Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысының экономика сериясы, №1•2019 37 есеп және аудит accounting and auditing учет и аудит


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА сериясы, № 1•2019



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата08.03.2023
өлшемі0.68 Mb.
#470515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА сериясы, № 1•2019
38
2) Халықаралық стандарттарды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау;
3) Халықаралық стандарттарды назарға ала отырып қызметтерді атқару [3, 86 б.].
Қазақстанда мемлекеттік аудит саласында халықаралық стандарттарды есекере 
отырып отандық стандарттарды әзірлеу жолы таңдалып алынды, өйткені ол отандық ерек-
шеліктерді де ескеруге мүмкіндік береді. 
Қазақстан Республикасында сыртқы мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарт-
тардың енгізілуі Қазақстан Республкасы Президентінің «ҚР-да мемлекеттік аудитті енгі-
зу тұжырымдамасы» атты 2013 жылғы 3 қыркүйектегі №634 Жарлығымен бекітілген [4]. 
Аталған тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарын 3 кезең-
де толық енгізілуі ұсынылды.
Бірінші кезең дайындық кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде әдіснамалық базаның 
ағымдағы жағдайын ISSAI стандарттарына сәйкестігі мен Есеп комитетінің талаптары мен 
міндеттеріне толық жауап беретін сыртқы мемлекеттік аудиттің әдіснамалық базасының қа-
лаулы жағдайы арасындағы айырмашылықтар мен олқылықтарды анықтау үшін сәйкестік 
талдауы жүргізіледі. Олқылықтар талдауы жүргізілген соң Халықаралық стандарттарды 
енгізу бойынша бастапқы жоспары құрылады.
Екінші кезең сыртқы мемлекеттік аудит стандарттарын, олармен байланысты өзге 
құжаттарды жаңа талаптарға сай өзгерту, жаңа стандарттарды әзірлеу және оларды апро-
бациялау іс-шаралар кешенінен тұрады.
Үшінші кезең республика бойынша бақылау органдарының барлық қызметкерлері 
үшін дайындық-оқыту бағдарламаларын өткізуді көздейтін мемлекеттік аудит стандарт-
тарын сүйемелдеу іс-шараларынан тұрады.
Бүгінгі күні, Есеп комитетінің мүшесі С.Н. Нугербеков мәліметтері бойынша, Есеп 
комитеті сыртқы мемлекеттік аудиттің жаңа стандарттарын және олардан туындайтын құ-
жаттарды әзірлеу мен жаңарту және оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуді көз-
дейтін екінші кезеңді іске асырып жатыр [5, 27 б.].
Қазіргі уақытта қолданыста жүрген ISSAI құрылымы 2007 жылы INTOSAI-дың ХІХ 
Конгрессінде қабылданған ресми құжатында ұсынылады [6]. Кәсіптік стандарттары бой-
ынша INTOSAI Комитеті жоғарғы жоғарғы мемлекеттік аудит органдары (ЖМАО) алдына 
қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданған, INTOSAI Конргессімен бұрын қабыл-
данған барлық құжаттарды бір ретке келтіріп, оларды келесі төрт деңгейлі иерархияға жүй-
лендірді:
1-деңгей: Басшылыққа алынатын қағидалар. Бұл қағидалар 1977 жылы қабылданған 
Лим декларациясымен бекітілген.
2-деңгей: Жоғарғы мемлекеттік аудит органдарының алдын ала шарттары. Бұл дең-
гейдің стандарттары ЖМАО-ның қызметі тиісті дәрежеде орындалуы үшін базалық талап-
тар мен шарттарды анықтап ашып көрсетеді.
3-деңгей: Аудиттің негізге алынатын қағидаттары. Мемлекеттік ұйымдарда аудит-
ті жүргізудің негізгіқағидаттарын қамтитын жалпы, рәсімдік және есеп беру стандартта-
ры. Бұл деңгейдегі стандарттардың мақсаты аудит тиімділігін қамтамасыз ету және сақтау, 
ЖМАО-ның одан әрі дамуын жалғастыру, INTOSAI және оның аймақтық ұйымдар шең-
берінде халықаралық ынтымақтастық үшін жалпы кәсіптік негіз құру.
4-деңгей: Аудит бойынша әдістемелік ұсыныстар. Бұл деңгейдің стандарттары ау-
дит жүргізу барсында анықалған нақты міндеттерге жетудегі қолданылатын тәжірибелік 
ұсыныстарды қамтиды.
INTOSAI стандарттарының 4 деңгейлі иерархияға жіктелуіне сәйкес олардың нөмір-
ленуі келесі белгілер бойынша жүргізіледі:
1. Әр құжат оның иерархиялық деңгейін анықтайтын саны бірден төртке дейін же-
тетін цифрлық кодтан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет