Қаржылық менеджментте жоғарыда келтірілген
әдістемелерден басқа да
курс құнын жасанды жолмен жүйелеудің кейбір жолдары жасалған. Олар кейде
төленетін үлеспайданың мөлшеріне әсер етеді.
•
Акцияны ұсақтау әдісі (тармақтау не сплита)
Акцияны ұсақтау деген (сондай-ақ жеңілдікпен шығарылған деп те аталады)
үлеспайданы акциямен төлегенмен ұқсас, бірақ әдетте ол үлеспайданы ақшамен
төлеуге қосымша жүргізіледі.
Акцияны ұсақтау не жеңілдікпен шығарылған
акция компаниядағы инвесторлар акциясы
пакетінің жалпы құндылығын
өзгертпейді. Акциялардың нарықтық құны жаңа акциялар шығарылуы есепті
автоматты түрде түзетіледі. Әрбір акционер акциялардың
жалпы көлемінен өз
акциясының бұрынғы көлемін сақтайды, өйткені әрбір акционер өзіндегі акция
пакетіне пропорциональды түрде қосымша акциялар пакетін алады.
Акцияны ұсақтауды әдетте ісі жүріп тұрған компаниялар жасайды, олардың
акцияларының уақыт өте келе құны жоғарылап отырады. Ондай компаниялар өз
акцияларының өте жоғары бағаға шығып кетуіне жол бермеуге тырысады,
өйткені ол оның жойылуына алып келуі мүмкін (кейбір осы тектес жағдайларда
құны төмен акциялар жойылу мүмкіндігі жоғары).
Бұл операцияны жасауға
шешім қабылдаған соң акциялардың нарықтық құнына байланысты, ұсақтаудың
тиімді масштабы анықталады: мысалы, екі жаңа акция бір ескі акцияға, үш жаңа
акция бір ескі акцияға,т.б. Валюта тепе –теңдігі,
меншік капиталының
құрылымы мұндай кезде өзгермейді, тек кәдімгі акциялар саны көбейеді.
Акцияны ұсақтаудың негізгі артықшылықтары:
•
Жағымды ақпараттық мазмұны, бұл әдетте акция құнының потенциальды
өсуінің көрсеткіші ретінде қаралады.
•
Акциялар көптеп шығарылғандықтан оларды
іске жарату да оңайлау
болмақ, бұрынғы акционерлердің акция пакеттерінің құндылығына әсерінсіз
бағасы төмендейді. Көптеген акциялар «іске асырудың тиімді шегі»
дегенді
иеленген, ол шектің ішінде олардың айналымы жоғары, ал
акция құнын осы
шекте ұстауға акцияны ұсақтау пайдаланылды.
•
Акционерлерге бұл тез пайда әкелмесе де,
ұзақ уақыт бойы олар өз
акцияларының іске асуын жоғарылатады. Осы себепті де , адамдар ылғи ештеңе
бермей-ақ бірдеңе алғанды сүйетіндіктен, анда-сандағы жеңілдікпен
шығарылғандары аса танымал.
•
Достарыңызбен бөлісу: