Лабораториялық жұмыс Тақырыбы: Пегматитті кенорындары 1 Жұмыстың мақсаты



бет1/2
Дата13.02.2022
өлшемі28.95 Kb.
#455316
түріОқулық
  1   2
Пегматитті кенорындар


Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Пегматитті кенорындары

1 Жұмыстың мақсаты

Теориялық білімдерді нығайту, пегматиттік кенорындары құрлымдарымен, рудалары .лгілерінің оқулық жинақтарымен және пегматитті кенорындарының минералдық құрамдарымен таныса отырып жаралуы жағдайларын анықтау жөнінде практикалық түрде машықтану.



2 Негізгі теориялық жағдайлар

Пегматиттер минералдық құрамдары, морфологиялары, құрлымдарымен генезистері жағынан ерекшк бір орынмалатын түзілімдер. Пегматиттер екі түрге бөлінеді – магматогенді және метаморфогенді.

Пегматиттердің жаралуы температурасы 700-200 С аралығында және үлкен қысымдық жағдайда. Ал жаралуы тереңдіктеріне келсек 1,5-2км ден 16-20км дейін.

Көне, кембрийге дейінге платформалық метаморфталған қат-қабаттарында және фанерозойлық қатпарлыры облысында пегматиттер көп тараған. Олардың жастарына келсек архейден бастап әлпіге шейін.

Пегматитті кенорындар көбінесе жекелеген желілер түрінде емес, керісінше пегматитті өрістермен белдемдер ретінде кездестіріледі. Оларды ондаған, жүздеген, мыңдаған сандағы пегматит желілері құрайды.

Пегматит денелері қарапайым және күрделі пішіндерде кездеседі. Морфологиялық жағынан қарастырсақ пегматитті денелер әртүрлі желілер, тақтатәрізді, құбыртәрізді яғни бұрыс пішінді. Өлшемдерiне келсек олар бiрнеше метрлерден бастап оншақты және жүздеген метрлерге барып қалад . Сирек түрде бастапқы километрмен де өлшенетін денелер кездестiрiледi.

Пегматит денелері өздерін жаратушы интрузиялар арасында да және қоршаған, кiрiктiрушi тау жыныстар араларында орын ала береді. Сирек элементтердің және ұшқыш элементтер қоспалары бар минералдар кеңінен тараған, iрiкристалды және блокты құрылымдар, жазба (графикалық) құрылымдар кездесуі, денелерi iшкi құрылысы белдемдi болып келуi пегматит кенорындарына тән құбылыстар. Пегматиттер минералдық құрамы жағынан, өздерін тудырушы / кенiстiкте орын алуы мен генетикалық байланыста болып келетiн / интрузиялық таужыныстармен ұқсастық көрсетедi. Бiрақта пегматит құраушы минералдар ipi кристалды құрылымды болып келедi және пегматиттерде сирек элементтердің және ұшқыш элементтер қоспалары бар минералдар орын алады.

Ең көп кең тараған және жақсы зерттелінген граниттi пегматиттер, сирек түрде сілтілі, өте сирек негiздi және асанегiздi пегматиттер кездеседі.

А.Е. Ферсман гранитті пегматиттерді екі классқа бөледі: 1) таза жолды пегматиттер 2 ) қиылысқан жолды пегматиттер. Екiншiлерi тағыда араласкан / гибридтi / және десиликаттанған деп бөлiнедi .

Таза жолды гранитті пегматиттер граниттер яғни құрамымен соған ұқсас таужыныстар арасында орын алады . Осындай пегматиттер дала шпаттары (микроклин, ортоклаз, альбит, олигоклаз), кварц және слюда (биотит мусковит ) минералдарынан құралады, және сподумен, берилл, топаз турмалин, флюорит, лепидолит, сирек және сирек жерлi элементтердiң минералдары (колумбит, танталит, ортит, монацит, пирохлор т.б) кездеседі.

Қышқыл құрамды пегматитті балқыма негiздi, асанегiздi және карбонатты таужыныстарға енiп қалыптасқан жағдайларда қиылыспа жолды пегматиттер пайда болады. Сонда пегматитті балкымамен қоршаған таужыныстары арасында химиялық реакциялар дамып пегматит балқымасына кальций мен магний кiредi, ал калий, кремнезем және ұшқыш элементтер шығады. Пегматиттерде глинозем пайда болады. Араласпа (гибридтi ) пегматитте, балқытып қосып алған қоршаған таужыныстардың құрамдарына байланысты, өз құрамын да өзгертеді. Сондай - ақ олардың құрамдарында андалузит, кианит, силлимонит пироксен, роговая обманка сияқты минералдар пайда болады. Асанегiздi және карбонатты таужыныстар арасында пайда болған пегматиттер кремнезем қоспасын өте көп мөлшерде жоғалтады да көптеген жағдайларда плагиоклазиттерге айналады.

Құрамы және ішкі құрылымы жағынан гранитті пегматиттер жай (қарапайым) және күрделi (дифференциаланған (жiктелiнген) деп бөлiнедi. Жай яғни қарапайым (жіктелінбеген) граниттi пегматиттердің құрылымдары біркелкі болып келеді де кварц пен далашпаттардан құралады. Күрделі (жіктелiнгендер) жане метасоматиттi өзгерiлген пегматиттердің құрамдары әркелкі болады да пегматит денелерi белдемдiлiк көрсетеді .

Гранитті пегматиттерде келесідей белдемдер кездеседі :


  1. сырткы аплиттi белдемi

  2. жазба граниттi белдемi

  3. пегматиттi белдемi

  4. өзекті жерлерінде кварцты ядросы

Қиылыспа жолды десиликаттанған пегматиттерде келесідей белдемдiлiк байқалады: пегматиттi желiсi плагиоклазиттерден құралып зальбандыларында слюдалы қыртыстары (биотит флогопитті слюдалар және изумрудтар) пайда болады .

Сiлтiлi пегматиттерге келсек олардың құрамында калийлі далашпаттары (микроклин, ортоклаз), нефелин, эгирин, және сфен, циркон, титанмагнетит, сульфидтер (пирротин, пентландит, халькопирит), орын алады.

Пегматиттердiң генезисі жөнінде пікір таластар тоқталмаған.

А.Е. Ферсманның (1932) көзқарасы бойынша пегматиттер жабық түрдегі физика - химиялық жағдайларда ұшқыш элементтерге (минерализатор деп түсiну керек) байыған магма балқымасынан жаралады.

А.Н. Заварицкий (1947ж ), Никитин В.Д. ж.б. бойынша пегматиттер ашық түрдегі физика- химиялық жағдайдағы жүйеде газды гидротермалды epiтiндiлердiң әсерiнен таужыныстардын (граниттер, аплиттер сияқты) метасоматозбен қайта кристалдануынан пайда болады.

Р.Джонс , Ф.Хесс , В.А. Николаев ж.б. пегматиттер екі этапта пайда болған дейдi- магмалы және метасоматиттi. Бiрiншi этапында қалдық магма балқымасынан жабық физика - химиялық жағдайдағы жүйесiнде жәй пегматиттер жаралады . Екiншi этапында метасоматиттік өзгерістер пайда болады .

Г.Рамберг, Ю.м. Соколов ж.б. пегматиттер жаралуында метаморфогендi гипотезаны ұсынған . Сондай - ақ олар таужыныстардың метаморфогендi өзгеруінен пегматиттер пайда болады дейдi .

Пегматитті кенорындарында келесідей рудалы формациялар кездеседi :



  1. сирекжерлi элементтердiң пегматиттер формациясы;

  2. сирекметалды пегматиттер формациясы;

  3. слюдатегті және қыш пегматиттер формациясы;

  4. хрустальтеттi пегматиттер формациясы.

Таза жолды граниттi пегматиттердiң өнеркәсіптік маңыздары өте зор. Олармен мусковит, қыш шикізаттары, сирек металдар (ниобий, тантал, қалайы, литий, берилий), сирек жерлi элементтер, асыл және жартылай асыл тастар (аквамарин, тау хрусталi, аметист, топаз, турмалин), пьезокварц, оптикалық шикізаттар (флюорит) ж.б. кенорындар байланысты.

Асанегiздi таужыныстардағы десиликаттанған пегматиттерде корунд (Оралдағы Борзовское кенорны), изумруд (Оралда Баженов кенорны) кенорындары кездеседi.

Сiлтiлi нефелиндi пегматиттермен далашпаттары, нефелин және сирек жерлi пегматиттердiң кенорындары байланысты.

Пегматиттi кенорындары кеп тараған . Олар: Орал, Украина, Кольск түбегінде, Қазақстанда, Карелияда, Шығыс Сiбiрде, Канада, АҚШ, Бразилия, Африка, Австралия, Индия, Норвегия, ж.б. жерлерде мәлiм.

Бақылау сұрақтары


  1. Пегматиттер қалыптасуында қандай гипотезалар бар?

  2. Таза жолды пегматиттері және қиылыспа жолды пегматиттері дегеніміз не?

  3. Пегматиттерге қандай құрлымдар мен бітімдер тән?

  4. Қарапайым (дифференцияланбаған) және күрделі (дифференцияланған) гранитті пегматиттер дегеніміз не?

  5. Күрделі (дифференцияланған) гранитті пегматиттердің құрлымдық белдемділігіқандай болып келеді?

  6. Араласқан және десиликатталған пегматиттердің айырмашылығы неде?

  7. Гранитті пегматиттермен қандай пайдалы қазбалар байланысты?

  8. Десиликаттанған пегматиттермен қанадай пайдалы қазбалар байланысты?

  9. Пегматитті кенорындардың өнеркәсіптік маңызы қандай?

Әдебиеттер

  1. Вахромеев С.А. Месторождение полезных ископаемых.-М.:Недра,1979.

  2. Курс месторождений твердых полезных ископаемых. Татаринова П.М және А.Е.Карякина. - Л.:Недро, 1975.

  3. Минералогия и генезисы пегматитов. – М.: Недро, 1965.

  4. Романович И.Ф Месторождение неметаллических полезных ископаемих. – М.: Недро, 1986.

  5. Смирнов В.И Месторождение полезных ископаемых.-М.:Недра,1989.

Пегматитті кенорындардың үлгiлерiнiң каталогы

1 Гранитті пегматиттер

1.1 Таза жолды пегматиттерi

2/1 Пегматоидты амазониттi гранит (калийлі дала шпаты, плагиоклаз, кварц, биотит).

2/2 Аплит, жарықтарында темiрдiң гидрототықтары.

2/3 Гранит - пегматит графикалық құрлымды.

2/4 Гранит - пегматит графикалық құрлымды.

2/5 Гранит - пегматит жазба құрлымды.

2/6 Гранит - пегматит графикалық құрлымды.

2/7 Гранит - пегматит графикалық құрлымды.

2/8 Гранит - пегматит графикалық құрлымды гранатпен.

2/9 Гранит - пегматит графикалық құрлымды.

2/10 Гранит - пегматит графикалық құрлымды (альбит, калийлі дала шпаты, кварц, мусковит, гранат).

2/11 Турмалин қоспасы бар кварц - мусковит - далашпатты пегматит.

2/12 Кварц - пегматит - далашпатты пегматит.

2/13 Биотит қоспасы бар гранит - пегматит графикалық, құрлымды.

2/14 Биотит және гранат қоспасы бар граниттi пегматит.

2/15 Пегматоидті гранит (калийлі дала шпаты, плагиоклаз, кварц).

2/16 Гранит - пегматит жазба құрлымды.

2/17 Пегматитте микроклин кристалы (мусковит қабыршақтары бар).

2/18 Кварц және мусковит қоспалары бар калийлі дала шпаты.

2/19 Гранитті пегматит (калийлі дала шпаты, альбит, кварц мусковит, турмалин) кварц - слюдалы қабыршағымен темiр гидрототықтарымен.

2/20 Гранитті пегматит (калийлі дала шпаты, альбит, кварц, мусковит, турмалин) кварц - слюдалы қабыршағымен темiр гидрототықтарымен.

2/21 Гранитті пегматит турмалин және темiр гидрототықтарымен.

2/22 Турмалин және кварц желiлерi бар гранитті пегматит.

2/23 Мусковит және турмалинi бар гранитті пегматит.

2/24 Мусковит және iрi кристалды турмалин кездесетін гранитті пегматит.

2/25 Мусковит қоспалары бар кварц - альбитті метасоматит.

2/26 Мусковит қоспалары бар кварц - альбитті метасоматит.

2/27 Жильбертит қоспалары бар гранитті пегматит.

2/28 Калий дала шпаттарының iрi кристалдары орныққан кварц.

2/29 Морион мен мусковиттiң бiрiгiп орналасуы.

2/30 Сирек түрде жасыл турмалин қоспалары бар граниттi пегматит.

2/31 Мусковит қоспалары бар гранитті пегматит.

2/32 Граниттi пегматит.

2/33 Пегматитте ақшыл – сұр кварц.

2/34 Гранитті пегматит.

2/35 Биотит, турмалин және титаномагнетит қоспалары бар граниттi пегматит.

2/36 Ильменорутил коспасы бар iрiкристалды калийлі дала шпаты.

2/37 Мусковит және вольфрамит қосындысы бар гранитті пегматит.

2/38 Темiр және марганец гидрототықтары бар кварц - альбитті метасоматит.

2/39 Мусковит қоспалары бар кварц - альбитті метасоматит.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет