Тақырып: Науқасты көтеру, жылжытудың қауіпсіз əдістері. Істей білуі керек



Pdf көрінісі
Дата12.02.2024
өлшемі64.53 Kb.
#491626
ACFrOgAqHgSIBXgKqEaI2HPcAv dKNwQLqMIPJP5hhvy4ioojgMTVrU8DUSN6PvHX6JSvJEh3hM7dD 85lNfaoVKsJkNgPc99M513IFC2C kb8GcNd27eAa6h Z22Owwkpgsz7cjN6TG8l1SsBbF



Тақырып: Науқасты көтеру, жылжытудың қауіпсіз əдістері.
Істей білуі керек:
- науқасты зембілде тасымалдау;
- науқасты каталкадан əдеттегі кереуетке ауыстыру;
- науқасты кəдімгі төсектен каталкаға ауыстыру;
- науқасты кресло-каталкаға орналастыру
- науқастың басы мен иығын көтеру;
- "австралиялық көтеру" əдісімен төсектің басына пациентті ауыстыру»;
- кең төсектің басына пациентті жылжыту;
- бір медбике төсектің басына пациентті ауыстыру;
- науқасты төсектен орындыққа ауыстыру;
- науқасты "бүйіріне жату" жағдайынан "түсірілген аяқпен отыру" жағдайға ауыстыру»;
- науқасты "орындықта отыру" жағдайынан "төсекке жатып" жағдайға ауыстыру»
Тапсырма 1. Тапсырманы бейнеклип түрінде жіберіңіз немесе берілген сұрақтар 
бойынша медбикенің іс- əрекет алгоритмін жазыңыз.
Науқастарды бөлімшеге зембілмен тасымалдау 
Тапсырма 2. Тапсырманы бейнеклип түрінде жіберіңіз немесе берілген сұрақтар 
бойынша медбикенің іс- əрекет алгоритмін жазыңыз.
Науқастарды бөлімшеге каталкамен тасымалдау 
Тапсырма 3. Тапсырманы бейнеклип түрінде жіберіңіз немесе берілген сұрақтар 
бойынша медбикенің іс- əрекет алгоритмін жазыңыз.
Науқастарды бөлімшеге кресло - каталкамен тасымалдау 
Тапсырма 4. Тапсырманы бейнеклип түрінде жіберіңіз немесе берілген сұрақтар 
бойынша медбикенің іс- əрекет алгоритмін жазыңыз.
Пациентті қолмен ұстау
Тапсырма 5. Тапсырманы бейнеклип түрінде жіберіңіз немесе берілген сұрақтар 
бойынша медбикенің іс- əрекет алгоритмін жазыңыз.
Пациентті көтерілген шынтақпен ұстау.
Тапсырма 6. Тапсырманы бейнеклип түрінде жіберіңіз немесе берілген сұрақтар 
бойынша медбикенің іс- əрекет алгоритмін жазыңыз.


Пациенттің белінен ұстау.
Тапсырма 7. Тапсырманы бейнеклип түрінде жіберіңіз немесе берілген сұрақтар 
бойынша медбикенің іс- əрекет алгоритмін жазыңыз.
Пациент жүрген кезде қолдау
Тапсырма 8. Тапсырманы бейнеклип түрінде жіберіңіз немесе берілген сұрақтар 
бойынша медбикенің іс- əрекет алгоритмін жазыңыз
Ауысып отыратын биіктігі бар керуетте иығымен көтеру əдісі (австралиялық көтеру).
Тапсырма 9. Тест тапсырмалары
1. Қатаң төсек тəртібі кезінде науқасқа 
A) Төсектен тұрмай, қозғалуға болады 
B) Палата ішінде тұрып, жатуға болады 
C) Төсекте ешқандай шектеусіз белсенді қозғалуға болады 
D) Науқасқа төсекте қозғалуға болмайды 
E) Науқасты қозғамайды 
2. Төсек тəртібі кезінде науқасқа
A) Төсектен тұрмай, қозғалуға болады 
B) Палата ішінде тұрып, жатуға болады 
C) Төсекте ешқандай шектеусіз белсенді қозғалуға болады 
D) Науқасқа төсекте қозғалуға болмайды 
E) Тұруына болады 
3. Жалпы тəртіп кезінде науқасқа
A) Төсектен тұрмай, қозғалуға болады 
B) Палата ішінде тұрып, жатуға болады 
C) Төсекте ешқандай шектеусіз белсенді қозғалуға болады
D) Науқасқа төсекте қозғалуға болмайды 
E) Белсенді қимылдауға болады 
4. Палаталық тəртіп кезінде науқасқа 
A) Төсектен тұрмай, қозғалуға болады
B) Палата ішінде тұрып, жатуға болады
C) Төсекте ешқандай шектеусіз белсенді қозғалуға болады
D) Науқасқа төсекте қозғалуға болмайды 
E) Науқасқа төсекте қозғауға болады 
5. Кейбір аурулар кезінде ауырсыну сезімдерін төмендету мақсатында науқастың 
төсектегі қалпы қалай аталады 
A) белсенді 
B) пассивті 
C) мəжбүрлі 
D) палаталы 
E) төсектік 
6. Ессіз күйде жатқан науқастың төсектегі қалпы 
A) белсенді 
B) пассивті 
C) мəжбүрлі
D)төсектік 
E) ортопное 


7. Бас жəне аяқ соңдарын тез арада қажетті қалыпқа келтірілетін (көтеру, түсіру) 
керуерт қалай аталады 
A)функциональді 
B) стандартты 
C) модифицирленген 
D) хирургиялық 
E) каталка 
8. Кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуі жəне қан айналым жетіспеушілігі 
бар науқастың аяғын төмен түсіріп отыруы ... деп аталады. 
A) тізе – шынтақты 
B) ортопноэ 
C) пассивті 
D) Фаулер қалпы 
E) Симс қалпы
9. Қолы зақымданған ауыр халдегі науқастың көйлегін бірінші кезекте 
ауыстыруды айтып беріңіз:
А) Көйлектің жиегін шүйдеге дейін тарту 
B)Сау қолдың жеңін босатып алу керек 
C) Қолды арқасына жібереді 
D) Көйлекті бастан шейшеді 
E) Ауру қолдың жеңін шейшеді
10. Ауыр халдегі науқасқа жейде кигізу бірінші кезекте:
А) Алдымен қолды босатамыз, кейін басты
B) Шүйдеге дейін жейдені жинап, қолды босатамыз, басты, одан кейін екінші қолды 
босатамыз 
C)Жейдені кигізбейміз 
D) Жейдені шүйдеге дейін жинап, басты босатамыз, кейін қолды 
E) Ауыратын қолын кейін сау қолына кигіземіз


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет