Л. Ж. Утарбаева 20 ж


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРМЕН БАЙЛАНЫС



бет15/52
Дата18.05.2022
өлшемі1.98 Mb.
#457007
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
2021-2022 jospar

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРМЕН БАЙЛАНЫС
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ


Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
1. Студенттердің педагогика , психология және жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін машықта қолдануға мүмкіндік жасау;
2. Кәсіптік – педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру және жетілдіру;
3. Студенттердің педагогикалық қызметке қызығушылығын дамыту;
4.Педагогикалық практика кезінде болашақ мұғалімнің, тәрбиешінің оқушылармен, балалармен қарым-қатынас психологиясын меңгерту;
5. Мектеп мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерімен таныстыру;
6. Студенттердің есеюі мен табысты әлеуметтенуінің дара міндеттерін шешу біліктілігін дамыту;
7. Кәсіби бағдар беру жұмысына және 2022-2023 оқу жылына жоспарланған талапкерлерді қабылдау үшін жүргізілетін үгіт – насихат жұмыстарын жалғастыру ;
8. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруын арттыру, демо емтихан ұйымдастыру;
9.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытушылармен, студенттермен жұмыстарды жүргізу;
10.Әр бір практика түріне әдіскерлер тарапынан студенттерді дайындау деңгейін, жауапкершілікті көтеру;
11. Мектеп оқушыларын, балабақшадағы балаларды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып студенттерді проблемалардың шешімін табуға үйрету, педагогикалық ойлауын дамыту.
12. Педагогикалық практика кезінде студенттердің «мен білемін», «үйренемін», «үйретемін», «тәрбиелеймін», «қарым-қатынас жасай аламын», «оқытамын» деген сенімдерін нығайту


Жұмыс бағыттары:
І. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру жұмысы;
ІІ. Оқытушы – әдіскерлер мен машыкқкерлерге әдістемелік көмек;
ІІІ. Оқытушы – әдіскерлермен өткізілетін отырыстар;
ІҮ. Облыстық, қалалық базалық мектептермен, мектепке дейінгі ұйымдармен және басқа да мекемелермен байланыс;
V Кәсіптік бағдар беру жұмысы;
VI Түлектерді жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет