Акционерлерге сырттай дауыс беру бюллетеньдері жіберілген жағдайда осы
аталмыш бюллетеньдермен ұсынылған
дауыстар жалпы жиналысқа
қатысушылардың тіркеу сәтіне қарсы кворумды белгілеу мен дауыс берудің
қорытындыларын жасау кезінде есепке алынып отырады.
Қоғам сатып алған жайғастырылған акциялар
акционерлердің жалпы
жиналысының кворумын белгілеу кезінде есепке алынбайды және сонда дауыс
беруге қатыспайды (Заңның 27-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшалары, 2-
тармағы, 28-баптың 2-тармағы).
7.
Жалпы жиналыстың ашылуы.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған
уақытта ашылады. Акционерлердің жалпы жиналысын, акционерлер (солардың
өкілдері) түгелдей тіркеліп, хабардар етіліп және олар жиналысты ашу уақытын
өзгертуге қарсылық білдірмеген
жағдайды санамағанда, жарияланған уақыттан
бұрын ашуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: