Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысының экономика сериясы, №1•2019 37 есеп және аудит accounting and auditing учет и аудит


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА сериясы, № 1•2019



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата08.03.2023
өлшемі0.68 Mb.
#470515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА сериясы, № 1•2019
42
Сурет-2. Отандық стандарттардың жіктелуі. 
(Ескерту:[2] әдебиет негізінде құрылған)
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары мемлекеттік 
аудиттің және қаржылық бақылаудың халықаралық стандарттарын ескере отырып, 2015 
жылы 12 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және 
қаржылық бақылау туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзір-
ленді.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарыкелесі 13 стан-
дарттардан тұрады:
1. 
Тәуелсіздік;
2. 
Әдептілік;
3. 
Объективтілік;
4. 
Кәсіби құзыреттілік;
5. 
Кәсіби пайым;
6. 
Есептілік;
7. 
Анықтық;
8. 
Ашықтық;
9. 
Жариялылық;
10. 
Құпиялылық;
11. 
Мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану;
12. 
Басқару;
13. 
Сапа бақылау.
Жалпы стандарттар мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізудің 
тиімділігін, дәйектілігі мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік аудит 
және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын негізгі талаптарды қамтиды [8].
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудыңотандық рәсімдік стандарттарына 
тоқталатын болсақ, оның мазмұнында мемлекеттік аудитті жүргізу рәсімдеріне, механизм 
мен әдістеріне, сонымен қатар мемлекеттік аудит органдарының қызметіне қойылатын та-
лаптары қамтылады. ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәй-
кес отандық рәсімдік стандарттар 3 топқа бөлінеді (Кесте – 2).
Кесте 2
Рәсімдік стандарттадың топтастырылуы
Түрі
Әзірлейтін және бекітетін орган
1
2


Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА сериясы, № 1•2019
43
Мемлекеттік аудит және ішкі мемлекеттік ау-
диттің рәсімдік стандарттары
Есеп комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит 
жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп 
Сыртқы мемлекеттік аудиттің рәсімдік стан-
дарттары
Есеп комитеті 
Ішкі мемлекеттік аудиттің рәсімдік стандарт-
тары
Есеп комитетінің келісуі бойынша ішкі мемле-
кеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган 
Ескерту: кесте келесі әдебиет көздері негізінде автормен құрастырылған – [2]
Есеп комитеті рәсімдік стандарттарды әзірлеместен бұрын олардың тізбесін, оларды 
әзірлеу мерзімдерін, жауапты орындаушыларды қалыптастырады. Қажет болған жағдайда
рәсімдік стандарттың тағайындалуына қарай, Есеп комитеті стандартты әзірлеу үшін сы-
ртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, мүдделі мемлекеттік ор-
гандардың, қоғамдық аудиторлық және халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің 
өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құрай алады [9]. Сыртқы мемлекеттік аудиттің және 
қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарының сыныптамасы мен бүгінгі күнге дейін 
әзірленіп бекітілген рәсімдік стандарттар тізбесі төменгі кестеде көрсетілген (Кесте – 3):
Кесте 3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет