Кіріспе.
Корпоративті басқару саласындағы реформалар: жоспардан іс-
әрекетке көшу
CIPE
Корпоративті басқару объективтік, есепберушілік, жауапкершілік және
жариялылық сияқты демократиялық принциптердің негізі болып табылады. Ол
коммерциялық қызметтің қалыптасқан нормаларын ұстануды қамтамасыз етеді,
осылайша, демократиялық басшылықтың заңдылығы мен принциптерінің
нығаюын қамтамасыз етеді. Ұжымдық басқару сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күшті құрал болғандықтан, жеке меншіктің құқықтары мен қоғамдық мүдделерді
нақты ажыратуға мүмкіндік береді, екі салада асыра пайдаланушылықтың алдын
алады.
Ұжымдық басқару әдетте, жеке сектордың дамуымен байланыстырылады.
Алайда, сонымен қатар бұл мемлекеттік басқару институттарын күшейтуге
мүмкіндік беретін демократияның маңызды даму құралы.
Біріншіден, бизнес пен мемлекет арасындағы қатынастар реформаның
шешуші кілті, өйткені ұжымдық басқару формалды емес, туысқандық, бармақ
басты, көз қысты жасырын келіссөздердің алдын алады.
Екіншіден, ұжымдық басқару мемлекеттік кәсіпорындарда қолданылса,
қоғамдық ресурстарды ұқыпты түрде пайдалануға, сонымен қатар басқару
шешімдерін саяси емес, экономикалық мақсатта қабылдауға мәжбүрлейді.
Үшіншіден, ұжымдық басқару парақорлыққа тосқауыл қойып, сыбайлас
жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді.
Оған қоса, ұжымдық басқару өзін өтпелі кезеңдегі маңызды реформаларда
сыбайлас жемқорлықпен күресудің сәтті құралы ретінде көрсете білді, әсіресе
бұл жекешелендіруге қатысты, өйткені мемлекеттік меншікті жеке тұлғаларға
беріп, кейін жеке иелік ету құқығын беру айқын жағдайға көз жеткізуге
мүмкіндік берді.
Ақырында, ұжымдық басқарудың реформасы демократиялық негізде,
әсіресе институционалды деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл аспект осы тарауда
кеңінен сипатталған, мұнда халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының (CIPE)
әртүрлі елдердегі бірлесіп басқару реформасы бойынша жұмысы туралы
айтылады.
Жалпы жоспар бойынша, ұжымдық басқару жүйесінің жеткілікті түрде
дамымауы инвестиция тартуға қабілетсіздікті, банкротқа ұшырауға, құқықтың
бұзылуы және әлемнің түрлі елдері бетпе-бет келетін басқа да экономикалық
дамудың қиындықтарына әкеп соғады. Осыған байланысты көптеген
мемлекеттер ұжымдық басқарудың дамыған жүйесі жалпы экономикалық
ахуалдың қажетті шарты болып табылатынын мойындайды. Компаниялар
ұжымдық басқаруды бәсекелестік күресте оларға басымдылықты қамтамасыз
етуге қабілетті фактор ретінде қарастыра бастауда.
Дегенмен мәселенің қиындығы корпоративтік басқаруға деген
теоретиялық қызығушылықты тәжірибе жүзінде басқару әдісін жақсартуға
қабілетті болатындай өзгертуде болып тұр.
9
|