Л. Н. Ибраимова этнопедагогика (ОҚУ ҚҰралы) Тараз 2009


ЭТНОПЕДАГОГИКА – ҒЫЛЫМ, ОНЫҢ ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет2/15
Дата11.03.2022
өлшемі250.55 Kb.
#456168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ibraimova-etnopedagogika

ЭТНОПЕДАГОГИКА – ҒЫЛЫМ, ОНЫҢ ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ.Жарықбаев: «Халық педагогикасы – халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы білімдерінің қосындысы» – деп, анықтама берген. Біздіңше «Халық педагогикасы – ғасырлар бойы жинақталған халықтың тәрбие және оқыту жөніндегі білім мен тәжірибесінің жиынтығы». Себебі қазақ халқында мынандай мақал бар «Ғылым негізі – тәжірибе, даналық негізі– білім».


Әр мәселені, сол сияқты халық педагогикасын зерттейтін ғылымның саласы болады. Ол – этнопедагогика ғылымы.


Профессор Қ.Жарықбаев этнопедагогикаға мынандай анықтама берген: «Этнопедагогика – халықтың оқыту және тәрбиелеу туралы ғылымы», немесе «Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы» деген. Біздіңше «Этнопедагогика – халықтық педагогиканы зерттейтін ғылым, оның жаңа саласы» деген дұрыс сияқты. Негізгі және басты зерттеу обьектісі халық педагогикасы болып саналатын ғылымның арнаулы жаңа саласы этнопедагогика деп аталады. Мұндағы «этнос» – ру, тайпа, ұлт, және «педагогика»(оқыту, тәрбиелеу) -деген екі сөзден құралып, этнопедагогика деп аталған бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі, оның ғылыми қалыптасуындағы негізгі бір саласы.
«Этнопедагогика» терминін ғылымға алғаш 60 жылдың соңы 70 жылдың басында чуваш ғалымы, академик Г.Н.Волков ендірді. Г.Н.Волковтың анықтамасы бойынша: «Этнопедагогика – бұқара халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша тәжірибесі, оның педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді... Халық педагогикасы – халықтық ауыз әдебиетінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы –халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен өзара байланысы. Оның зерттеу тақырыбы –– тәрбие, ал тәрбие объектісі –– адам, тұлға», – дейді. Г.Н.Волковтың пікірінше, этнопедагогика ғылымының нысаны – ғылым болып есептелмейтін халықтық педагогика. Этностық тәрбие – отбасындағы, рудағы, тайпадағы тәрбие, дәлірек айтсақ табиғи, мектептен тыс, дәстүрлі, формальді емес халықтық тәрбие.
Кең мағынада халықтық педагогика – тәрбие ісіне қызмет ететін халық шығармашылығының барлық түрлері. Олар: салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар,тойлар, мерекелер, ұлттық ойындар, халық тарихы, әдебиеті, қол өнері, еңбек әрекеттері, халық музыкасы, халық билері, халық әндері және тағы басқалар.
Халықтық педагогика ғылыми педагогикадан бұрың шыққан ұғым. Ол «ақылды адам» жер бетінде пайда болысымен туған. Халықтық педагогика ғылыми педагогиканың бастапқы көзі, негізі және бастамасы болып саналады. Халықтық педагогикадағы ғасырлар бойы жинақталған бағалы идеялар (прогрессивтік, демократиялық, гуманистік, идеялық және халықтың тәрбиелік тәжірибесі) ғылыми педагогикада кең пайдаланылуы керек.
Ӛкінішке орай кеңес дәуірінде олай болмады, тек қана орыс және шетел педагогикасы дамыды және солар оқытылды. Ал барлық мектептерге тәлім-тәрбие сол педагогикалар негізінде жүргізілді.
Этнопедагогиканың пәні – ұлттық тәрбие процесі. Ал ұлттық тәрбие қазақта ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған.
Этнопедагогика ғылымының міндеттері:

  1. Ауыз әдебиетінің шығармаларын;

  2. Этнографиялық материлдарды;

  3. Халықтық тәрбие дәстүрлерін;

  4. Халықтық ойындар;

  5. Отбасы тәрбие тәжірибесін пайдаланып –– Жас ұрпақты “Сегіз қырлы, бір сырлы” азамат етіп ұлттық тәрбие беру.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет