акционерлердің жалпы жиналысын ашу кезінде директорлар кеңесі оларға күн
тәртібін өзгерту бойынша ұсыныстары жайлы баяндауға міндетті. Күн тәртібіне
өзгертулер мен (не)
толықтырулар, егер соларды енгізу үшін акционерлердің
жалпы жиналысына қатысып отырған және жиынтығында қоғамның дауыс
беруші акцияларының тоқсан пайыздан артық
бөлігін иеленіп отырған
акционерлердің (не солардың өкілдерінің) басым бөлігі дауыс берген болса,
енгізіліп отыруы мүмкін. Күн тәртібі егер өзін енгізу үшін жайғастырылған
артықшылыққа ие акциялардың (сатып алынғандарын санамағанда) жалпы
санының кем дегенде үштен екі бөлігі дауыс берген болса, өзі бойынша шешім
қабылдау артықшылыққа ие акцияларды иеленуші акционерлердің құқықтарын
шектеуі мүмкін мәселемен толықтырылуы мүмкін. Акционерлердің жалпы
жиналысы шешімді сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған жағдайда
акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертіп және (не)
толықтыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: