеріне бөлінеді. Айырбасталатын операцияларда қатысушы үшін айырбас басты емес,яғни осындай операция үшін пайда өзіне маңызды емес шетел валютасына айырбас тауарды сату есебінен басқа нарықта пайда табу үшін жүзеге асырылады. Айырбасталатынмен салыстырғанда,алыпсатарлық және арбитраждық операциялардың мақсаты валюта операциясының барысында пайда табу болып табылады.Арбитраж бағамдық айырма ретінде табыс мақсатында бір қаржылық құралды әр түрлі нарықта бір мерзімде сату және сатып алуды білдіреді.Алыпсатарлық – бұл баға өзгеруден пайда табу үшін валютаны сату- сатып алу. Шетелдік инвестициялау жағдайында валюта операциясының қатысушысы басты мақсат ретінде айырбас кезіндегі сияқты валютаның өзінің айырбасталуынан пайда шығару емес,халықаралық нарықтарда ұзақ мерзімді жоспардағы капитал өсуін алады.Осы операциялардың қатысушылары тікелей немесе жанама шетел компанияларының активтерін иеленеді және оларды қолданудан пайда алады. Төлемдердің халықаралық траснферті – бұл бір елден басқа елге пайда, ақша қаражаттары мен басқа да валюталық құндылықтардың аударымы. Әлемдік валюта жүйесінің қызмет ету эволюциясын үш кезеңге бөлуге болады.Бірінші – бұл ақшаның басты формасы ретінде заңмен бекітілген алтынға негізделген «алтын стандарт» жүйесі.Ұлттық валюта бағамы оған қатаң валюталық бағам бойынша бір – бірімен қатынасты.Жарияланған арақатынастан валюта бағамының ауытқуы +-1 аспайтын %-ға рұқсат етілді. ЕВЖ құрудың негізгі мақсаты – өзара сауда – саттық қарым – қатынастарды орнату,жалпы бағдарламаларды орындау саласында Еуропалық қауымдастыққа мүше елдердің ынтымақтастығын жақсарту үшін Еуропада тұрақты валюта бағамы аймағын құру,сондай – ақ қатысушы елдердің экономикалық және қаржылық саясаттарын жақындату.ЕВЖ елдері қатысушы елдердің валюта бағамдары арасындағы барлық негізгі бірдейліктері есептелген экю орталық бағамына қатысты өз валюталарының бағамын бекітті.Олардың барлығы +-2,5% деңгейінде,қазіргі уақытта +-15% шегінде интервенция көмегімен валютаның тұрақты бағамын ұстап тұруға міндетті. ЕВЖ-ге Австралия,Германия,Франция,Бельгия,Ирландия,Испания,Италия,Голландия,Португалия,Финляндия,Люксембург енді.Қаржылық тәртіпті қолдаудың қатаң тәртіптеріне бағынуға және ақша шығару құқығын Брюссельдегі орталықтанған орган – Еуропалық Монетарлық Әкімшілікке беруге келісті.Инфляциядан қашу үшін олар бюджет пен салық саясатын қатаң бақылауға келісті. 1999 жылы қаңтарда ЕВЖ-нің қатысушы елдері бірегей валюта-еуроны енгізді.Жаңа валюта таразыланған он екі еуропалық валюта құрамын синтетикалық валюта экюмен алмастырады.Еуропаның құқықтық мәртебесі Мастрихтық келісімшартты қоса есептегенде,Еуропалық одақтың қатысушы елдері жасаған халықаралық келісімшарттары мен ЕО-ның құқықтық актілеріне сәйкес анықталады. Еуроны енгізу жалпы қабылданған тәуекел шегінен шығып кететін және келісімшарттарды қайта қарауға алып келетін міндеттемелердің күрт өзгеру қағидасын қолдану үшін негіз болады.Бұл барлық өзара келісімдерден басқа заңдық құралдардың қызмет етуі мен сабақтастығы толық сақталады. 2002 жылдың 1 қаңтар айында еуроның қағаз ақшалары мен бақырлары айналысқа шығарылды,кейінгі 6 ай ішінде қолма – қол айналыстағы ұлттық валюталар міндетті түрде еуроға айырбасталады және өз күшін жойды.Осыдан кейін еуро экономикалық және валюталық одақ аумағында бірегей заңды төлем құралына айналды. Бүгінгі таңда әлемдік ақша функциясын екі валюта атқарады:АҚШ-тың ұлттық ақша бірлігі болып табылатын доллар және халықаралық аймақтық еуропалық валюта.
$$$002-005-100$Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Валюта нарығы дегеніміз не? 2.Елдің қаржылық жүйесіндегі валюта нарығының ролі қандай? 3.Валюта нарығы қандай функцияларды атқарады? 4.Қазақстанда валюта нарығының құрылымы қандай? 5.Қазақстанда қандай валюталық операциялар жүзеге асырылады?
$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы 1. Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі ретінде. 2. Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары 3.Бағалы қағаздар нарығының негізгі қаржылық құралдары және олардың жіктелінуі 4. Эмиссияның әлемдік орталығы және халықаралық бағалы қағаздар нарығы түсінігі &&& $$$002-006-001$3.2.6.1. Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі ретінде. Жекешелендіру - елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды. Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады. Қазақстанда жекешелендіру процесін реттейтін құқьіқтық актілердің тұтас жүйесі бар. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекешелендіру туралы» Заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған «1996-1998 жылдарына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніңдегі Мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативтік актілерді қамтиды. ҚР жекешелендіру бағдарламасына сөйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады: жергілікті аукциондар арқылы ұсақ кәсіпорындарды сату; орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру; жеке жобалар бойынша аса ірі кәсіпорындарды жекешелендіру; ауыл шаруашылығы салаларындағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторындағы жекешелендіру. Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті. Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларыңдағы кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші жекешелендірудің аясында 11000 нысан сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 бөлігін құрады. Сондай-ақ бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді. Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңдегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды. Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса алганда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықтарды жарым-жартылай өтеу мақсатында қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банктің желілері арқылы купон кітапшаларын таратып беру 1993 жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15,5 млн. аса купон кітапшалары таратылып, халықгың шамамен 90%-ы қамтылды. Инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жеке-шелендіру сызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық қупоңдар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖИҚ) ғана салынатын болды. ЖИҚ өз кезегінде купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Оған шамамен 170 лицензия ланған ЖИҚ қатыса алады (5-кесте). жүктеу/скачать 1.86 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |