Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Корпоративті басқару кімге тиімді?



Pdf көрінісі
бет6/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Корпоративті басқару кімге тиімді?
Басқарудың дамыған жүйесі бар компания тек корпоративтік инвесторлар 
мен кредиторларға ғана емес, сонымен қатар, өзінің қызметкерлеріне, 
клиенттеріне және тұтас алғанда қоғамға пайда әкеледі. Корпоративтік 
басқарудың дамыған жүйесі ішкі және шетелдік инвестициялардың келуіне 
ықпал ететін мықты экономикалық ахуалдың пайда болуына жаңа жұмыс 
орындарын құруға және еліміздің тұрғындарының әл-ауқаты деңгейін көтеруге 
мүмкіндік береді.
 
Компаниялар  
Басқарудың қалыптасқан жүйесі өнімділікті арттырады. Өздерінің 
тәжірибелеріне тиімді басқарудың принциптерін енгізген компаниялар несие 
бойынша пайыздардың төмендеуіне және көптеген жағдайларда ұзақ мерзімді 
артықшылығы бар инвесторлық базаның кеңеюіне сенімді бола алады.
Басқарудың сапасы жалпы стратегияны құру, бірігу мен қосып алу туралы 
ойланып істелген, экономикалық негізделген шешімдерді қабылдау, еңбек 
ақыны жұмыс сапасына сәйкестендіре алатын салаларда ғана артады. Осылай 
басқарудың маңызды салдарларының бірі – компаниялардың сот тәуекелдерін 
қосқанда, әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қарсы тұру қабілеті. Бұдан 
басқа, компанияның жауапты және адал жұмысы кредиторлар, қызметкерлер, 
клиенттер, жеткізушілер және жергілікті қоғамды қоса алғанда, мүдделі 
тұлғалармен жемісті әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық жүргізуге көмектеседі.
 
Инвесторлар
Инвесторлар тиімді басқару жүйесі бар компаниялар оларға көп пайда 
түсіретінін біледі және осындай мүмкіндік үшін көбірек төлеуге де даяр. Бұған 
қоса, инвесторлар осындай компаниялардың сенімділігін жоғары бағалайды, 
өйткені мұның өзі олардың ақшалары, жауапсыз, селқос менеджерлер немесе 
олардың отбасы мүшелерінің талауына түспейді дегенді білдіреді. Басқарудың 
тиімді жүйесі басшылық қабылдаған шешімдерге ықпал ету және негізгі 
операцияларды өткізу құқығын, сонымен қатар, өздері құйған қаржының 
қолданылуы туралы ақпаратты алу құқығын, әсіресе инвесторлардың, 
миноритарлық құқығын қорғайды. Капитал нарығына тиімділік пен сенімділікті 
арттыра отырып, мұндай басқару инвесторларға қажет болған жағдайда оңай 
әртараптандыру мен оларды сатуға мүмкіндік бере отырып, активтердің 
анағұрлым жоғары өтімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, банкроттықтың 
қалыптасқан түрі кредиторларды қорғап және акционерлердің жауапкершілігін 
шектейді.
 
 
 
10 


Акционерлер және қоғам
Басқарудың тиімді жүйесі компаниядан қызметкерлер, клиенттер, 
жабдықтаушылар және қоғам алдында өзі қабылдаған міндеттерді орындауын 
талап етеді. Тұрғындардың бұл топтары осындай компаниямен өздерінің қарым-
қатынасында адалдығымен, сапасымен және сенімділігімен ұтады. Қоғам 
тұтастай алғанда ұтады, себебі мұндай компания жұмыс орындарын құрады, 
мемлекеттің 
экономикасына 
деген 
сенімді 
қалыптастырады 
және 
ысырапшылдыққа кедергі келтіреді. Бұған қоса, жариялылық жағдайы
жемқорлықты азайтады, өйткені егер компанияда қатаң есеп жүргізілсе, ал оның 
жетекшілері бизнес-этиканың принциптеріне сай әрекет етсе, пара алу 
фактілерін жасыру қиынға соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет