Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Талқыланатын Корпоративті басқару кодексінің кемшілігі мен
артықшылығы қандай?
2.Осы компанияның Корпоративті басқару кодексіне не енгізуді
ұсынар едіңіз?
1
http://www.kaztranscom.kz
- KazTransCom
компаниясының Интернет ресурсы
290
Қазақстандағы корпоративті басқарудың даму хронологиясы
1990 жылы КСРО Министрлер Кабинетінің «Акционерлік қоғам туралы
ережесі» бекітілді. Құқықтық тәжірибенің алдағы дамуы «Шаруашылық
серіктестігі туралы» заң күші бар, ҚР Президентінің Жарлығы, 1996 жылы
қабылданған ҚР Азаматтық кодексі – жекешелендіруді құқықтық реттеу аясында
көрінді.
1993 жылы наурызда «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға
арналған мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың
ұлттық бағдарламасы» қабылданды. Ол мемлекеттік меншіктің қайта
құрылуының бағыты мен бірізділігін анықтады Жекешелендіруге қатысу ең
алдымен облыстық әкімшілік және аумақтық Мемлекеттік мүлік органдары
арқылы мүмкін болды. 1993-1995 жылдары ішінде 2 мыңдай кәсіпорын
акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
1996 жылдан бастап 1999 жылдар аралығында Акционерлік қоғам туралы,
Құнды қағаздар нарығы туралы, ҚР Азаматтық Кодексі заңдарының
қабылдануы, Қазақстан Республикасындағы 1996-1999 жылдарға арналған
мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың үшінші
бағдарламасының бекітілуі жағдайындағы ақшаны жекешелендірудің негізгі
мақсаты жекешелендірудің негізгі процессін аяқтау жолымен Республика
экономикасында жеке сектордың басым болуына қол жеткізу және бекіту болып
табылады. 1998 жылдың соңына дейін 2615 акционерлік қоғам мен
шаруашылық серіктестігін жекешелендірілді, ол құрылған акционерлік қоғам
мен шаруашылық серіктестігінің жалпы санының 51,8% құрады. Нарық
инфрақұрылымы белсенді құрылуда: инвестициялық компаниялар мен қорлар,
депозитариялар мен тіркеушілер, жарналық инвестициялық қорлар,
қамсыздандыру компаниялары, аудиторлық және консалтингтік компаниялар,
зейнетақы қорлары мен т.б. Ірі шетел компаниялары Қазақстанда өздерінің
филиалдарын, өкілдіктерін немесе бірлескен фирмаларын ашуда.
1998 жылы – корпоративтік заңдылық саласындағы маңызды оқиға—
«Акционерлік қоғам туралы» Заңның қабылдануы.
1999 жылдан осы уақытқа дейінгі мерзім ішінде мемлекеттік меншікті
басқару мен иелік ету мәселелерінде мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы
құзырлықты бөлу жаңа көзқарастармен сипатталады.
1999 жылы корпоративтік басқару мәселесі бойынша Қазақстан
заңдылығын халықаралық сарапшылар Орталық және шығыс Еуропа, ТМД және
Прибалтика елдерінің ішіндегі ең үздігі деп таныды.
2000 жылы жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқару концепциясы,
оны іске асыруға мемлекеттік мүлік және жекешелендіруді басқарудың
тиімділігін арттырудың үш бағдарламасы қабылданды.
2001 жылы 30 қаңтардағы № 155-II «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексімен көзделген акционерлердің жалпы
жиналысын өткізу мен шақыру тәртібін бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік
291
қарастырылған (елуден екі жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл).
2001-
2002 жылы Қазақстандағы корпоративті басқару негізін құру
бойынша Center for International Private Enterprise жобасы жүргізілді.
2002 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
жанындағы құнды қағаздар нарығы мәселесі бойынша Сарапшылар кеңесі
акционерлік қоғамдардағы бірлесіп басқарудың принциптерін пайдалану
бойынша Ұсыныстар жасады.
2003 жылдың мамыр айында «Акционерлік қоғам туралы» жаңа заң
қабылданды.
2003 жылдың шілде айында «Құнды қағаздар нарығы туралы» Заң
қабылданды.
2003 жылы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының «Қаржы рыногы мен
қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» № 474-II
Заңы қабылданды, заң қаржы мекемелері мен қаржы нарығындағы мемлекеттік
реттеу және қадағалауды іске асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды
реттейді.
2004 жылғы 15 наурызда Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды
мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігі
Басқармасының № 63 Қаулысымен Қазақстан Қаржы биржасының листингінде
тұрған компанияның ішкі құжаттары бірлесіп басқару тәртібіндегі кодекспен
сәйкес келуі тиіс.
2004 жылдың маусым айында Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының
жанындағы Корпоративті басқару басқармасында жұмыс тобы құрылды.
2004 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
жанындағы Сарапшылар кеңесінде» ұжымдық басқару бойынша ұсыныс»
жарыққа шықты
2005 жылдан бастап Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының жанындағы
Корпоративті басқару басқармасындағы Жұмыс тобы жыл сайын бірлесіп
басқару бойынша Халықаралық конференцияны өткізуге дайындалады, онда
жалпы бірлесіп басқару басқармасында принциптер, кодекстер мен жүйелерді
енгізу кезінде орын алатын практикалық проблемаларды талқылау жүргізіледі.
Конференция нәтижесі бойынша Корпоративті басқару басқармасының кодексін
жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады және оған комментарийлер беріледі.
2005 жылғы 20-21 қазанда Алматыда «Қазақстандағы корпоративті
басқару мен инвестициялық климат» атты Қазақстан Республикасындағы
Корпоративті басқару бойынша алғашқы конференция өтті.
2005 жылы 21 ақпанда ұжымдық басқару бойынша жұмыс тобы әзірлеген
бірлесіп басқарудың моделдік жобасы жасалып,талқыланды.
2005 жылғы 31 наурызда моделдік Кодекс Қазақстан Қаржыгерлер
ассоциациясы кеңесімен мақұлданды.
2005 жылғы 21 шілдеде КБ талабы бойынша эмитенттерге Биржалық
кеңесінің шешімі қабылданды. Оның нәтижесі ретінде корпоративті басқару
292
кодексінің бар болуы туралы талаптары Қазақстан Қаржы биржасының
листингінің ережесіне енгізілді.
2006 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметі жанында
мемлекеттік корпоративті басқару мәселесі бойынша арнайы кеңес құрылды.
2006 жылдың мамырында Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC)
Қазақстанда және Орталық Азияда бірлесіп басқару бойынша жобаны жүзеге
асырудың басталуы туралы хабарлады.
2006 жылдың 8 маусымында Алматыда ұжымдық басқару бойынша
«Қазақстандағы корпоративті басқару және инвестияциялық климат» атты
екінші халықаралық конференциясы өтті.
2007 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
мемлекеттік ұжымдық басқару принциптерін дамытуға және мемлекеттік
холдингтер де бірлесіп басқаруды одан әрі жетілдіруге шақырылды.
2007 жылдың ақпанында Бірлесіп басқару конференциясы, Астана
2007 жылдың көктемінде Сенатта республика экономикасының
бәсекелестікке қабылеттілігін арттыру туралы мәселе қаралып, оған ұжымдық
басқару саласындағы сарапшылар қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру
жөніндегі шаралар туралы» № 310 Жарлығына қол қойылды. Жарлықта
мемлекеттік меншікті тиімді басқарудың мақсаты мемлекеттік меншікті
басқарудың тиімділігін «ұжымдық басқару тиімділігін енгізу арқылы арттыру»,
«...
Мемлекеттік холдингтер мемлекет қатысуымен акционерлік қоғамдарда
олардың жұмыс нәтижелерін бағалау, тәуелсіз директорлар институтын және
бірлесіп басқарудың басқа да принциптерін енгізу жолымен бірлесіп басқару
жүйесін жетілдіретін болады
»
2007 жылғы мамырда – миноритарлық инвесторларды қорғау мақсатымен
заңнамаға өзгерістер енгізілді.
2007 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі
орынбасарының № 86 «Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдарға
арналған бірлесіп басқарудың типтік кодексін бекіту туралы».
2007 жылғы 3 шілдеде Эмитенттер кеңесі мәжілісінде ұжымдық
басқарудың Моделдік кодексіне түсініктеме жобасы бекітілген және ұсынылған.
2007 жылғы 21 шілдеде «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 303-ІІІ
Заңында «Бірлесіп басқару рейтингі бар заңды тұлғалармен аффилиирленген
және мемлекетке тиісті акцияларының (үлестерінің) елу немесе одан да көп
пайызы заңды тұлғалар қызметі, жұмыстар мен тауарлар алуға арналған» және
ұжымдық басқару рейтингісі бар заңды тұлғалар «Мемлекеттік сатып алу
мемлекеттік сатып алу туралы жабдықтаушыларды таңдау және олармен келісім
жасасуды реттейтін осы Заңның нормаларын қолданбай іске асырылатыны»
көрсетілген.
293
2007 жылғы 1 қазанда Қазақстанның корпоративті секторында алғаш рет
«Қаз Мұнай Газ» өндіретін жерлерді Барлау. Өндіру» АҚ бірлесіп басқару
сапасы рейтингісі берілді.
2007 жылғы 27 қарашада ТМД елдері Корпоративті тәуелсіз
директорларының алғашқы саммиті өтті.
2007 жылы 20-21 қарашада Қазақстанда «Корпоративті басқару: тиімді
тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық үшінші конференция өтті.
Алматы, Қазақстан
2008 жылы 12 мамырда IFC пилоттық бағдарламасы іске қосылды, оның
мақсаты – ұжымдық басқару тәжірибесінде компанияларда қолданылатын
детальдық бағаны сарапшылардың жүзеге асыруы болып табылады.
2008 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 852
қаулысымен акционерлік қоғамының типтік жарғысы бекітілген.
2008 жылы 1 қарашада Center for International Private Enterprise жобасы мен
Бірлесіп басқару негіздерін журналистердің ұғынуын одан әрі дамыту жобасы
бастау алды.
2008 жылы 3-4 желтоқсанда «Жаһандық қаржы дағдарысы жағдайындағы
ұжымдық басқару» атты және ТМД елдеріндегі тәуелсіз директорлардың екінші
саммиті және ұжымдық басқару жөніндегі IV халықаралық конференция өтті.
2010 жылғы 10 маусымда ұжымдық басқару бойынша V халықаралық
конференция болды, конференцияны CIPE қаржыландырды.
294
|