139
№ 1(142)/2023
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Бұдан байқалатыны, «1-хикмет» - Алла әмірін,
Құран мәнін, аят, хадис сипатын, ақиқат жо-
лының бағыт-бағдарын, «Махшар күнінің»
сырын, ар-иман қасиетін қысқа-нұсқа, жүй-
елі жеткізеді. Адал жүріп, анық басу, әділ істі
қолдап, жат әрекет,
теріс қылықтың жолын
кеседі. Ізгі ниетке бет бұрып, ізгілік жолына
қадам жасайды. Жақсылыққа жақын жүру,
жамандықтан қашық болу мәні айқындала-
ды. Жасампаздыққа кең өріс ашу – басты мақ-
сат, негізгі мұрат етіледі. Адам мұраты, еңбек
мәні, өмір тағылымы осыған саяды.
Қ.А. Ясауи ақиқат жолы – Алла сөзі екенін
жанына демеу, көңіліне медет, өміріне өзек
етеді (2-хикмет). Ғарып, пақыр,
жетімдерге
қол ұшын беріп, демеу жасау – басты ұстаны-
мына айналады. Бұдан кейінгі жерде:
Жеті жаста Арыстан баб келді бабам,
Хақ Мұстафа аманатын берді маған,-деп
ақиқат мәнін, өмір өзегін, Тәңір жолының
маңызын, қасиет-қырларын терең түсінеді.
Бұдан кейінгі тұста:
Құрма беріп, мейірлене назар салды,
Сол заматта-ақ
кеудемде бір шырақ жан-
ды.
Еркелетіп шақырып қасына алды,
Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.
Кітап ашып, сурәлардың мәнін сұрап,
Ұққанымша асықтым, әзер шыдап.
Қол қусырып, ұстазымның сөзін сыйлап,
Жаутаң қағып, көңілін бағып тұрдым мен
де,- деп Алла сөзін ауызға алып, адал жүріп,
әділ сөйлеп, ақ жолды ұстанғаны анық аңға-
рылады.
Мектеп көріп, ұстаз алдынан өтіп,
болашақты бағдарлап, батыл қадам жасаға-
ны да байқалады. Жеті жаста жылы ұшы-
расқан – Арыстан баб, Хақ Мұстафа аманаты,
Тәңір жолының мәні, ұстаз ұлағаты мен өмір
тағылымына ден қоюы – болашақ бағдарын,
азаматтық ұстанымын да айқындайды. Алла
сөзі,
өмір мәні, тәңір жолы – басты бағыты-
на айналады. «Жер астына жеке еніп, нұрға
толдым»,-деп Ібіліс ізінен, нәпсіқұмарлықтан
арылғанын анық-қанық айтады (3-хикмет).
Адам әлемі, өмір мұраты, жас ерекшелігі
де негізгі ұстаным жүйесін құрайды. Айта-
лық, «4-хикмет» - 63 жастың маңыз-мәнін кең
түрде айқындайды. «Не себептен алпыс үште
ендім жерге?»-деп себеп, сырын ашады. Алла
сөзі, Хақ Мұстафа мәні, Жәбрайл жайы кеңі-
нен көрінеді. Маңыздысы, Алланың ақиқат
жолын бағыт етеді. Нәтижесінде:
Перзентім деп хақ Мұстафа тартқан қалам,
Барлық әруақ ықласы да ауды маған.
«Нұр
дария боп толқып ақ- деді,- балам»,
Сол себептен алпыс үште ендім жерге.
Немесе:
«Жолымды ұста» - деп маған әмір берді,
Зікір салдым, бүкіл ағзам майдай ерді.
Рухым кірді, тәнім сөйлеп Алла деді,
Сол себептен алпыс үште ендім жерге.
Сонымен бірге:
Аршы үстінде намаз оқып, тізе бүктім,
Зар еңіреп бір Алладан рақым күттім,
Жалған ғашық, суайт сопыны жүндей түт-
тім,
Сол себептен алпыс үште ендім жерге.
Жан пидасыз құр «hy-hy» бәрі жалған,
Сауалда сүрінгендер жолда қалған.
Өзі, сөзі тазаны қолдайды Жаббар Аллам,
Сол себептен алпыс үште ендім жерге,-деп
өмірнама
тарихынан, дүниеәуи жайлардан
сыр шертіп, мәнді тұжырым жасайды.
Алла мәні, сөзі мен ісі - «5-хикметтің» тұтас
табиғаты мен тағылымын айқындайды. Ал-
пыс үш жас мәні, жерге енудің жайы терең
қөзғалады. Тарих мәні, тағдыр талқысы, өмір
тағылымының сыры ашылып, оған дейінгі әр
жастың ерекшелік қырлары көрсетіледі. Ай-
талық, бастапқы тұста:
Бір жасымда әруак маған аян берді,
Екі жаста пайғамбарлар келіп көрді,
Үш жасымда қырық шілтен үйге келді,
Сол себептен алпыс үште ендім жерге.
Төрт жасымда хақ Мұстафа құрма берді.
Жол
көрсеттім, қаншама жұрт дінге сенді
Кайда барсам Қызыр бабам қасыма ерді,
Сол себептен алпыс үште ендім жерге,-
деп бұдан кейінгі бес-жеті жас аралығы, ора-
за тұту, зікір салу, жақсы-жаман іс-қылықтар
сырын тану сипаттары жіті көрінеді. Түйінді
тұста:
Достарыңызбен бөлісу: