Дивиденд есептеу, мөлшерін анықтау тәртібі. 3.1
. Қоғам есептейтін үлеспайда көлемі нормативті есепке ала отырып
анықталады. Таза табысы (қорытынды пайда) Қоғамның оның консолидарлы
қаржылық есебі негізінде анықталады, оны МСФО сай жасайды.
3.2.
Қолданыстағы заңға сай және Қоғам жарғысына сай Қоғамның
директорлар кеңесі Қоғамның өткен қаржылық жылының таза табысының
бөліну тәртібі және Қоғамның бір жай акциясына есептелген бір жылғы
үлеспайда көлемі туралы ұсыныс дайындап жатыр.
3.3.
Қоғамның директорлар кеңесі Қоғамның өткен қаржылық жыл және
бір жылғы үлеспайда мөлшері туралы таза табысын бөлу туралы ұсыныс
дайындауда үлеспайда төлеуге бағытталатын сома таза табыстың 17,5 % кем
болмауы тиіс деген ұстанымда болады.
3.4. Қоғамның үлеспайда жай және ерекше акциялар бойынша тоқсан сайын,
жарты жылда бір рет, не жыл қорытындысында төлеу мүмкіндігі туралы мәселе
қолданыстағы Заңмен жүйеленеді. Бұл мәселені Қоғам басқармасы қоғам
акциялары бойынша үлеспайда мөлшері көрсеткіші болжауымен алынған
қаржылық нәтижеге сүйеніп қарау үстінде.
3.5. Қоғамның директорлар кеңесі ,Қоғамның басқармасы ұсынысы
негізінде таза табыстың бөлінуінің негізгі бағытын (қорытынды пайда) қарау
үстінде, сондай-ақ үлеспайда төлеуге бағытталған таза табыс (қ.п.) үлесі
бойынша ұсынысты қалыптастырады.
3.6.
Қоғамның директорлар кеңесі қалыптастырған Қоғамның бір жай
акциясының есептелген жылдық үлеспайда мөлшері мен өткен қаржылық жылға
қоғам таза табысының бөліну тәртібі туралы ұсыныс акционерлердің жалпы
жиналысының қарауына жіберіледі.
3.7.
Үлеспайда мөлшері туралы кесімді шешім қоғам акционерлерінің
жалпы жиналысы шешімімен орнықтырылады.
3
137