135
№ 1(142)/2023
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
тегиялық инвестиция» мәні кең орын алады.
Бастысы, онда: «Еліміздің басты құндылығы –
адам. Бұл – айқын нәрсе.
Сондықтан ұлттық
байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүм-
кіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт
саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты да-
миды»,- деп атап көрсетеді [1].
Мұның мәнісі: Әділеттілік қағидатын ұста-
нып, біртұтас идеяға кең өріс ашып, берекелі
қоғамға қарышты қадам жасау. Осының не-
гізінде –
Жаңа Қазақстан құру, әлеуметтің
әлеуетін арттыру, азаматтық қоғамды нығай-
тып, заң үстемдігіне
жол ашу - береке-бір-
лікке бастайды; жауапкершілік жүгіне мән
беріледі; ұлттық байлық тең бөлінеді; ел-жер-
ге
құрмет артады; саяси жаңғыру – эконо-
микалық
өзгерістерге әкеледі; «Халық үніне
құлақ асатын»мемлекет тұжырымдамасы жү-
зеге асады. Басым бағыты мен маңызды қыры:
«...Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүм-
кіндік беріп, әділдік орнатады». Ел дамуы-
ның
басты діңгегі, асыл арқауы осы. Мұның
арғы-бергі тарихқа,
тұғырлы тұлғалардың
есімі мен еңбегін зерттеп-зерделеу ісінде де
маңызы зор. Осы орайда, түркі жұртының ру-
хани кемеңгері, Қазақстан мен Орта Азиядағы
софылық идеяның бастауында тұрған – Қожа
Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет» («Даналық
сөздер» - «Хикметтер») атты еңбегіндегі жал-
пыадамдық
мәселелердің құндылық қырла-
рын ашып, кеше-бүгін сабақтастығына, даму
үрдістеріне мән берудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: