Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


  Тарау. Қазақстандағы инвестициялар



Pdf көрінісі
бет11/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга


Тарау. Қазақстандағы инвестициялар 
Т. Иссык
Іскерлік әкімшілігі докторы , 
Құқықтық тәуекел бойынша маман ( LLM) 
Қазақстанға инвестицияға жолды жекешелендіру ашты, дегенмен 
кәсіпорындардың көптеген жаңа иелерінің қызметі саланың дамуы мен жаңа 
өндіріс орындарын құру емес, шұғыл түрдегі нәтижелерге бағытталды. Бұған 
қоса, көптеген салаларда отандық және әлемдік нарықтарда кәсіпорындардың 
бәсекелестік жағдайын сақтап қалу мүмкін болмады.
Сонда да «Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінен бірінші болып нарықтық 
экономикасы бар ел мәртебесін алды. Дүниежүзілік Банк Қазақстанды шетелдік 
инвестиция үшін анағұрлым тартымды әлемнің жиырма елінің тізіміне қосты..
Қазақстанның аймақтағы инвестиция үшін анағұрлым қолайлы ел екені туралы 
келесі мәліметтерде көрсетілген. Қазақстандық экономикаға тартылған тікелей 
шетелдік инвестиция көлемі 50 миллиардтан аса долларды құрады. Орталық 
Азияға келіп түскен барлық тікелей шетелдік инвестициялардың 80 пайыздан 
астамы Қазақстанның үлесіне тиеді. Біздің еліміздің экономикасына әлемнің 60 
елі өздерінің қаражатын салды. Жақын арадағы 10 жылда мұнай, газ және 
еліміздің басқа қазба байлығының ірі кен орындарын ашу Қазақстанға тағыда 30 
миллиард доллар тартуға тиіс, ішкі инвестициялар қазірде 20 миллиардтан кем 
емес. Ұлыбритания қазір Қазақстанның экономикасына құйылған тікелей 
шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынды 
иеленген. Сонымен қатар, Қазақстан қазіргі таңда Орталық Азия мен ТМД-ның 
бірнеше елдеріне ірі қаражат құятын ірі аймақтық инвесторға айналды. Соңғы 
жылдар ішінде біздің еліміз Қазақстаннан тысқары 18 миллиард долларды 
экспорттады».
1
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2004 жылғы (Қазақстан 
Републикасы Президентінің 2005 жылы 6 мамырдағы № 1571 Жарлығымен 
бекітілген) жылдық есебіне сүйенсек, «2004 жылы мемлекетке қорлардың келуі 
ағымдағы операциялардан бөлек, тікелей шетел инвестициялары (ШТИ), 
сонымен қатар, халықаралық капитал нарығында тартылған қарыз қорлары
түрінде де көлемді шетел капиталын тартумен де қамтамасыз етілді. Сонда 2004 
жылы тартылған қаржыландыру көлемі тікелей инвестициялау операциялары 
бойынша тарихи өте зор деңгейге қол жеткізді. Біршама деңгейде бұл 
қорытындылар әлемдік мұнай нарығы ағымдарымен анықталды. Қазақстанға 
ШТИ жалпы кірісі 2004 жылы 8,4 млрд. аса долларды құрады. Мұнай-газ 
саласындағы инвестициялар ШТИ жалпы кірісті салалар бойынша бөлуге 
анықтаушы ықпал етті. ШТИ негізгі бөлігі мұнай мен табиғи газ өндірісіне 
(ШТИ жалпы кірісінің 63 %), геологиялық және зерттеу қызметіне (20%) келді. 
Мұнай мен газ өндірсіне ШТИ көп бөлігі 2003 жылмен салыстырғанда 17 % 
артқан.
16 


2004 
жылы мемлекеттік емес сала арқылы тартылған несие мен қарыздың 
нетто-кірісі 4,3 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік емес cектордың сыртқы 
қарызының көлемінің өсуіне негізгі үлесті республиканың банк секторы қосты. 
Жоғарғы ішкі сұраныс және халықаралық капитал нарығындағы қарыз 
қорларының айтарлықтай төмен бағасы шетел капиталының ауқымды көлемінің 
тартылуын ынталандырды. Қазақстандық қарызгерлер үшін шетелдік 
капиталдың бағасының төмендеуіне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің 
жоғары бағасы себепші болды. Инвестициялық категорияларға қатысты 
рейтингтер тұтас алғанда республикада ірі халықаралық рейтинг агенттіктері 
бергені сияқты, сонымен қатар жетекші қазақстандық банктерге де берілді.
2004 
жылы екінші деңгейлі банктер 6,3 млрд. доллар қарыз алды, соңында банк 
секторының сыртқы қарызы бір жыл ішінде 3,2 млрд. аса долларға өсті. Банктік 
емес сектордың аффилирденген кредиторлардың алдындағы қарызы 1,0 млрд. 
долларға өсті, бұл республиканың кәсіпорындары ұзақ мерзімді несиені 
өндіруінің көлемінің 1,4 есе артқанымен байланысты. Тұтас алғанда 2004 жылы 
Қазақстанның сыртқы жалпы қарызы 9 млрд. долларға жетті және жылдың 
соңына қарай 31,9 млрд. доллардан асты». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет