Ақыл-ой тәрбиесі қазақта халықтық білім арқылы берілген. Халықтық білім деп адам, қоғам, табиғат туралы санғасырлық жинақталған халықтың тәрбиесін айтамыз.Халықта «ақылы асса, аға тұт» деген сөз бар. Халық «баймын деп, тасыма, кедеймін деп, жасыма» деп ақыл айтады, инабатты, иманды ұрпақ өсіру үшін, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп өсиет айтады.
Азамат қоғамының дамуы еңбек пен ғылымның ұштаса өрістеуімен байланысты. Ғылым-адам табиғат және қоғам туралы білімдер жиынтығы.
Қоғамның даму барысында ғылым жетекшілік роль атқарады. Қоғамдағы барлық байлық - ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің бірлескен жемісі.
Ғылыми білімді жасаушы- халық , оның кемеңгер ақылды жандары. Сол ғылыми білімді меңгеру, даналық ойға ие болу-оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты екенін өте ерте түсінген қазақ халқы былай деген:
Оқу шала естіні бүтін,
Бүтін естіні данышпан қылады.
Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ. Білімдіге дүние жарық Білімсіздің күні ғәріп. Оқу- білім бұлағы.
Білім-өмір шырағы, - деп өмірдің тұтқасы оқуда және білімде деп топшылаған жастарға халқымыз: Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Ақыл азбайды, білім тозбайды, - деп білімнің өмірдегі мәнін ұғындыруды мақсат еткен. Білімді болу үшін асқан төзімділіктің, еңбексүйгіштіктің қажет екенін сезген халық: «Оқу-инемен құдық қазғандай» деп түсіндірген. Білімнің өздігінен келмейтінін, ол үшін көп оқып, оны көңілге тоқып, ғалымдармен жолдас болып, мұратқа жетудің қажеттігін халқымыз мақал-мәтелдер арқылы жастардың санасына сіңіріп отырған.
Ғылыммен жақын болсаң-қолың жетер, Залыммен жақын болсаң-басың кетер. Оқы да біл, ойнада күл.
Оқу түбі тоқу,- деген соған дәлел.
Қазақ халқы жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде және олардың ұлттық санасын қалыптастыруда ауыз әдебиетінің көптеген жанрларын пайдаланған. Ӛйткені «Ауыз әдебиеті - халық даналығының көзі, өмір тәжірибесінің жиынтығы» деп санаған.
Осы мақсатта ұлы ойшылдар мен ғұлама ғалымдардың шығармаларын, мақал-мәтелдерді, айтыстарды, жұмбақтарды, ұлттық ойындарды, қол өнері мен тіл өнерін, /шешендік сөздер, қанатты сөздер және т.б./ кең пайдаланған.
Енді соларға нақты мысалдар келтірелік.
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде және ой-санасын өрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде, әсіресе жұмбақ айтысы ерекше роль атқарған.
Жұмбақтың тәрбиелік мәні туралы академик М.Әуезов былай дейді:
«Жұмбақ – халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі. Жұмбақ өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенің тамаша құралы. Ол бүгінгі біздің дәуірімізде де өзінің керектілігін, қасиетін жойған жоқ». Жұмбақ адам баласы санасының даму барысында әр алуан өмір құбылыстарын түсініп білуге ойды жетектеу, талпындыру, әсіресе жастардың ой-өрісін, қиялын кеңейтуде көздеген мақсаттан туған. Жұмбақта адам баласының даму барысында әр алуан өмір құбылыстарын түсініп білуге ойды жетектеу, талпындыру ,әсіресе жастардың ой-өрісін, қиялын кеңейтуді көздеген мақсаттан туған. Жұмбақтар қалай және қайда айтылған?
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен туған ойын-сауық кештерінде өлең жырмен айтысу, ән сайысына түсу, сөйтіп жиналған жұрттың көңіл-күйін көтеру және жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Сол ойын-сауық кештерінде жастар бір бірімен ән шырқасып, күй шертісіп, жұмбақ және жаңылтпаш айтысып, өнер сайысына түскен. Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жігітке жұмбақ арқылы талап қойып,оны шешуін күтіп, сертке кеткен, ақылды,тапқыр жігітке тұрмысқа шығатын болған. Бертін келе ақындардың айтысында жұмбақ айтысы ерекше орын алған. Мысалы, Әсет пен Рысжанның, Ақбала мен Боздақтың айтыстары жұмбақ түрінде жырланған.
Жұмбақ айтысы жастардың логикалық ой-өрісінің дамуына ерекше әсер еткен және оларды тапқырлыққа тәрбиелеуде үлкен роль атқарған.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда кең тарап, дәстүрге айналған ақындар айтысының жаңа бір түрі пайда болған. Онда бір ақын: өмір, өнер-білім, тіршілік, еңбек, кәсіп туралы сұрақтар береді. Оларға бір топ ақындар қатынасып,өз көзқарастарын өлеңмен білдіретін болған. Мысалы, Алты ақынның өмір туралы айтысы, «Тоғыз ақын қатынасқан Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіптің айтысы», он ақын қатысқан Шәкей шал айтысы, Ырысты мен 16 ақынның айтысы т.б.
Сонымен осы ақындар айтысында сөз болатын ғылыми-білімнің өрісі, талап,еңбек, терең ойлылық мәселелері- жастардың ақыл- ойын тәрбиелеуге, ғылымды оқып-біліп меңгеруге мезгейтін тәрбиелік мәні терең өнер туындысы.
Қазақ балаларының тілін ұстартудағы тәрбиенің бір көзі-жаңылтпаш айтқызу. Жаңылтпаш айтқызудағы мақсат-жастарды күлдіру,көңілін көтеру, екіншіден-әр сөзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл ұстартуға үйрету. Жаңылтпаш қашан және неге айтылған. Қазақтың салты бойынша ойын-сауыққа келген жастардың бәрі де ән салып, күй шертіп, өлең айтуға тиіс. Ал осы өнерлерден құр алақан жастарға жаза ретінде ойынды басқарушы адам жаңылтпаш айтқызатын болған.
Шындай шытырмыш, Ол шытырмышты Мен шытырмыштамай
Кім шым-шытырмыштайды.
немесе
Ар жақтағы Құдияр құдам еді, Ол мені құдаламады,
Мен оны құдаламадым, - деген сияқты жаңылтпаштардың соңғы екі жолын шатаспай жылдам-жылдам айтып шығу оңай емес.Егер ол адам жаңылтпаштың әр әрпін, әр сөзін орамына келтіріп айта алмаса, бұзып айтса, жұрт оған күледі. Жаза ретінде өлең айтқызған, ал жазаланушы әрбір жас ән-күй орындауға міндетті болған. Ал мұның өзі-өнерді халықтың қадірлемегенін; жастарды өнерлі болдыруға ерекше көңіл бөлгенінің белгісі.
Жастардың ой-өрісін, тапқырлығын тәрбиелеуде ұлт ойындарының да ролі ерекше болған. Олар оймен келетін ойындар, «Санамақ ойыны», «Тоғыз құмалақ», т.б. Мысалы, «Санамақ» ойынының мәні: бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусақтардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай жылдам он қыздың, он баланың, он ақынның,он өзеннің аттарын атау сияқты қүлдіргі ойындар балаларды тапқырлыққа тәрбиелеудің бастамасы болып саналған. «Ұшты-ұшты» ойынының мәні: жанды заттан жансыз затты тез ажырата білуге баулу.
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде қазақ халқы ежелден тіл өнері мен қол өнерін кең пайдаланған. Ол үшін шешендік өнер мен шеберлік өнерді қатар бірдей бағалай білген.Мысалы,
Шешеннің тілі ортақ, Шебердің қолы ортақ;
Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер. Ӛнер алды қызыл тіл.
Қазақ халқы сөз өнерінде логикалық ойдың күшті болғанын және болуын қалаған. Ол үшін жігін жатқызып, ебін тауып, дәлелдеп нақты сөйлей білуді балаға үйретіп отырған.Мысалы,
Сөз тапқанға қолқа жоқ..
Шешен кісі сөз айтар ойға салмай, Шебер кісі тон пішер бойға салмай. Жүйелі сөз жүйесін табар,
Жүйесіз сөз иесін табар. Жүзден бір шешен,
Мыңнан бір көсем. -
деп топ алдында сөз бастаған ,ел билеген шешендерді ерекше қастерлеген. Қазақ халқы шешендік сөздерді сап алтындай қадірлеп, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге етіп ұсынып отырған. Мысалы, Жиренше шешеннің, Қаз дауысты Қазбектің, Сырымның, Әйтекенің, Төлебидің, Бөлтіріктің т.б. сөздерінде ақылдылықтың, тапқырлықтың, білімділіктің тамаша үлгілері көрінеді. Олар ақыл-ой тәрбиесінің негізі және асыл-арналары болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |