Л. Ж. Утарбаева 20 ж


«Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану»



бет3/52
Дата18.05.2022
өлшемі1.98 Mb.
#457007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
2021-2022 jospar

03220200 «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану»
• 4S03220202 «Іс қағаз жүргізушісі»
06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»
• 4S06130103 «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы»
09230100 «Әлеуметтік жұмыс»
• 4S09230102 «Әлеуметтік қызметкер»
10120100 «Шаштараз өнері»
• 4S10120102 «Суретші-модельер»

Білім беру ұйымының заңды мекен-жайы

Қазақстан Республикасы, 090000, Орал қаласы,
Қасым Аманжолов көшесі, №108 ғимарат

Телефондары

8 (7112) 513096,

Факс

8 (7112) 513096

Электрондық пошта

ugtk_108@mail.ru

Web-сайт

www.ugtk.kz

«Орал гуманитарлық-техникалық колледж» мекемесі жас та болса өзіне жоғары талап қоя білетін, 23 жылдық тарихы бар, ҚР БжҒМ ТжКББ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сай ТжКББ бағдарламаларын жүзеге асырушы оқу орны.
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ауыл жастары, аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына арнайы орта білім беруге мүмкіндік беру мақсатында 1998 жылдың 6-шілдесінде п.ғ.д., професор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызының бастамасымен «Орал педагогикалық колледжі» МЕМ құрылып, педагогикалық мамандықтар бойынша маман даярлау қызметін жүзеге асырды. 2007 жылдың 21-қыркүйегінде колледждің БҚО бойынша әділет департаментіне қайта тіркелуіне байланысты атауы «Орал гуманитарлық-техникалық колледж» мекемесі деп алмастырылып, бейінін өзгертті.
Колледж заңды тұлға статусына ие, коммерциялық емес ұйым болып есептеледі және техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау қызметін жүзеге асырады. Колледждің негізгі контингентін ауылдық жерден келген, аз қамтылған, кедей және көпбалалы отбасылардан келген студенттер құрайды.
Колледжде кадрларды дайындау 2008 жылғы 31 шілдеде алынған АБ сериялы №0036433 мемлекеттік лицензиясы негізінде (лицензияға қосымша БҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің 2018 жылғы 03 мамырдағы №106 бұйрығымен қайта алынды) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 12 мамандығы бойынша жүргізіледі: 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт», 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», 01140200 «Музыкалық білім беру», 01140400 «Өзін-өзі тану», 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 01140700 «Информатика», 02310100 «Аударма ісі (түрлері бойынша)», 03220200 «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану», 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 09230100 «Әлеуметтік жұмыс», 10120100 «Шаштараз өнері».
Білім беру жүйесіндегі колледждің 23 жылдық жұмысында 5 мыңнан астам бастауыш мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі, музыка мұғалімі, әлеуметтік қызметші, есептеуіш техника мамандары, мұрағатшылар, шаштараздар, қонақ үй шаруашылығы мамандары даярланды. Колледж түлектері БҚО-да ғана емес, республика бойынша өз жұмыстарында түпкі білімдері мен оқытудың замануи тәсілдерін сәтті қолдана отырып, еңбек етуде.
Колледж студенттері әр жылдары жұмысшы мамандықтардың арасындағы «Worldskills» кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпаздары. 2014-2015 оқу жылында - «Шаштараз» құзыреті бойынша Александра Пекшева аймақтық чемпионаттың жеңімпазы атанып, Атырауда өткен Ұлттық чемпионатта 2-орынға ие болды. 2015-2016 оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенті Қажғалиева Даяна, облыстық чемпионатта 1-орын иеленіп, 2016 жылдың 12 мен 15 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өткен Ұлттық чемпионатта 3- орын иегері атанды және кәсіби тәжірибе алмасу үшін Түркияға жолдама ұтып алды. 2019 жылы Турсынова Айгерим «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» құзыреті бойынша жеңімпаз атанса, Қуандықова Рамила 3-орынды, ал Шайдуллиева Дина - облыстық чемпионатта «Үздік маман» номинациясын иеленеді.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, колледж студенттеріне практика базасын жасақтау мақсатында колледж жанынан 50-орындық шағын-орталық ашылды (2010 жылдың 06 қыркүйегінде алынған №0062467 мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік лицензия).
2015 жылдың сәуір айында колледж Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінен, 2020 жылы Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығынан институционалдық аккредитациядан сәтті өтіп, куәлікке ие болды.
ҚР БжҒМ білім саласындағы бақылау комитетінің БҚО білім саласындағы бақылау департаментінің 2015 жылғы 26 қарашадағы №362 бұйрығымен мемлекеттік аттестаттау комиссиясының тұжырымына сай, колледж мектепке дейінгі тәрбие беру, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлері бойынша беретін қызметтері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес деп танылып, аттестатталды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №208 «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын кіріктіру бойынша пилоттық жобаны ендіру туралы» бұйрығына сай колледж 2017-2020 оқу жылдары аралығында республика бойынша пилоттық білім беру ұйымы болып тағайындалып, жұмыстанды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асару жөніндегі негізгі білім беру ұйымы болып саналады.
Колледж 2017 жылы «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ-мен оқытушылардың біліктілігін көтеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы студенттердің әдістемелік дайындығын арттыру және «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК-мен білім беру процесін, педагогикалық кадр даярлау мазмұнын жетілдіру мен жаңарту бағытында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, жұмыстанып келеді.
Колледж Ресейдің Самара облысының «Профессионал» білім беру ұйымдары ассоциациясымен (11.09.2017), «Поволжск мемлекеттік колледжімен» (28.09.2018), «Самара әлеуметтік-педагогикалық колледжімен» (01.09.2020) халықаралық серіктестік және М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжімен (09.01.2020) өзара ынтымақтастық туралы келісімге отырып, жұмыстануда.
Ұлттық экономиканың қозғалыс күші болып табылатын ең атақты кәсіпорындар мен білім беру мекемелерін анықтау үшін дәстүрлі жүргізілетін мониторинг бойынша колледж ҚР орта кәсіпорындар субъектілері категориясының «Жиынтық номинациясы» өлшемінде 100 үздік мекеме ішінен (алтын) табылып, 2015 жылы «Сала көшбасшысы», 2016 жылы «Білім беру үздігі», 2018 жылы «Жыл көшбасшысы», 2019 жылы «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификаттарымен және қабырға медалдерімен марапатталды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет