Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет4/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Редактордың алғысөзі
Корпоративті басқарудың пайда болғанына, менеджмент саласына сияқты 
көп жыл бола қойған жоқ. Корпоративті басқару білім мен тәжірибенің жеке 
жүйесі ретінде 20 жыл бұрын қалыптаса бастады. Маңызды, әрі басты кезеңі деп 
1999 
жылдың мамыр айын санауға болады. Ол кезде бүкіл әлемдік масштабта 
бірлесіп басқару нормаларын бірыңғай стандартқа келтіру мақсатында 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қеңесінде бүкіл әлем 
үшін шын мәнінде үлгіге айналған (ЭЫДҰ) ұжымдық басқарудың принциптері 
тұжырымдалды.
Алайда меншіктің бірлескен формасы әлемнің дамыған елдерінде бұрыннан 
бері қалыптасқан. Иелік ету және басқаруды бөлуге байланысты қатынастар – 
ұжымдық қатынасты заңнамалық және әлеуметтік реттеу сияқты, ұжымдық 
басқару Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды. Бізде 
акционерлік қоғамдарға жетекшілік етуде, меншік иелері мен менеджерлер, 
минориторлық мен мажоритарлық акционерлердің түрлі мүдделерімен, тұтас 
алғанда акционерлердің құқықтары мен меншіктігімен байланысты мәселелерді 
шешуде өзіндік тәжірибе жинақталмаған.
Әрине ұжымдық басқару бойынша әлемдік қауымдастықтың ұсынымдарын
білдіретін тәсілдер мен ережелерді көшіре отырып, басқалардың тәжірибесін 
пайдалануға болады. Дегенмен, бүкіл әлемдегі компанияларға меншіктің 
акционерлік формасы ұсынатын айырмашылықтармен қоса ескеруді қажет 
ететін маңызды айырмашылықтар да бар.
Осы оқулықта мазмұны ұжымдық басқарудың әлемдік тәжірибесімен қоса, 
инвесторлар, акционерлер, директорлар кеңесі, атқарушы орган және басқа 
мүдделі тұлғалар арасындағы қатынасты ұйымдастырудағы қазақстандық 
ерекшеліктер де қамтылады. 
Оқулықтың басты мақсаты оқытушылар, студенттер және тыңдаушыларға 
Қазақстандағы ұжымдық қатынастар туралы түсінік беру.
Көптеген студенттер мен тыңдаушылар келешекте екі рөлдің біреуін 
атқаратын болады. Біріншіден, олар кәсіби басқарушылар болады, сондықтан 
меншік иелерімен қарым-қатынасты қалай орнату керек екенін білуге тиіс. 
Екінші, олардың көбі меншік иелері атанады (акционерлер, серіктестік немесе 
жекеменшік кәсіпорындардың иелері) және өздерінің құқықтары мен меншігін 
қорғау үшін жалдамалы менеджерлермен қандай қатынасты орнату керектігін 
білгендері жөн. Өз кезегінде кәсіби басқарушылар мен кәсіби меншік иелері мен 
инвесторлардың қатарын қалыптастыру, сөз жоқ, еліміздің экономикасының 
гүлденуіне мол үлес қосатындығы сөзсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет