ақпарат тарату тәртібі құнды қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесін жүргізу
жөніндегі шартта белгіленеді.
Дивидендтерге құқылы
Заңға сәйкес, акционер қоғам берешегінің жиналып
қалу мерзіміне қарамастан,
алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.
Заңның 22-бабында
қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті
арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің қызметіне ақы қоғам есебінен төленеді деп
көрсетіледі.
Заңның 24-бабында дәрежесі биік акциялардың акционер-меншік
иесі жай акция
акционер-меншік иесі алдында алдын-ала анықталып қойған кепілді көлемде қоғамның
жарғысы белгілеген дивидендт алуға және Заңда көрсетілгендей,
қоғам таратылғанда
мүліктің бір бөлігіне ерекше құқығы болады.
Заңның 22-бабында дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген
жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе
оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта
қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.
Осының
бәріне қарамастан, акционерлік қоғамдарды бақылаудың нәтижелі жүйесі
болмағандықтан, олардың көбінде дивидендтер төлеу жағынан төлем қабілеті болмайды,
оның ішінде дәрежесі биік акциялар бойынша. Осыған байланысты, миноритарлық
акционерлердің құқығы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: