140
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы.
Филология
сериясы
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
Ақыл алсаң жарандарға қызмет еткін,
Ізгі жүрек әзиздерге іззет еткін,-деп ақиқат
мәнін, адалдық орнын, ізгілік жайынан сыр
қозғайды. Тіпті, сегіз-тоғыз жаста айналасы
айқындалып, өмір мәніне ден қойып, дүни-
еәуи кеңістікке кең жол ашылады. «Хикмет
айт деп басыма нұр шашылды»,- дегенді де
бүкпесіз баяндайды. «Кәміл пірім Мұстафаға
мойын бұрғын,
Қай жерде де мадақ айтып
тәжім қылғын»,- дегенді де негізгі қаперге ала-
ды. Ой түйінінде:
Құл Қожа Ахмет, он жаста боз баласың,
Қожалыққа мойын бұрмай толғанасың.
Қасірет қой қалар болса жолда басың,
Сол себептен алпыс үште ендім жерге,-деп
байыпты байлам жасайды. Алла тағала
орны, рух мәні, жаннат жайы,
жұмақ жолы,
ақыл-парасат өлшемі, ізгі жүрек нұры, жана-
за-намаз сыры, дұға-тілек сипаттары, жаны
жақсы жайсаң жандар орын-үлесі де негізгі
назарда болады.
Ақиқат жол, ар-иман ұстанымы, өмір
мұраты, дүние дидары, ғашықтық ғаламатта-
ры – «6-хикмет» мәні мен мазмұнын құрайды.
Он бір мен жиырма бір жас аралығындағы
көрген-түйген жайттар, Алла ісі, хақ Мұстафа
дидары мен аят-хадис мағынасы, жәннат жәйі
кең түрде қозғалады. Ал, жиырма екі мен
отыз жас аралығы («7-хикмет»), отыз бір мен
қырық жас арасы («8-хикмет»), қырық бір мен
елу жас мәні («9-хикмет»), елу бір мен алпыс
үш жас сипаттары («10-хикмет») – Алланың
ақ
жолымен байланыстырылып, Жаратқан-
нан жәрдем тілеп, жан-жүрек, ақыл-парасат,
иман нұры, дүние дидары, шариғат шартта-
ры, өмір тағылымы кең орын алады.
Ал, «11-хикмет» мәнінен адам әлемі, дүние
дидары, өмір сипаты, туған жердің қасиеті
мен құдіреті, ғаріптік мәні,
қам көңіл жайы
терең көрініс береді. Өмір тағылымы, уақыт
рухы да танылады. Бастапқы тұста:
Уа, дариға, не істермін, ғаріп болдым,
Ғаріптікте қамкөңіл боп жүрмін енді.
Хорасан, Шам, Иракқа жол түсті де,
Ғаріптіктің мәнін әбден білдім енді.
Не көрсең де Құдіреттің қалауынан,
Жүсіп солай айрылған Хананынан.
Туған өлкем мүбәрәк Түркістан шаһа-
рынан
Мен де алыстап ет-бауырымды тілдім енді.
Немесе:
Еміренемін ел-жұртқа қаумалаған,
Бабам жатқан ақ топыраққа аунап алам.
Бабам
рухын көремін де ойға қалам,
Не істерімді біле алмай таңмын енді.
Құл Қожа Ахмет, сөйлей бер Алланы ай-
тып,
Дос-жарандар жүрегі тұрсын балқып.
Шаһарыма аңсаған келдім қайтып,
Түркістанда мазар болып қалдым енді,-де-
се, келесі кезекте (12-хикмет») Алла ісі, ақиқат
мәні, әділет жолы айқындалады:
Тағат қылмай телмеңдеуден түк өнбес,
Дәргаһына Алланың лайық болмай қал-
дым міне.
Ақиқаттың бұл сөздерін бар зейініммен
ұқтым да,
Ләмәканда хақтан сабақ алдым міне.
Немесе:
Алла дерті сатылмайды сұрасаң да,
Пірге қызмет ақылы емес ұнасаң да,
Мінәжатқа шын құлықсыз тұра салма,
Ләмәканда хақтан сабақ алдым міне.
Ей, жарандар, ышқы дертіне дауа болмас,
Құштар көңіл дәптері де ада болмас,
Тар лахаттың асты-үсті жүдә болмас,
Ләмәканда хақтан сабақ алдым міне,-деп
Алла атын мадақ етеді. Жер мен көктің орны
айқындалады. Өмір-дүние қызығы тараз-
ыға тартылады.
Ақиқат жолы айқындалып,
ақыл-парасат нұры, құштарлық мәні ашыла-
ды. Махшар күні, бақ пен тақ таласы, еңбек
пен мехнат айырмасы, мінәжат пен хақ сипат-
тары да тиісінше көрініс береді.
Бұдан басқа, жер асты мекенінің мәні, ал-
пыс үш жастың қадір-қасиеті, көк пен жердің
арасы, өмір-тұрмыс сипаттары («13-хикмет»),
Алланың ақ жолы мен ақырет мәні, ғашықтық
ғаламаттары мен нәпсі, күнәнің салмақ-сы-
ры («14-хикмет»), Алланың асыл нұрлары,
Арыстан баб пен сахабалар ұлығы, ақы-
рзаман мәні,
тура жол, түзу тәрбие әсері
(«15-хикмет»), Тәңір сыйы, жан мен тән мәні,
шын ғашықтықтың сыр-сипаты («16-хикмет»),
Раббым атының ұлық сипаты, өмір-тұрмыс
мәні («17-хикмет»), Алла аты мен ақ нұры,
сырлы сипаттары («18-хикмет»), Жаратқан
Достарыңызбен бөлісу: