Дүйсенбай
Сейсенбек
Сәрсенбай
Бейсенбек
Жұмабай
Сенбек
Жексенбай
( оқушылар кезекпен шығып , карточкалар сурып, жазылған апта күндері бойынша сапқа тұрады )
ІІ. Мағынаны тану.
Апта күндерін жаңылмай айту үшін күн сайын қандай жұмыс атқарғанымызды айтып шығайық.
Дүйсенбіде –бауға бардым
Сейсенбіде- суға бардым
Сәрсенбіде –картоп қаптап
Бейсенбіде бақша баптап
Жұма күні тақпақ жаттап
Сенбіде мен саған бардым.
Жексенбіде бір демелдым.
ІІІ. Толғаныс
Апта күндерін жазып шығу ( осындай парақ оқушыларға таратылады)
Қорытындылау. Бағалау.
Математика- логика 2- сынып
С\ тақырыбы:Математикалық эстафета
С\ мақсаты: 20 көлеміндегі сандармен қосу және азайту амалдарын тез,тиянақты, дұрыс орындатуға бейімдеу.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
2. Қандай сандармен тек орнын ауыстыру арқылы тұра теңдік шығаруға болады?
11-3
ІІ. Мағынаны тану.
4 +7
9+7
13 - 9
18- 9
16 -3
14+4
8 +6
( оқушылар кезекпен шығып , карточкаларда жазылған мысалдарды шығару бойынша тұрып шеңберді аяқтайды )
ІІІ. Толғаныс
Неше қоян тығылып отыр?
Қорытындылау. Бағалау.
Математика. 2- сынып
С\ тақырыбы:Заңдылықты сақтай отырып, сандарды табу.
С\ мақсаты: шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және ұштау; тірек білімдерін жетілдіру; байқағыштық қасиеттерін дамыту.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1
5
? 2
.
7
9
4
8
11
10
ІІ. Мағынаны тану.
1 2 4 7 11 16 22 29 37 46
2 4 8 14 22 32 44 58 74 92 ІІІ. Толғаныс.
Мен екі сан ойладым. Осы екі санды қосқанда 6 шықты. Ал енді осы екі санды азайтқанда да 6 шықты. Бұл қандай екі сан ?
3 және 3 6 және 0 4 және 2
Қорытындылау. Бағалау.
Қызықты математикалық сайыс - 2 сынып.
Жарыстың өткізілу мақсаты-оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу және математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
1-бастаушы:
-Сәлеметсіздер ме,жиналған көпшілік.Сайысты ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем!
2-бастаушы:
-"Қызықты математика"атты сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
1-бастаушы:
-Бүгінгі жарысқа төрт топ қатысып отыр.Топтарды таныстырып өтейік.
"Тапқырлар" тобы.
Ұраны:"Оқу-білім бұлағы,Білім-өмір шырағы".
"Ойшылдар" тобы.
Ұраны:"Оқу-білім азығы,Білім-ырыс қазығы".
"Білгірлер" тобы.
Ұраны:"Білімдіге дүние жарық,Білімсіздің күні кәріп".
"Алғырлар" тобы.
Ұраны:"Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ".
1-сайыс.
"Жаңылтпаштар сайысы"
Әр топтан бір оқушы шығып,жаңылтпашты қайталап жарысады.
Ұшып кетті үш құс
Ұшып келді ұшқыш.
Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбыш.
2-сайыс.
"Амал таңбаларын қою"
Төрт плакатқа үш теңдіктен жазылған.Сол теңдіктер тура болатындай етіп,амал таңбаларын,жақшаларын қою керек.
1. 27□36=63 2. 63□27=36
35□49=84 84□35=49
16□8□8=0 19□15□4=2
3. 64□16=48 4. 80□20=100
81□51=30 89□19=70
12□5□2=5 63□7=70
3-сайыс.
"Жеміс жинау" сайысы
Бұл сайыста әр топтан бір оқушы "Жеміс жинауға" барады. Ол жемістерді алу үшін қызықты әзіл есептерді шешу керек.
Маратта бар бес іні,
Мұратта бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (Шешуі,7).
Көлден ұшып жеті қаз.
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі? (Жаубы:5).
Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? (Жауабы: 7 алма).
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті.жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? (Жауабы: 0).
4-сайыс.
"Геометриялық фигуралардан адам бейнесін салу"
-Бір минутта геометриялық фигуралардан адам бейнесін салып және әр мүшесін қай фигурадан салғанын айтып өтеді.
5-сайыс. "Жанкүйерлер жарысы".
-Қазақ халқында үш деген сан өте киелі сан.Сол санға байланысты сұрақтар қойылады.Сол сұрақтарға жауап беріп,топтарына ұпай жинап,олардың сайыста жеңіп шығуына көмектесіңдер.
1. –Үш арсыз деп нені айтады? (ұйқы,күлкі,тамақ).
2. –Үш биді атаңдар. (Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би).
3. –Үш дананы атаңдар. (Абай,Шоқан,Ыбырай).
4. –Үш тәттіні атаңдар. (Ананың сүті,туған жер,баланың күлкісі).
6-сайыс. "Капитандар сайысы".
-Өз өнерлерін көрсетіп, қорғайды.
Барлық сайыс түрлері қазылар алқасымен 1-ден 5-ке дейінгі баллмен бағаланып,қорытындысы шығарылады.
Әр сайыстың арасында әр топтың жанкүйерлері ән айтып,би билеп көңіл көтеріп отырады.
Қорытынды ұпайлары саналады.
Марапаттау рәсімі өткізіледі.
Логика. Өздік жұмыс. Математикалық диктант
Мақсаты: білімдерін пысықтау
1.Сандарды өсу ретімен жазыңыз:
6,68,19,14,87,36,50
2.Сандарды кему ретімен жазыңыз:
8,1,14,7,34,60,50,28,100
3.Мысалдың жауабын жазыңыз:
60-1, 70-1, 79+1, 89+1, 50-1, 69+1.
4.Санды жазыңыз:
5онд. 7бірл.
7онд. 8бірл.
9онд. 0бірл.
6онд. 4бірл.
Мына сандарды кейінгі санды жазыңыз:
45,68,70,89,57.
Мына сандардың алдында келетін санды жазыңыз:
45,47,90,87,50,61.
7. Мына сандардың аралығындағы сандарды жазыңыз:
47және49
68және70
70және81
8.Минутпен өрнекте:
1сағ.20мин =...мин 1сағ.40мин.= ...мин.
90мин.=...сағ. ...мин. 1сағ.30мин. = ...мин.
1сағ.10мин = ...мин. 70мин. = ...сағ. ...мин.
9.Тиісті жерге жақша қой:
10+60-40=30 80-30-30=20
70-20+10=40 100-50-50=0
70-20+10=60 100-50-50=100
10.Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап:
А) 10және 50 сандарының қосындысына 7-ні қос;
Ә) 80-ге 18 бен 9сандарының айымасын қос;
Б) 45 пен 5 сандарының айырмасынан 20-ны кеміт;
В) 90-ға 21 мен 11-дің айырмасын қос.
11. Жеңіл машина бірінші күні 40м жол жүрді, ал екінші күні 30м жол жүрді.Жеңіл машина барлығы неше метр жол жүрді?
12. Сыныпта 30 оқушы болды.15 оқушыны ата-анасы келіп үйіне алып кетті.Сыныпта неше оқушы қалды?
13. Автобусқа 7 қыз бала және одан 3-уі артық ер бала мінді.Автобусқа неше ер бала мінді?
14. Күрделі теңдеуді шеш:
25+х=41+12 23+у=88 59-у=11+18
45-х=100-60 67-у=45 у-30=56
Бағалау: 14-13 -« 5; 12-11 - « 4 »;10 – 9 - « 3 » ; 8 -- - « 2 »
Достарыңызбен бөлісу: |